Пәні
: Технология
(ұл) Сыныбы: 10
Cабақтың
тақырыбы: Сүйек пен мүйізді
ұқсату өнері
а)Білімділік: оқушыларға сүйек пен мүйізді
ұқсату өнері көрем безендіру жайлы түсінік
беру, ыдыстың сыртын безендіруді үйрету
ә)Дамытушылық: орындалу ережелерін ескерте
отырып
көркем безендіруде ою
элементтерін қолдана
білу қабілеттерін дамыту, өз
беттерінше жұмыс
жасау қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың
ұлттық қолөнеріне деген
қызығушылығын
арттыру, ой – қиялын
дамыту.
б)Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру.
Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: жаңа материалды
игеру
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру,
шығармашылық жұмыс, үйрету.
Сабақтың
көрнекілігі: слйд, сөзжұмбақ,
иллюстрациялар
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сұрақ
– жауап арқылы өткенді пысықтау.
Жаңа
сабақ:
Сүйекті түзетіп, жонып,
тегістейтін құралды бастырақ не қысқы дейді. Жалпы, сүйекті жону,
өрнектеу, шегелеу, сүйекке күміс қақтау жұмыстары - асқан
шеберлікті талап ететін өте нәзік өнер.
Ірі қара, серке, арқар, арқар,
ақбөкен және таутеке мүйіздері мен тұяқтары хас шеберлер өте тиімді
пайдаланатын болған. Мәселен, сиыр, серке мүйіздерінен шақша,
тарақ; ақбөкен мүйізінен қамшының сабы, шиті мылтықтың сирақтары,
арқар және таутеке мүйіздерінен қымыз ожау, қасық сияқты заттар
жасалады. Сүйекке қарағанда, мүйіз жонуға, июге, қалыпқа салуға,
тесуге, шегелеуге өте ыңғайлы. Және оны оюлап өзге заттарға
қиюластыру да жеңіл. Жоғарыда айтылған үй жануарлары мен тағы
аңдардың мүйіздерін іске жарату үшін, оларды жастай жинап, ылғи
көлеңкеде сақтау қажет. Өйткені, далада көп жатып, қабыршақтанып,
әбден қураған мүйіздер іске жарамайды. Мүйізден жасалатын
бұйымның ыңғайына қарай, бабымен кептірілген мүйізді қол арамен
көлденең кесіп, дайындап алады да, ыстық қоламтаға бие сауым уақыт
көміп, әбден жұмсартып, балқытады, одан кейінт ғана шебер іске
кіріседі. Айталық, шақша жасайтын болса, мүйіз кесіндісінің сыртқы
пішінін қалауынша өзгертіп, суығынша арнайы қысқашпен қысып қояды.
Суығын мүйізді пышақпен, егеумен, шынының сынығымен және киізбен
мұқият өңдейді. Сосын сүйектен, ағаштан, күмістен, не мүйізден түп,
қақпақ салып кейде сыртын күміспен, көздің жауын алатындай етіп
әсемдейді.
Сиыр мүйізінің түп жақ кесіндісінен тарақ
жасайды. Ол үшін арнайы жасалған әлді темір пышақпен мүйіз
кесіндісінің бауырынан жара тіледі, алдымен мүйізді түзетіп, содан
соң қысқашпен қысып қойып суытады. Суыған мүйізге тарақ кескінін
нобайлап, мұқият өңделген соң оны қысқашқа қысып қойып, бір жақ
шетінен «еркек тістер» деп аталатын ірі тістер, екінші жағынан
«ұрғашы тістер, деп аталатын жіңішке тістер шығара жұқа қол арамен
тілетін. Болмаса екі түрлі – бірі қалың, екіншісі жұқа пышақпен
тарақ тісін тіледі. Дайын тарақтар егеліп, ыспаланады, боялып
әдеміленеді. Ақбөкен мүйіздерінің қуысы жоқ жіңішке ұштарын
қоламтаға салып түзетіп, бірнешеуін жалғастыру арқылы қамшының
сабын жасайды. Оның сыртын да әдемілеп өңдеуге болады. Оны жез не
күміс әшекейлермен көркемдейді. Арқар не таутеке мүйіздерін
қоламтаға көміп, балқытып барып, түзетуге болады. Ал, сыртындағы
кедір-бұдырын шаппа шотпен шауып, пышақпен жонып тастайды. Сөйтіп
барып, шағын қымыз ожаудың басы мен сабын тұтастыра шығарыды. Бұл
аңдардың мүйізінен пышақ, семсер, қанжар, қылыш саптары да
жасалған. Ерте замандарда сүйек пен мүйізден жебе, ине, пышақ
жасағандығы археологиялық зерттеулерден белгілі. Келе-келе халық
өміріне метал түрлерінің енуіне байланысты сүйек пен мүйізден,
жоғарыда көрсетілген,құрал түрлерін жасау сирей бастады. Өйткені,
қару-жарақ, құрал-сайман ретінде сүйек пен мүйіз металл түрлерінің
қайсысымен болсын бәсекелесе алмайтыны айрықша дәлелдеуді, әрине,
қажет етпейді ғой.
Сарамандық
жұмыс:
Осы көрсетілген үй
бұйымдарының ішінде сүйекпен көркемделетін беттері көлемдірек
келетін кебеже,төсек ағаш сияқты бұйымдардың беттерін әдетте
бірнеше төрткүлге бөліп, олардың әрқайсысының беттеріне ою-өрнек
ойыған көлемді келген сүйек тақтайлар күміс бүркеншікті шегелерлен
қиыстырылатын. Әр төрткүлдің ортасына күмістелген бедерлі темір
әшекейлер орнатылатын. Ажурлы әшекейдің астына төселетін қызыл не
жасыл шұға,көксауыр былғары, дәл ортасына ақық не перуза
тастарынан,яки түрлі шынылардан орнатылатын көздер сүйек түсімен
үйлесім тауып, безендірілген бұйым бетінің реңін
енгізетін.
Мұқият өңделген сүйек
әшекейлермен мейлінше ұқыпты безендірілетін үй бұйымдарының бірі
ұзатылған қыздарға арнайы дайындалатын қол сандықтар. Бұлардың хас
беттері, екі жаны және қақпақтарының төбесі түгелдей
сүйектелген.
Сабақты
қортындылау: жаңа тқырып боиынша сұрақ қою
арқылы салыстырмалы түрде бағалап бекіту.
Үйге
тапсырма: Мүйізді ұқсату
өнері