«Жалынды жастармен кездесу»
студенттермен кездесу кеші
2024 жыл
«Жалынды жастармен кездесу»
студенттермен кездесу кеші
1-жүргізуші: І - ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп,
сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік
күліп, универдің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып жүрген
студенттерге жалынды сәлем!
1-жүргізуші: Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиырға сермедің,- деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас қосты.
1-жүргізуші: Құрметті, мектеп түлектері,ұстаздар! «Жалынды жастармен кездесу» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
1-бөлім. «ЖАРАЙСЫҢ!»
2-жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! 2023 жылдың 26-шы Мамырында 11-сыныпқа қоштасу кешін ұйымдастырып,сәттілік тілеп,шығарып салған едік,енді міне араға алты ай салып кері кездесіп отырмыз.
1-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директоры береміз.
1-жүргізуші: Сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жазира Серікбайқызына береміз. Өзіңіздің айтар тілегіңіз болса деген ниетпен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Халқымыздың ән өнері жарқылдасын,- дей отырып, сіздерге арнаған
ӘН шашуды Қабыл алыңыздар!
9-11 сынып оқушыларынан хор.
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.
Ендігі кезекте ойынға береміз. Ойынның атты (Қалпақ,ортаға жеті студент шығады,музыка қосылады ішінде сұрақтары бар қалпақты бір бірінің басына кигізеді музыка сөнгенде қалпақ кімнің басында қалса сол кісі қалпақтың ішіндегі сұраққа жауап береді және ойыннан шығады.)
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған түндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, студенттер мықты халық екен ғой.
Дей отырып 9а-сынып окушыларыннын билерин тамашалауга шакырамын
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін - бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін - бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық - ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын - тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.
Дәл осындай көңілді күймен келесі бір қызықты ойынымызға кезек береміз.Ортаға сегіз студентті шақырамыз.Тик токта хит болған бір әріп айтам сіздер содан басталатын әнді айтасыздар.
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!
Келесі кезекті 9б сынып кыздарына беремін.
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір – Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия – Тар жол тайғақ кешу.
Сессиядан кейін – Дауылдан кейін.
Степендия – Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент – Жаяу Мұса.
Свидание – Кешікпей келем деп ең.
Лекция – Қалғып - мүлгу.
Семинар – Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау – Қыл көпір.
Ендігі кезекте ойынға береміз. Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әртоп өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен.
Студенттерге қойылатын терминдер:
1. Лекция, сессия
2. Стипендия, жатақхана
3. Аудитория, декан
1 - жүргізуші:
Оқушыларға арналған терминдер:
1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул
2. Директор, сынып жетекшісі, парталас
3. Бақылау, емтихан, тест
1-жүргізуші: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең..
Әр адамның басынан қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?
1 - жүргізуші: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.
Оқушыларға берілетін жағдай.
-
Сабақ өтіп жатыр. Сынып іші тып - тыныш. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұр. Тек бір баладан басқа балалар сабақты мұқият тыңдап отыр. Жаңағы бала оқыс қылықтар жасап, оқушыларға кедергі келтіріп отыр. Тыныш отыр деген сөзге құлақ аспады. Бірақ бұл бала осы сабақты түсініп шығуы керек, шығарып жіберуге болмайды. Егер мұғалім болсаң не істер едің?
2 - жүргізуші: Студенттерге берілетін оқиға.
-
Сессия уақыты. Емтихан жүріп жатыр. Мұғалім тым қатал. Сенін ең жақын досың қолындағы билетінің жауабын білмейтінін ыммен түсіндірді. Сен бұл сұрақты білесің. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмек берер едің?
-
Қазіргі кезде басты міндеттердің бірі – жастардың саналы түрде бір кәсіпте жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жолға қою - бүгін өмір талабы. Кәсіптік бағдар - бүкілхалықтық, мемлекеттік іс және күрделі кешенді мәселе. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Сіз сияқты "студенттер" бақыттылар!
Келесі кезек 10 сынып қыздарының өнеріне кезек береміз
1-жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын!
Средь суматохи будней бесконечных
Средь важных дел и мелочных хлопот
В мир возвратиться юности беспечной
Дарует шанс наш школьный вечер встречи.
Придите в школу — школа ждет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Студенттермен кездесу СЦЕНАРИЙ 2024

шағым қалдыра аласыз