Сүйікті балабақшам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйікті балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Сүйікті балабақшам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.

Өткізілген күні: 17.01.2020 жыл.

Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Балалар бүгін ерекше күн.  Біздің сабағымызға көптеген  қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Балалар:

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеді ұл мен қыз.

Болашағы Отанның,

Азаматы біздерміз.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар !Балалар бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам!» деп аталады. Балабақша- бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз, солай ғой балалар! Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.



Балалар:

Еліміз тыныш болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Дастарханнан дәм кетпесін,

Көңілімізден сән кетпесін.

Тәрбиеші: Рахмет жарайсыңдар. Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?

Балалар: Біз балабақшаға келеміз.

Тәрбиеші: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?

Балалар: Қайырлы таң!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балабақшада сендер не істейсіңдер?

Балалар: Балабақшада біз білім аламыз, тәтті тағамдар жейміз, ойыншықтар ойнаймыз.

Тәрбиеші:Балалар тақтаға назар аударайықшы

Бұл кімнің суреті?

Балалар-тәрбиешінін

Ол кісінің қызметі қандай?



Тәрбиеші: Ляззат Жаныл апайлар

-Сабақ үйретеді,мультфильм көрсетеді,ойнатады, серуенге шығарады, ұйықтатады.

Дамир:

Бала бақша есігін,

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай өсірген,

Тәрбиешіме мың алғыс.


Тәрбиеші: Мынау кімнің суреті?

Балалар:-аспазшы апай

Аспазшы апайдың қызметі қандай?

Балалар: - Ол аспазшы апай. Бізге тамақ пісіріп береді.

Акерке:

Аспазшымыз ақ жүзді,

Келбетті де, мейірімді.

Бізге тамақ әзірлер,

Тамақтары тәп-тәтті.


Тәрбиеші: Ал бұл кім?

Бұл ағай не істейді?

Балалар: - Денешынықтыру мұғалімі

Қандай қызмет атқарады?

Спорт залда түрлі денсаулығымызға пайдалы жатығулар өткізеді.

Алихан:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Олға, солғаны үйреткен,

Спортшымызға мың алғыс.


4.Тәрбиеші: Ал мынау кім?

Тәрбиешінін көмекшісі

Ол кісінің қызметі не?

Балалар-Ол тәрбиеші көмекшісі.Бізге тамақ береді, ыдыстар жуады, шаң сүртеді, төсек жинайды.

Аружан:

Еденді кім жуатын,

Жолатпай шаңды қуатын.

Майра апайға мың алғыс,

Көрінбей жүріп тұратын.


Балалар біздің балабақшада тағыда көптеген кісілер жүмыс атқарады-Аула сыпырушы ағайларымыз бар,ойын алаңын қоқыстан тазартады, сыпырады, жинайды.

Кір жуатың апайларымыз бар,орамалдарды,төсектерді жуады,өтектейді


Тірбиеші: Жарайсыңдар балалар, балабақшаларың туралы әдемі тақпақтар білесіңдер екен.

Тәрбиеші: Біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.

Сергіту сәтті:

Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Қызыл телпекше кіріп келеді.

Қызыл телпекше: Сәлеметсіңдерме балалар, мен бүгін сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Мені білесіңдерме? Мен «Қызыл телпекше» ертегісіндегі Қызыл телпекше боламын. Мен сендерге жол-жөлекей гүлдер тере келдім. Бұл гүлді сендерге сыйға тартамын, бірақ менің бір шартым бар. Бұл гүлдің артында сиқырлы сұрақтар жасырынған, кімде-кім сұраққа жауап бере алса ғана гүлді сол балаға тарту етемін. Қанеки қошақандар көздеріңді жұмыңдар, мен өзімнің қызыл телпекшемді  қай баланың басына кийгізсем сол бала сұраққа жауап береді.

1.Балалар сендер қай балабақшаға келесіндер?

Балалар: «Нурай»

2.Нурай балабақшада кай топка барасындар?

Балалар: «Айгөлек» тобына

3.Балабақшада сендер немен айналасасындар?

Сабақ оқимыз,ойнаймыз, серуенге шығамыз,мульфильм көреміз,тамақ ішеміз.

Қызыл телпекше: Жарайсыңдар балалар, сендер балабақшаларыңды өте жақсы көретіндерің көрініп тұр, ал енді мен үйіме қайтайын. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол Қызыл телпек!

Тәрбиеші: Ал енді балалар, біз сендермен «Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында құрастыру ойынын ойнаймыз. Мына жерде балабақшаның қырқылған суреттер тұр, осы суреттерді біз өз  орнына қойып жапсырып шықсақ, балабақшаның суреті бейнеленеді. Ал ендеше балалар суреттерді жылдам жапсырып шығайық.

Балалар қырқылған суреттерді жылдам құрастырады.

Тәрбиеші: Ал енді балалар біз сендермен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз, Сабақтың соңында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық,оқу қызметіне алып келген жүректерімізді суретімізге жабыстырайық

Қорытындылау.

Бүгін біз не туралы әңгімеледік?

Балабақша аты қалай аталады?

Балабақшада кімдер қызмет етеді?

Сұрақтарға жауап береді.

Жүректен жүрекке.

«Балабақша» әні.


Балалар: Еліміз тыныш болсын, балабақшамыз гүлдене берсін, елбасымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.

Мұғалім: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2020
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі