400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттерді математика пәнінен ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындауға баулу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні оқытушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Студенттерді математика пәнінен ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындауға баулу.




Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің алдында тұратын екі мәселе бар. Ол:

1) өзекті, әрі қызықты тақырыпты таңдау;

2) таңдалған тақырыппен үлкен қызығушылықпен айналыса алатын студент таңдау.

Бұл мәселелердің екіншісі оқытушы үшін аса қиындық туғыза қоймасы анық. Көп жағдайда математика сабағынан үлгерімі өте жақсы және баяндаманы өте жақсы жасайтын студент алынады.

Ал, бірінші мәселеге келетін болсақ, алдымен студенттің ғылыми-ізденіс жұмыстары қандай мақсатты көздейді? Соны анықтап алайық. Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты ғылым саласында бұрын-соңды болмаған жаңалық ашу емес, студенттерді оқытушының қолдауымен, бағыт-бағдарымен белгілі бір тақырып аясында талдау мен сараптау жұмыстарын жасауға баулу. Егер таңдалған тақырып өте көлемді, жалпылама болса, студенттің жас ерекшелігіне сай болмаса, онда студенттің барлық ақпаратты толық игеріп, жақсы нәтижеге қол жеткізуі екіталай. Математика ғылымының ерекшелігін пайдалана отырып, тіптен оқулықтағы берілген бір есептің төңірегінде көлемді ізденіс жұмыстарын атқаруға болады. Мәселен «квадраттар теңдеулер» деген көлемді тақырыпты алатын болсақ: квадрат теңдеудегі белгісіздің алдында тұрған коэффициенттеріне белгілі бір шарттар қойып, осы шарттарға байланысты теңдеуді шешудің және әдістерін қарастыруға болады. Мұндай жекелеген мәселелерді көптеп табуға болады. Ал геометрия пәнің алсақ: «үшбұрыштар» тақырыбынан осы үшбұрыштың элементтерінің бірін алып, мәселен медианасы, соған байланысты қызықты жоба жасауға болады. Әрине, бұл тақырыптардың терең зерттелуі және жақсы нәтижелердің алынуы студенттің білім деңгейі мен тәжірибесіне тікелей байланысты.

Сонымен қатар мектепке арналған әр түрлі оқулықтар мен интернет желісінде берілген ақпараттарға сүйене отырып та, қызықты ғылыми жобаларды жасауға болады. Бұл жерде авторлық құқық мәселесін ұмытпаған жөн. Сондықтан белгілі бір дерек көздерден алынған ақпараттарға сілтеме жасап отыру қажет. Ал, қажетті деректер іздеуді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізетініміз белгілі. Әрине бұл жерде ағылшын тіліндегі ақпараттар көлемі басқа тілдермен салыстырғанда әлдеқайда көп екені белгілі. Сондықтан ағылшын тіліндегі ақпараттарды алып, аударма жасап, өңдеуден өткізсе, онда студент үшін белгілі бір деңгейде толыққанды ізденіс жұмыстары жүргізілді деп айтуға болады.

Ғылыми-ізденіс жұмыстары оқушыға не береді? деген сұраққа тоқталсақ. Мұндай жұмыстардың маңыздылығы жоғары екендігі сөзсіз. Бір ғана тақырып, әдіс немесе есеп айналасында ақпараттарды жинау, өңдеу және алынған нәтижелерді рәсімдеп, оны баяндама түрінде ұсыну студенттің математикадан білім өрісін кеңейтіп ғана қоймай, оған ғылымның «дәмін» татуға мүмкіндік береді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сондықтан жасалған жобаның реферативті түрде болуы да құпталады. Өйткені, бұл оқушы – жас ғалымның алғашқы қадамдары. Демек, бұл ғылыми-ізденіс жұмыстарына «жоғары ғылымға» қойылатын талаптарды қою жөнсіз болар еді.

Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын бұл студенттің болашақта жасайтын ізденіс жұмыстарына дайындық жасауы деп түсінген абзал. Сонда да кейбір балалар әжептәуір салмақты нәтижелер алып жатады.

Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.

Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі