Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Студенттерге рухани-адемгершілік тәрбие беру.
Материал туралы қысқаша түсінік
балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпал арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл-ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
16 Ақпан 2018
487
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Студенттерге рухани-адемгершілік тәрбие беру. Тәрбиелеу – балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпал арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез сапаларына ие болады, мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл-ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды. Бала тәрбиелеу – зор, елеулі, сонымен қоса қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұдан да қиынырақ іс. Жаңа кездегі білім берудің өзекті мәселесі жасөспірімдерге адамгершілік ─ рухани тәрбие беру болып табылады. Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, рухани дүниесі бай адамдарды қалыптастыру, басталуы керек. адамгершілік сияқты қасиеттерді шыр етіп дүниеге келген кезінен дарытып, отбасынан бастау керек. Жасөспірімдердің іс-әрекеті, мінездері, яғни адамгершілігі өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Яғни, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеуді күнделікті өмірде ойната және оқыта отырып, жүзеге асырамыз. Балаларды дұрыс тәрбиелеу тәрбиешінің балалармен жақсы қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен байқалады. Мұндай мақсатқа бағытталған жұмыс еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруды және өз қолымен жасай алуды соған қуана білуді дамытуға үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді. Тиімді ұйымдастырылған оқу-тәрбие жағдайлары бала тұлғасының дамуына ықпал жасап, белсенділігін бірте-бірте қалыптастырады. Әр балаға қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана─сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар─ожданы мол, еңбектенуден шаршамайтын, бойында жақсы қасиеттері көп қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, ол адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасымен сипатталады да, олар адамдарды сыйлауға, құрметтеуге, қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек қана жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелесе ұстаздың да ата-ананың да еңбегінің ақталғаны. Баланың рухани жетілуі үшін, , оған рухани саналықты меңгерту қажет. Баланың рухани санасы – өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты сезінуі. Дәстүрлі құндылықтарымызға сай, жастар мен балалардың, рухани дүние танымын қалыптастыру қажет. Жас ұрпақтың өмірде дұрыс жол таңдап, адами құндылықтарға жат ақпараттарды ажырата білуіне үйрету. Әрбір жасаған жақсылығың жүрегіңді қуанышқа бөлеп, өміріңді ұзартады, жамандық жүйкенді тоздырып, күйзелтеді. Рух күшті болу үшін бір-бірімізге жақсылық жасауда биік адамгершілік қасиет керек. Жасөспірімдерді рухани тазалыққа тәрбиелеу үшін, ең алдымен: ой-сана, сөз, іс, таза қылықты қолға алу керек. Ой-сана тазалығының бірінші көрсеткіші – тіл тазалығы, сонымен қатар ол рухани білім мен тәжірибені күнделікті жетілдіріп, баланы қоғамдық өмірде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретіп, сөзіне, ісіне жоғары деңгейде қарауға үйретуіміз керек. Кез-келген мәселені ақылоймен саралап, өмірлік тәжірибеге айналдырып қолдана білуді оқушы өзінің ой-санасымен шешуі қажет.Бабаларымыз «ақылмен мыңды жығарсың» деп айтқан, баланы сондай ақылдылық үйретуіміз керек. Әрі іс-әрекеті де сол жағдайға сай, пайымды, әрі саналы болуы тиіс. Осылардың барлығы адамгершілік рухани тәрбие ұғымына саяды. Бұл тәрбиені оқушы жанұясы мен мектептен алады. Ұстаздың бала тәрбиесінде алатын үлесі зор, жоғарыда аталған қасиеттерді шәкірт бойына сіндіру біздің парызымыз. Адамгершілік – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтың құрал. Адамгершілік - рухани тәрбие─оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі-бір сипаттарын қалыптастыру. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі-бір мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекеттерін ұйымдастыру осы тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттерінің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілдігін, ілтипаттығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Бүгінгі күнде әлемдегі болып жатқан соғыстар, адамдардың арасындағы қайшылықтар, алауыздықтар баланың сана-сезіміне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда балаға жол сілтеп отыратын ақылды ұстаз қажет. Жаңа үлгідегі жаңа талаптарға сай колледж студенттеріне рухани тәрбиені әртүрлі әдістермен беруге болады. Адамды адам қылатын осы қасиеттер, адамгершілік, жанашырлық, сыйластықты оқушы қоршаған ортасына қарап үйренеді. Ал қоршаған ортаны балаға біз, педагогтар жасаймыз. Кез─келген тәрбие іс-шарасында рухани─адамгершілік құндылықтарды қосып отыруРухани тәрбие әлемдегі әр құбылыстарда көрініс табады. Сондықтан оны қалаған іс-шараға арқау етуге болады. Әрбір іс-шара студенттерде адамгершілік қасиеттерді дамытуға үлес қоса алады. Студенттерге рухани─адамгершілік құндылықтарды әртүрлі тақырыптағы кештерде беруге болады. Мысалы, әдеби кештерде студенттер өздеріне жақсы рухани тәрбие алатын шығармадан сахналық көрініс дайындату-тәрбие беру жолдарының ұтымды тәсілі.Оқу бағдарламасына арнайы сабақтар енгізу Тәрбиеші қандай да бір іс-шараны жоспарлаған кезде мына мәселелерді ескеру керек:
Өзіндік түйсігі
ұлттық түйсігі құзырлылығы
:
отбасылық түйсігі әлемдік түйсігі жалпы адам заттық түйсігі
Адамгершілік – рухани тәрбие берудің қағидалары:
- Жаттандылықтың болмауы керек.
- Уақытты молынан пайдалану керек, әрі іс-шара студентке еркіндік жағдайда, ортада өтуі қажет,себебі оның қабылдауына, еркін ойлануына ешнәрсе кедергі болмауы тиіс.
- Өмірмен байланыс. Іс-шара барысында тәрбиеші өзіне мынадай сауал қоюға тиіс: « Тәрбиенушілермен өтіп жатқан тақырыбым олардың өміріне қаншалықты жақын, мен олармен не туралы сөйлесем?»
- Тәрбиешінің бейнесі. Педагог өзі үйретіп отырған құндылықтардың өз бойында да бар екенін көрсете білуі тиіс, себебі тәрбиеленуші бірінші ретте өтілген мәселені, құндылықтарды тәрбиешінің бойынан табуға тырысады.
Өзіндік түйсігі
ұлттық түйсігі құзырлылығы
:
отбасылық түйсігі әлемдік түйсігі жалпы адам заттық түйсігі
Адамгершілік – рухани тәрбие берудің қағидалары:
- Балаға жүрегінді сыйла
- өзіңнің бала болғанды ұмытпа
- өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса
- балаға қарым – қатнасымен қуаныш сыйла
- мұғалімнің сөзі мен ісі шынайы болсын, жасанды болмасын
- балаға қарым – қатынасың қуаныш сыйласын
- бала сенімін сақтай біл
- балаға сыйлы болғын келсе, баланы өзін сыйлай біл
- баланың жан – дүниесімен санас
- баланың кемшілігін көп алдында бетіне баспа, сеніп айтқан сырын шашпа
- әр баланың ерекшелігін, жан – дүниесін ұға біл
- баланың жетістігін үнемі көрсете біл.
- Егер баламен достық қарым – қатнас жасасаң, ол адамгершілікке үйренеді
- Егер баланы қолдай білсең, ол ұстазын сыйлауды, бағалауды үйренеді
- Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады.
- Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сене біледі
- Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп тапсаң, ұстазын құрметтейді
- Егер баланы мазақ етсе, ол тұйық болады
- Егер баланы көп сынай берсе, ол жек көруге үйренеді
- Егер балаға қысым жасалса, қатыгез болады.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)