Студенттермен кездесу кеші

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Студенттермен кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттермен кездесу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Бекітемін: Мектеп директоры

Н.Б.Ибраев________________

Келісемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі

Н.Шакимардан____________






«Жарқын жастық – баянды болашақ»

студенттермен кездесу кеші







Ұйымдастырған:

Ж.К Тумарова

А.Б Жаманкөзова









2025 ж

«Жарқын жастық – баянды болашақ» атты студенттермен кездесу кешінің жүру бағдарламасы.


Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың туған елге деген сағыныш сезімін көтеру. Оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен және қазіргі таңда студент болып жүрген түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;

Кешке қатысушылар: - әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер, 8-11-сынып оқушылары, ұстаздар.

Жүру барысы:

І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан

-дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының « » атты студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
І- жүргізуші:
Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен білім ордаларының студенттері болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.

Кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:

  1. ____________________________________________________________________

  2. ____________________________________________________________________

  3. ____________________________________________________________________

  4. ____________________________________________________________________

  5. ____________________________________________________________________

  6. ____________________________________________________________________

  7. ____________________________________________________________________

  8. ____________________________________________________________________

  9. ______________________________________________________________________

  10. ______________________________________________________________________

Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,

Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.

Өнеге үлгі болған кішілерге,

Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады - деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі ______________________________________________________


І- жүргізуші:
Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет деп санаймыз, олай болса құрметті студент қонақтарымызға
«Қазіргі мамандықты таңдауда не себеп болды? Өзіңіздің арманыңыз ба әлде ата –анаңыздың қалауыма?» деген сұрақ қойғым келіп отыр. (Әркім өз ойын айтады)

І-жүргізуші: 
Алдымен, бір сәтке кейін шегініп, студенттеріміздің мектеп өміріне шолу жасасақ. Экранға назар аударайық.

/Экраннан студенттердің мектеп кезіндегі фотоларынан слайд көрсетіледі./


І - жүргізуші:

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздермен «Сыр сұхбат» ұйымдастырсақ.

Алдарыңызда тұрған корзинадан құпия парақшаларды алып, сұрақтарға жауап берсеңіздер


Жалпы сұрақ: Сіздер елден жырақ – тәуелсіз қазақ елінің бірің оңтүстік, бірің шығысында оқисыздар. Шындарыңызды айтыңыздаршы, мектептегі өмірді, ауылды сағындыңыздар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар? Жауаптарыңызға көп рахмет!

____________________________________ Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны туралы оқушыларға мәлімет беріп, өз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз.

___________________________________Темірлан,Жансая,Аружан,Анар ! Сіздер оқитын оқу орнының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіз.


Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет.


I-жүргізуші: Құрметті қрнақтар, сыр-сұхбатымызды жалғастырсақ,

Студенттік кездерден қызықты естеліктер айтып өтсеңіздер?

Болашақ жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіздер?

Атап айтсақ болашақта бітіруші түлектер қандай мамандықты таңдауға кеңес берер едіңіздер! Қазіргі қоғамда қандай мамандық ең қажет деп санайсыздар?


I-жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз. Оқушылардың ұйымдастыруымен қызықты ойындарға кезек береміз.




Келесі кезекте «Ең үздік студент» деп аталатын сайысқа қатысуға шақырамын.

Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтсем, Бұл сайысқа 5 студент қатыса алады.

І. тур. «Кім жылдам» яғни тез арада сұрақтарға жауап қату

ІІ. тур. «Жан бату» мұнда әр студент өздерінің жаңа әзілдерімен көрерменді күлдіре білу қажет.

ІІІ. тур. «Жұмбақ сыр» парақтағы жасырын сөздерді көрерменге жеткізе білу керек

*Кім жылдам * кезеңінен 1студент, *Жан бату* кезеңінен 1 студент шығады. Ал қалған 3 студенттің ішінен біреуі *Ең үздік студент *атануы керек. Ат салысқан 2 студентке марапаттауымыз бар.

І. тур.

1. Мектептегі ең жақсы баға?

2. Кітап сөзі қандай әріптен басталады?

3. Сөздердің ең түпкі мағына беретін бөлщегі

4. 1дм - де неше см бар?

5. «Ана» сөзін ағылшын тілінде айт

6. 1 жұмыртқа 5 мин - та піссе 4 жұмыртқа неше мин - та піседі?

7. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?

8. Балықтар неліктен сөйлемейді?

9. 7*5 қанша?

10. Тігуге де, бұзуға да ыңғайлы үй?


ІІ тур.*Жан бату* сайысы деп аталады. Ортаға шығып, студент шақтағы ең қызықты оқиғаңызды айтып бересіз. Бірақ, көрермендерге ерекше көңіл - күй сыйлап, жақсы бағаға ие болуыңыз керек.


ІІІ тур.*Жұмбақ сыр* деп аталады. Кішкене қағазда бір сөз жазулы. Сол сөзді көрерменге айнытпай, жұмбақ ретінде жеткізуіңіз керек. Көрермендер сіздің қимылыңыздан дұрыс жауабын табуы керек.

Сөздер: Жылан, құрбақа, ту, өшіргіш, ұлтарақ, кітап.


Бүгінгі кештің ең үздік студенті: «________________»


Еңбек етсең, ертеңгі- бақытыңа сенемін.
Масқатыңа жеткізер- уақытыңа сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріңе сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріңе сенемін.
Арың- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі бола отырып, ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестік білдіремін!

Ал, оқушыларға айтарым: Әр адам болашағы үшін өзіне тиісті мамандығын алып, еңбек етуі керек. Мамандықты мектеп қабырғасында жүріп, таңдау жасағаны әбден дұрыс. Сондықтан, оқушылар, мамандықты дұрыс таңдай білуден кеш қалмайық.

I-Жүргізуші: Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар,
Қатарыңның алды бол көшті бастар
Биіктерден әрдайым көріне бер.
Иесі болашақтың - сендер жастар!


Өмірлерің студенттік мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын!


Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас - қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына. – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жарқын күндерде кездескенше аман сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
87
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі