Студенттің өзіндік жұмысы: "Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Студенттің өзіндік жұмысы: "Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол".

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ,

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


«№10 колледж» МКҚК



Shape1







Тақырыбы: Бес нәрседен қашық бол,

бес нәрсеге асық бол”.














Орындады: Cултон Иззат







ШЫМКЕНТ – 2018


Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол.

«Ғылым таппай мақтанба...» - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды. Ал мына өлеңдегі:

  • «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» -дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай:

  • «Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол...» -деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз. Ендеше:

  • «Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі - пұл...» - дегенді көпке топырақ шашқандық емес пе деп көлгірсімей, ашық айтылған, жастарды артық сенгіштіктен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.

  • «Сөзіне қарап кісіні ал,

  • Кісіге қарап сөз алма...» -

деген нақыл түрінде келетін түйін жоғарғы пікірлерге орайлас, жалғас. Сырттай қарағанда мұның өзі бір түрлі, тосын естілуі мүмкін, өйткені кісіні сөзіне қарай бағалама, ісіне қарай бағала дейтін үйреншікті пікірге қарама-қарсы келетін секілді. Ал, байыппен қарасақ, мұнда терең мағына жатыр. Кісіні сөзіне қарай, яғни, ақылына, ойына қарай бағала, кісіге қарап, оның мансабына, дәулетіне қарап ақылға сыймайтын, қисынға келмейтін сөзіне иланып алданып қалма, «надандықпен кім айтса, ондай түпсіз сөзге ерме...» деген даналық пікірді аңғартады. Абай надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тура алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты.

Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылық жолына өте тән және ағарту ісін, өнер-білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді. Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында бірқатар текстол. өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы жинақта 38-жол «Шыныменен өлсеңіз» делінсе, басылымдарда бүл жол Мүрсейіт қолжазбалары бойынша «Шын сөзбенен өлсеңіз» болып берілген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 40-жол «Кәпір болдың демес қой» деп берілсе, басылымдарда бұл жол «Күпір болдың демес қой» ретінде алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 42- жол «Көп көзіне көріне айтпа» болса, қалған басылымдарға бүл жол 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Көп орында көріне айтпа» делінген. «Сізге ғылым кім берер, жанбай жатып сөнсеңіз» деген 26, 27-жолдар 1909 жылғы басылымға кірмей қалған. 1909, 1939, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 75-жол «Сөзін оқып және ойла» болып алынса, қалған басылымдарда бүл жол Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Сөзін оқы және ойла» деп берілген. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр т. б. тілдеріне аударылған


Құқықтық тәрбие

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2018
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі