Менің сүйікті ұстазым
Эссе
Ұстаз жер деген әлемнің бетін
көркейтетін шәкірттеріне шуақ төккен КҮН-АНА. Ұстаз — ақылдың
тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары.
Мен оқып жүрген мектебемді, ұстазымды жақсы көремін. Менің сүйікті
ұстазым қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі — ГҮЛНАЗИЯ
ҚУАНДВҚОВА.
Ол
ешкімге ұқсамайтын, еңбекқор, мейірімді жан. Ұстаз бейнесі — шәкірт
үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Шәкірті үшін білімнің дәнін
себе білетін ұстазым мені ғылым жолына үйретті.
Елбасы Н.Назарбаевтың халқына
"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері" атты жолдауында нақты он бағыт бойынша маңызды
міндеттерді атап көрсетті. Жолдаудың жнтінші бағыты " Адами қапитал
— жаңғыру негізі " деп аталып, білім берудің жаңа сапасын арттыру
үшін біршама тапсырмалар жүктелген болатын. Сол міндеттерді
орындауда ұстазым алдына жан салар емес. " Тұлғатану "
ғылыми-зерттеу орталығының " Ұлт болашағы рухани жаңғыруда " атты
республикалық жас зерттеушілер арасында ұйымдастырылған байқау
өтті. Мен де өз бағымды сынадым. Еліміздің әр облысынан әр сала
бойынша қатысушылар келіп, жаңа тәжірибе жинадым. Менің апарған
тақырыбым " Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің жасөспірімдерді
тәрбиелеуде алар орны" болды. Мені сайысқа даярлағын ұстазым
қасымда қолдау білдіріп, көп еңбегі сіңді. Менің жобам
Республикалық " ТҰЛҒАТАНУ " ғылыми-зерттеу орталығының шешімімен ең
үздік ғылыми жұмыс болып саналып
марапатталдым.
Ұстаз — баланы тәрбиелеп,
болашақ алдына мақсат қоя білуге ұмтылдыратын ұлы тұлға. Сыныпта әр
шығарманы сыңғырлаған үнімен оқи отырып талдасып, асыл ойды
санамызға берік, нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан.
Ұстазымызбен талай шешілмеген түйінді мәселелерімізді шешіп, көп
жерде көз жеткізіп, өзімізге таңдау жасатып, өмірлік кеңес алған
күндеріміз аз болмады. Оқушыны сабаққа қызықтыру мақсатында
сыныптас тыс кітапханамен тығыз байланыс жасауға кеңестер береді.
Ұстаз балаға жақын болса ғана, бала анасындай көре алады, жақын
тұрады.
Ана
— әрбір адам баласына қымбат жан. Анамды қалай ардақ тұтсам,
Гүлназия ұстазымды да анамдай ардақтап, құрметтнймін. Гүлназия апай
өз мамандығын, барлық шәкірттерін, мектебін т.б. шексіз сүйетін
жан. Гүлназия Қуандықова апайымның рухани жан дүниесі бай,
интеллектуалдық өрісі кең, мәдениетті, білімді, заман талабына сай
жан-жақтылығымен танымал.
Болғаннан соң өр талабы, ақылы,
Барған болар ерлікке де батылы.
Майдан емес, қолға қару
ұстаған,
Мынау тыныш, бейбіт күннің
Батыры!
Әр
мұғалім өз сабағының шебері, режиссері. Көбіне басты рөлді өзі
ойнайды. Бір тыным жоқ. Менің ойымша кез-келген мұғалім ұстаз бола
алмайды. Себебі, ұстаздың өнер-тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу
кез-келген адамға қона бермейдім. Олай болса, нағыз ұстаз болу үшін
табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы
шарт.
Ұстазымның еңбегінің нәтижесінде мен көптеген
жетістіктерге жетіп, өз ортамның белсендісі бола білдім. ГҮЛНАЗИЯ
ҚУАНДЫҚОВА сізге шын жүрегіммен алғысымды айта отырып, алда тағыда
көптеген жетістіктерге бірге жете беруімізге тілекшімін. Мен өз
ұстазым Гүлназия Қуандықованы мақтан тұтып, өзіме үлгі көрсетер жан
санаймын!