400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытудағы педагогтің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытудағы педагогтің рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытудағы педагогтің рөлі


Қазіргі білім беру жүйесінде студенттің білім алуы ғана емес, олардың тұлғалық қасиеттерінің дамуы да маңызды. Сол тұлғалық дамудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – эмоционалдық интеллект. Эмоционалдық интеллект дегеніміз – студент өзінің эмоциясын түсінуі, оны басқара алуы және өзге адамдардың эмоцияларын сезіне білуі, дұрыс қарым-қатынас орната алу қабілеті. Студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытуда педагогтің рөлі ерекше.

Педагог – білім бере отырып, студенттің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етететін маңызды тұлға. Олардың эмоциялық жағдайын түсініп, өз сезімдерін дұрыс білдіріп, эмоцияларын басқара алуға үйретеді. Әр сабақ басында барлық педагог психологиялық ахуал қалыптастырудан бастайды. Өйткені студент сабақ басталмай тұрып өзін еркін сезінуін, ойын ашық айта алуын, өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орнатуына педагог мүмкіндік береді.

Педагог студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытуда бірнеше бағытта ықпал ете алады. Олар:

  • Сабақ барысында педагогикалық тиімді әдістерді қолдану. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы, пікірталас, кері байланыста студенттердің бір-бірін түсінуіне, эмпатия қабілеттерінің дамуына және өз эмоцияларын саналы түрде басқара алуына ықпал етеді. Осы әрекеттер олардың әлеуметтенуіне, ортада қалыптасуына және болашақта маман ретінде қарым-қатынас жасауына да көмектеседі.

  • Педагог өз іс-әрекеті арқылы үлгі көрсету. Өз эмоцияларын мәдениетті түрде көрсета алуы, сабырлы болуы, студенттермен сыйластықта қарым-қатынас жасау арқылы мәдениеттін көрсету. Оны үнемі сабақ барысында байқаған студенттер осы мінез-құлықты өз тәжірибесінде қолданып, өзінің бойларына сіңіріп отырады.

  • Педагогтың қиын жағдайларда студентке қолдау көрсетуі. Студент әрекеттеріне әділ баға беріп, стресстік жағдайларда эмоционалдық қолдау көрсетіп, оларды өз эмоцияларын басқара алуына үйретеді.

Қорытындылай келе, студенттердің эмоционалдық интеллектісі қоғамда табысты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Оған педагогтың жетекші рөлі өте маңызды. Сондықтан білім беру үдерісінде студенттердің эмоционалдық интеллектісін дамытуға бағытталған педагогикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 маусым
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі