жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сүйектердің байланысу типтерін салыстыру
|
Қозғалыс. Биофизика |
Мектеп: А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы |
|||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Масалимова Аягул Даулеткереевна |
|||||||||||||
|
Сынып: 8 «б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сүйектердің байланысу типтері |
|||||||||||||
|
Сабақтың оқыту мақсаты: |
8.1.6.3 Сүйектердің байланысу типтерін салыстыру |
|||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||
|
Сүйектердің байланысу түрлерін салыстырады. |
||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||||||||||
|
Сүйектердің байланысу түрлерін салыстыра отырып, қаңқадағы орнын көрсетіп, ажыратады. |
||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||
|
Сүйектердің байланысу түрлерінің маңызын түсіндіреді, қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері (ҚБ, ЖБ) |
Сүйектер байланысының түрлерін атай алады. Сүйектердің байланыс түрлерін салыстырады. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсат (ОМЖ, ОЖ) |
Оқушылар орындай алады: - Берілген мәтінді, тапсырманы түсініп оқиды; - Мұғалімнің және оқушылардың түсіндірмесін тыңдайды; - Берілген тапсырмаға қорытынды жазады; - Жазылған қорытындысын сынып алдында еркін жеткізе алады; |
|||||||||||||
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сүйектің байланыс түрлері, қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы, буындар, буын қабы, шеміршіктер, омыртқа дискілер. |
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, өмір бойыоқу, жауапкершілік: өзіне және айналасындағыларға құрмет |
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
физика, медицина. |
|||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Омыртқалы және омыртқасыз жануарларың қозғалыс мүшелерін салыстыру. Тірек қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау. |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 мин 5 мин 10 мин |
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сынып ішінде жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке». «Ыстық орындық» әдісі: 1. Сүйек сыртын не жабады? 2. Сүйек қандай жасушалардан тұрады екен? 3. Ағзаның толық сүйектенуі қанша жастан кейін жүзеге асады? 4. Сүйектердің химиялық құрамы қандай ? 5. Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? 7. Органикалық заттар қандай қасиет береді? «Мюнстерберг» әдісі: «Адасқан әріптер» Әріптерге қарап , сөздер құрастыру. 1. АБС ҮЙСКЕ 11. ІЗЕКБІЛ ҮЙСКЕ 2. ҰНАҒАБ 12. АНАҚЛА ҮЙСКЕ 3. УРЫАНЖЫ 13. ССАҚАУ ҮЙСКЕ 4. ЕКҮЙССӨТ 14. НОРТА ЛІКІЖ 5. РҒААБЫҚ 15. ІЗЕТ ПАҚАҚЫҒ 6. МЫОАРТҚ 16. СЫҚАЫТ ЛІКІЖ 7. МЖБААС 17. БЫҚШЫ 8. ОҚПНАТ ЛІКІЖ 18. АРЛОТҚАС ҮЙСКЕ 9. ШНҚТАЫ 19. ТАНАБ ҮЙСКЕ 10. ӘРІК ЛІКІЖ 20. ЙАБШАП ҮЙСКЕ ДҰРЫС ЖАУАБЫ: 1. БАС 14. ОРТАН ЖІЛІК 2. БҰҒАНА 15. ТІЗЕ ҚАҚПАҒЫ 3. ЖАУЫРЫН 16. АСЫҚТЫ ЖІЛІК 4. ТӨССҮЙЕК 17. ШЫБЫҚ 5. ҚАБЫРҒА 18. ТОЛАРСАҚ 6. ОМЫРТҚА 19. ТАБАН 7. ЖАМБАС 20. БАШПАЙ 8. ТОҚПАН 9. ШЫНТАҚ 10. КӘРІ ЖІЛІК 11. БІЛЕЗІК 12. АЛАҚАН 13. САУСАҚ Қ.Б: «Мадақтау» Дескриптор: - Сөздерді оқиды; - Тірек қимыл жүйесіне байланысты сөздер құрастырады; - Сүйектің орналасқан орнын табады. Бейне ролик көрсетіледі.... Мағынаны тану кезеңі: Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар аткаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді . Қозғалмайтын байланысқа Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан. Жартылай қозғалатын байланысу Шамалы қозғалатындарға - омыртқалардың бірімен-бірі шеміршектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады. Қозғалмалы байланысқа Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады . |
Bilimland.кz Слайд |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 мин 7 мин |
3 топқа 3 тапсырма беріледі: 1-топ:
2-топ: «Артығын тап»:
1. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуың типтер: 1. Қозғалмайтын, 2. жартылай қозғалатын, 3. қозғалатын, 4. бейтарап.
2. Буын мынадай элементтерден тұрады: 1. Буын беті, 2. буын қабы, 3. буын миы, 4. буынішілік байламдар, 5. буын сұйықтығы.
3. Маңдай және төбе сүйектері арасында ........ орналасады. 1. үлкен еңбек, 2. кіші еңбек, 3. сына тәрізді еңбек
3-топ
А.________________________________________________ В.________________________________________________ С.________________________________________________
Қ.Б: «Жұлдызша арқылы» Дескриптор: - Сүйектердің байланысу түрін сипаттайды; - Сүйектің байланысуы туралы ақпаратты біледі; - Сүйектің байланысу түрін бір-бірінен ажыратады.
«Шындық-жалған» әдісі: 1. Қаңқа сүйектері өзара біртекті байланысады.- Ж 2. Қозғалмайтын байланысу сүйектердің бірігіп өсуі арқылы түзіледі. – Ш 3. Бір сүйектің шеті басқа сүйекке сүйек жігі арқылы бірігіп кетеді. – Ш 4. Жартылай қозғалатынға аяқ-қол сүйектері жатады.-Ж 5. Омыртқа жотасы мен кеуде қуысы қозғалатын байланысқа жатады. – Ж 6. Жартылай қозғалатын байланысу – сүйектердің шеміршек арқылы байланысуымен жүзеге асады-Ш 7. Буынды түзетін сүйек беті гиалинді шеміршек қабатымен жабылған.- Ш 8. Буын қабы эпителий ұлпасынан түзілген.-Ж 9. Шеміршек арқылы 10 жұп жоғарғы қабырға төспен байланысады. –Ш Қ.Б: « Мадақтау арқылы бағалау». Көп қозғалысты қамтамасыз ететін мамандық иелерінің (цирк, балет, би) буынында ерекшелік бар? Дескриптор: -Қаңқа сүйектерінің байланысын типін біледі; -Әр байланыс типіне жататын сүйектерді ажыратады. |
|
||||||||||||
|
Сабақтың соңы
3 мин |
Рефлексия : «Білім қоржыны»: 1. Өте жақсы түсіндім; 2. Жақсы түсіндім; 3.Түсіндім, бірақ әлі де білгім келеді. |
|
||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері |
|
Тапсырма: Білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырмалар. Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дерек көздермен жұмыс істей алады. Қорытынды: Барлық оқушылар бір тапсырмаларды орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Диалог және қолдау көрсету: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бір қатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қояды. Бағалау: Оқушылар үнемі бағаланып отырады. Жіктеу: Талаптары әр түрлі оқушылар. |
« Мадақтау» арқылы бағалау; Смайлик арқылы бағалау»; «Жұлдызша арқылы бағалау». Рефлексия: «Білім қоржыны»: 1.Түсіндім; 2.Орташа түсіндім; 3. Түсіндім, әлі де білгім келеді. |
топта жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесі
|
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сол жақ бағанда берілген ең өзекті сұрақтарға жауаптар, сабақ қорытындысы |
|
|
|
|
|
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім |
||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген