
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сүйектің байланыс түрлері қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы
Білім беру ұйымының атауы |
|
Бөлім: |
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен қызметтері |
Бөлімше: |
Қозғалыс |
Педагогтің Т.А.Ә. |
|
Күні: |
|
Сынып: |
8 |
Сабақтың тақырыбы: |
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру |
Сабақтың мақсаты: |
-Сүйектердің байланысу типтерін сипаттау; -Сүйектердің байланысу типтерін ажыратып, салыстыру |
Бағалау критерийі: |
-Сүйектердің байланысу типтерін сипаттайды; -Сүйектердің байланысу типтерін ажыратып, салыстырады. |
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 5-6 мин |
Ұйымдастыру кезеңі а)оқушылармен амандасу, түгендеу; ә)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар зейінін ұйымдастыру; Психологиялық тренинг «Бумба-Юмба» Мұғалім оқушыларға тренингтің ережесімен таныстырады. Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық.Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай (баспен, арқамен, қолмен, тіземен, тобықпен, мұрынмен) амандасу керек. Топқа бөлу «Пазл» әдісін пайдаланып оқушыларды сүйектердің байланысу түрлері(қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы) бойынша 3 топқа бөлу. I топ – қозғалмайтын II топ – жартылай қозғалмалы III топ - қозғалмалы
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады. Кезекші сыныптың және оқушылардың сабаққа даярлығын баяндайды. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен Бумба-Юмба тайпасының ережесіне сәйкес (баспен, арқамен, қолмен, тіземен, тобықпен, мұрынмен) амандасады. Оқушылар берілген суреттерді құрастырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады және сол бойынша 3 топқа бөлінеді. |
Мұғалім кері байланыс береді |
Оқу құралдары, сурет қиындылары, слайд
|
||||||
Сабақтың ортасы 25-30 мин |
Жаңа сабақтың тақырыбын «Пазл» әдісі арқылы ашқаннан кейін, оқушыларға сұрақтар қою арқылы оқу мақсатын анықтаймыз. «Кинометафора» әдісін қолданып, оқушылар назарына «Сүйектердің байланысу түрлері» қысқа бейнематериал ұсынылады. «Коллаж» әдісі бойынша жаңа сабақтың мазмұнын әр топқа сатылап беру. Оқушыларға жаңа сабаққа қатысты қосымша суреттер, мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінді жеке, жұппен және топпен талқылайды. I топ – қозғалмайтын II топ – жартылай қозғалмалы III топ – қозғалмалы Топтар түрлі суреттерді қолданып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады. Дескриптор: Білім алушы -сүйектердің байланысу типтерінің(қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы) атауын атайды; -сүйектердің байланысу типтерінің(қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы) өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды; - сүйектердің байланысу типтеріне(қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы) мысалдар келтіреді; Әр топ тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін, оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріледі. Тапсырма №1 Сүйектердің байланыс түрлері мен сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.
Дескриптор: Білім алушы - сүйектердің байланысу түрлерін сипаттамаларымен сәйкестендіреді;
Тапсырма №2 2.а.Сүйектің байланысу түрлерін ажыратыңыз.
А В
С 2.b. В суретіндегі сүйектің байланысу типінің ерекшеліктерін жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы -суретке қарап, сүйектің байланысу түрлерін ажыратады; -В суретіндегі сүйектің байланысу типінің ерекшеліктерін жазады.
ЕБҚ ететін оқушыға арналған тапсырмалар. Соның ішінде есту қабілеті бұзылған оқушыға визуалды тапсырмалар. Тапсырма №1 Суретке қарап, сүйектің байланысу түрлерін ажыратыңыз.
А В
С Жартылай қозғалмалы: ____ Қозғалмалы: ____ Қозғалмайтын: _____
Дескриптор: Білім алушы -жартылай қозғалмалы сүйекті жазады; -қозғалмалы сүйекті жазады; -қозғалмайтын сүйекті жазады.
Тапсырма №2 Суретке қарап отырып,қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтыр.
___________ байланысу сүйектердің бірігіп өсуі арқылы түзіледі. Яғни бір сүйектің шеті басқа сүйекке _____ _____ арқылы бірігіп кетеді._____ сүйектері мен _________ сүйектері осылай байланысқан.
Дескриптор: Білім алушы -қажетті сөздерді тауып сөйлемді толықтырады.
ФС дамытуға арналған тапсырма. Нәресте еңбегі Жартылай қозғалатын байланысудың қозғалатын байланысуға өтуі адамда бас сүйектің ми бөлімінде байқалады. Нәрестенің бас сүйектерінің арасында еңбек (роднички) деп аталатын қатаймаған шеміршекті бөліктері болады. Жалпы бала өмірге келгенде оның басында екі еңбегі болады. Үлкен және кші.Үлкен еңбек маңдайдан сәл жоғары орналасқан, бүлкілдеп тұратын еңбек, ал кіші еңбек қарақұс жақта болады. Ол көбінесе шала туған нәрестелерде кездеседі, уақыты жетіп туған балаларда болмауы да мүмкін. Болған күннің өзінде бала қырқынан шыққанға дейін қатып кетеді. Жаңа туған сәбидің басының пішіні әр баланың өзіне ғана тән, әртүрлі болуы мүмкін. Соған сәйкес еңбегі де әртүрлі. Және еңбектің қату уақыты да бірдей емес. Баланың еңбегі қалыпты жағдайда бір жасқа дейін қатып бітеді. Кейбір баланың еңбегі бір жарым жасқа дейін қатпайды. Бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері, сол баланы көтеріп жүрген кездегі ана күтімі сәбидің еңбегінің қату уақытына әсер етеді. Егер болашақ ана поливитаминдер мен кальцийге бай сүт өнімдерін көп пайдаланған болса, баланың еңбегі ерте қатуы мүмкін. Керісінше, бала ағзасына кальций жетіспесе, қатуы кешуілдеп жатады. Айгүл мен Марал екеуі бала кезден бергі құрбылар. Екеуінің балалары Марат пен Сезім де қатар өсіп келеді. Марат Сезімнен 1 аптаға ғана үлкен. Кезекті дәрігерлік тексеріс кезінде Сезімнің еңбегі қалыпты, ал Мараттың еңбегі 3 айына жетпей ерте қатып кеткен.
Сұрақ: 1.Еңбектің ерте қатуы ми дамуына әсер етіп, өсуін тежеуі мүмкін бе? 2.Сәби ағзасында кальцийдің аздығы тек еңбекті ерте қатырып қана қоймай, басқа қандай ауруға әкеліп соғуы мүмкін?
Дескриптор: Білім алушы -мидың дамуына еңбектің ерте қатуының әсерін жазады; -кальцийдің аздығынан ағза басқа қандай ауруға ұшырайтының жазады. |
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.
Оқушылар бейнематериалмен танысады.
Топтар түрлі суреттерді қолданып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады. Содан кейін ортаға шығып берілген тақырыпты қорғайды.
Оқушылар жеке қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. 1-тапсырма бойынша сүйектердің байланысу түрлерін сипаттамаларымен сәйкестендіреді.
2-тапсырма бойынша суреттегі сүйектің байланысу типтерін жазады. В суретіндегі сүйектің байланысу типіне сипаттама береді.
ЕБҚ ететін оқушы, соның ішінде есту қабілеті бұзылған оқушы визуалды тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар ФС дамытуға арналған тапсырмаларды орындайды. Академиялық білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра отырып, тапсырмаларды жазады.
|
Оқушыларға кері байланыс беріледі.
Топтар бір-біріне кері байланыс береді.
Мұғалім топтарға кері байланыс береді. Формативті бағалау жүргізіледі.
Оқушылар жауап парақтарын ауыстырып, слайд арқылы тапсырманы тексереді. Мұғалім формативті бағалау жүргізеді.
Мұғалім кері байланыс беріп, формативті бағалау жүргізеді.
Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді.
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді.
|
Ресурс 1.1 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары жазылған парақтар.
Бас сүйек суреті:
қабырға сүйектерінің суреті: https://kk.atomiyme.com/%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B9-%D1%81%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80-%D0%BA%D0%B5%D1%83%D0%B4%D0%B5-%D2%9B%D1%83%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B/
аяқ сүйегінің суреті: https://www.minimed.at/medizinische-themen/bewegungsapparat/fersensporn/
жамбас сүйегінің суреті: https://kinesiopro.ru/blog/disfunkcija-lobkovogo-simfiza/
Ресурс 1.2 ЕБҚ ететін оқушыларға арналған тапсырмалар жазылған парақтар.
Ресурс 1.3 ФС дамытуға арналған тапсырмалар жазылған парақтар.
Нәресте еңбегінің суреті: https://www.baby.ru/wiki/kakogo-razmera-dolzen-byt-bol-soj-rodnicok-u-novorozdennogo/
|
||||||
Сабақтың соңы 9-10 мин |
«Kahoot» әдісін пайдаланып, жаңа сабақты бекітеміз.
Үй тапсырмасы: Сүйектердің байланыс түрлерін оқу, мазмұндау. «Адам денесіндегі сүйектердің байланысу түрлері» деген тақырыпқа эссе жазу.
Рефлексия: «Сабақ саған ұнады ма? Тақтаға тұлғасы қаңқасының суреті ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.
|
Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін тест тапсырмасын орындау арқылы бекітеді.
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Оқушыларға сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса, бас сүйекке стикер жабыстырады Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, тапсырмаларды орындап қоржыныңа мәлімет жинақтаған болса қабырға сүйектеріне стикер жабыстырады. Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, әлі толықтыру қажет болса стикерді аяқ сүйектеріне жабыстырады. |
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс береді.
|
Kahoot платформасы
Тұлға қаңқасының суреті: стикер |
||||||
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||
Барлық оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. ЕБҚ ететін оқушыларға жеңілдетілген қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. ФС дамытуға арналған тапсырмалар.
|
Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. Қалыптастырушы бағалау жұмысын жазып болған соң ,дайын жауап арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды. Мұғалім сабақ бойы формативті бағалау жүргізеді. |
Жауапкершілік, ұйымшылдық, сыйластық сияқты тәрбиелік құндылықтарды сақтайды. |
Ресурс 1.1
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім: |
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен қызметтері |
||||||
Бөлімше: |
Қозғалыс |
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы |
||||||
Оқу мақсаты: |
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру |
||||||
Бағалау критерийі: |
-Сүйектердің байланысу типтерін сипаттайды; -Сүйектердің байланысу типтерін ажыратып, салыстырады. |
||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
||||||
Тапсырма №1 Сүйектердің байланыс түрлері мен сипаттамалары арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.
1._____ 2._____ 3._____
Тапсырма №2 2.а.Сүйектің байланысу түрлерін ажыратыңыз.
А В С
А.______________ B._____________ C._______________
2.b. В суретіндегі сүйектің байланысу типінің ерекшеліктерін жазыңыз.
__________________________________________________________________________________
Дескриптор: Білім алушы -сүйектердің байланысу түрлерін сипаттамаларымен сәйкестендіреді; -суретке қарап, сүйектің байланысу түрлерін ажыратады; -В суретіндегі сүйектің байланысу типінің ерекшеліктерін жазады.
|
Ресурс 1.2
ЕБҚ ететін оқушыға арналған тапсырмалар
Бөлім: |
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен қызметтері |
Бөлімше: |
Қозғалыс |
Сабақтың тақырыбы: |
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы |
Оқу мақсаты: |
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру |
Бағалау критерийі: |
-Сүйектердің байланысу типтерін ажыратып, салыстырады; -Сүйектердің байланысу типтерін сипаттайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
Тапсырма №1 Суретке қарап, сүйектің байланысу түрлерін ажыратыңыз.
А В С Жартылай қозғалмалы: ____ Қозғалмалы: ____ Қозғалмайтын: _____ Тапсырма №2 Суретке қарап отырып,қажетті сөздерді тауып, сөйлемді толықтыр.
___________ байланысу сүйектердің бірігіп өсуі арқылы түзіледі. Яғни бір сүйектің шеті басқа сүйекке _____ _____ арқылы бірігіп кетеді._____ сүйектері мен _________ сүйектері осылай байланысқан. Дескриптор: Білім алушы -жартылай қозғалмалы сүйекті жазады; -қозғалмалы сүйекті жазады; -қозғалмайтын сүйекті жазады. -қажетті сөздерді тауып сөйлемді толықтырады.
|
Ресурс 1.3
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма
Бөлім: |
Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылысы мен қызметтері |
Бөлімше: |
Қозғалыс |
Сабақтың тақырыбы: |
Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы |
Оқу мақсаты: |
8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру |
Бағалау критерийі: |
-Сүйектердің байланысу типтерін сипаттайды. |
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
Нәресте еңбегі Жартылай қозғалатын байланысудың қозғалатын байланысуға өтуі адамда бас сүйектің ми бөлімінде байқалады. Нәрестенің бас сүйектерінің арасында еңбек (роднички) деп аталатын қатаймаған шеміршекті бөліктері болады. Жалпы бала өмірге келгенде оның басында екі еңбегі болады. Үлкен және кші.Үлкен еңбек маңдайдан сәл жоғары орналасқан, бүлкілдеп тұратын еңбек, ал кіші еңбек қарақұс жақта болады. Ол көбінесе шала туған нәрестелерде кездеседі, уақыты жетіп туған балаларда болмауы да мүмкін. Болған күннің өзінде бала қырқынан шыққанға дейін қатып кетеді. Жаңа туған сәбидің басының пішіні әр баланың өзіне ғана тән, әртүрлі болуы мүмкін. Соған сәйкес еңбегі де әртүрлі. Және еңбектің қату уақыты да бірдей емес. Баланың еңбегі қалыпты жағдайда бір жасқа дейін қатып бітеді. Кейбір баланың еңбегі бір жарым жасқа дейін қатпайды. Бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері, сол баланы көтеріп жүрген кездегі ана күтімі сәбидің еңбегінің қату уақытына әсер етеді. Егер болашақ ана поливитаминдер мен кальцийге бай сүт өнімдерін көп пайдаланған болса, баланың еңбегі ерте қатуы мүмкін. Керісінше, бала ағзасына кальций жетіспесе, қатуы кешуілдеп жатады. Айгүл мен Марал екеуі бала кезден бергі құрбылар. Екеуінің балалары Марат пен Сезім де қатар өсіп келеді. Марат Сезімнен 1 аптаға ғана үлкен. Кезекті дәрігерлік тексеріс кезінде Сезімнің еңбегі қалыпты, ал Мараттың еңбегі 3 айына жетпей ерте қатып кеткен. Сұрақ: 1.Еңбектің ерте қатуы ми дамуына әсер етіп, өсуін тежеуі мүмкін бе? _______________________________________________________________________________________ 2.Сәби ағзасында кальцийдің аздығы тек еңбекті ерте қатырып қана қоймай, басқа қандай ауруға әкеліп соғуы мүмкін? ______________________________________________________________________________________ Дескриптор: Білім алушы -мидың дамуына еңбектің ерте қатуының әсерін жазады; -кальцийдің аздығынан ағза басқа қандай ауруға ұшырайтының жазады.
|

