Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйінбай шығармаларындағы замана шындығының көркем бейнеленуі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 10

Сабақтың

тақырыбы

Сүйінбай шығармаларындағы замана шындығының көркем бейнеленуі

Сілтеме

Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ С. Ч.Тұрсынғалиева, А. Ж.Такишева. Астана: «Арман –ПВ»

Интернет ресурстары, слайд

Жалпы мақсаты:


Сүйінбай шығармаларындағы заман шындығын суреттеу, талдау, салыстыра отырып өмірмен байланыстыру.

Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету, өздігінше ізденіп әрекеттенуге үйрету

Оқыту

нәтижелері


Оқушылар өз дүниетанымын дамытуға мүмкіндік алады. Сүйінбай Аронұлы туралы оқығандарын естеріне түсіреді, сыни тұрғыдан ойлай отырып талдайды.

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин

Психологиялық ахуал туғызу.

  • Сәлеметсіздер ме?

  • Көңіл күйлеріңіз қандай?

Топқа бөлу

«Заман», «Шындық», «Тарих», «Қоғам» сөздерімен топқа бөлемін.

1-топ. «Заман»

2-топ. «Шындық»

3-топ. «Тарих»

4-топ. «Қоғам»

«Бас бармақ» әдісі бойынша көңіл күйлерін білдіреді.







Оқушылар берілген сөздер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Білу

































Түсіну














3 мин

































5мин

Үй тапсырмасын сұрау.

«Келісу-келіспеу» стратегиясы бойынша

С. Аронұлының шығармашылығынан алған білімдерін толықтырады.

1.Жамбыл -Сүйінбайдың ізбасары.
2.Сүйінбайды айтыс өнерінің алтын діңгегі деп бағалаған – А.Байтұрсынов.
3.Сүйінбайдың арғы тегінде ақындар болмаған.
4. Сүйінбай халықаралық деңгейдегі айтыс ақыны болған.
5. Ақын Тезек төренің адалдығын, әділеттілігін өз өлеңдерінде жырлаған.
6. Сүйінбай жыршы емес.
7. Ақын Алматы облысында дүниеге келген.
8. Сүйінбай « Көмекейің емес, жүрегің сөйлесін» деген сөзді Қатағанға айтқан
.



«Миға шабуыл» әдісі.

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізу. Әр топ өз атауларына топтастыру жасау.

І Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау.

  1. Бүгінгі сабағымызға бұл атаулардың қандай қатысы бар деп ойлаймыз?

  2. Ұлт мемлекет болып қалыптасу үшін не қажет? (тілі, мәдениеті,тарихы, жері, дәстүрі, мемлекеттікті білдіретін рәміздері)

«Келісу-келіспеу» стратегиясы арқылы топ мүшелері жауап береді.

















Әр топ атауларына байланысты топтастыру жасайды.


Қолдану

7мин


ІІ Мағынаны тану

1-топ. «Әділеттік орнаса», 2-топ. «Датқаларға», 3-топ «Төрелерге», 4-топ «Үмбетәліге» өлеңдерін  «Дана үкілер» техникасын қолдану арқылы талдау жүргізу.
1. Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар.
2. Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету) 
3. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
4.Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыздар.

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасап, қорғайды.


Талдау

7 мин

1-топ. «Бөрілі менің байрағым» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

2-топ. «Ту алып жауға шапсаң сен» өлеңін «ПОПС формуласы» әдісі арқылы ойларын жинақтап, дәлелдеу.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім..»

3-топ. ХІХ ғасырдың І жартысындағы ақындар айтысы мен ХХІ ғасырдағы ақындардың айтысын салыстыру, ерекшеліктерін, көтерілген мәселелерге тоқталу. ВЕНН диаграммасы.

4-топ. Ақын шығармаларына байланысты мақал-мәтелдер айту.



Әр топ берілген тапсырманы орындай отырып, білімдерін жинақтайды.


Жинақтау

7мин

ІІІ Ой толғаныс. «Автор орындығы»

Халықты ел мүддесі үшін күрес жолына біріктіруде, жігерлендіруде, рухтандыруда «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің өз заманында маңызы аса зор болды. Сол батыр да қайсар, жігерлі де намысты ата-бабаларымыз күресімен қол жеткізген еркін елдің ұландарымыз. Біз үшін ұлттық рәміз –көк тудың бойымызға ұлттық намыс, отанға сүйіспеншілік пен құрметімізді білдірудегі маңызын білу үшін арнайы тапсырма орындайық. «Көк тудың желбірегені» әні баршамызға таныс. Осы әнді «Бөрілі менің байрағым» өлеңімен байланыстыра отырып әннен алатын әсерлеріңізді жазып беріңіздер (1-2 оқушының жазғанын оқыту).

Берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері жұмыс жасайды, жұмыстарын «Автор орындығында» орындайды.

Бағалау

3 мин

Тәуелсіз ел жастары ретінде мемлекетіміздің әлем деңгейінде көрінуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

Әр топ бір сөйлеммен қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма

1мин

Шағын ғылыми жоба жазуға тақырыптар ұсынылады.
1. Сүйінбай өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
2. Сүйінбай –үздік айтыскер.
3.С.Аронұлының ақындық мектебі
4. Сүйінбай өлеңдеріндегі отаншылдық рух көрінісі
5. Ақынның қазақ әдебиетіндегі орны.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Бағалау

2мин

Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Топбасшы оқушы өз тобындағы оқушылардың бағаларын мұғалім дайындаған критерий бойынша бағалайды.

Кері байланыс

2 мин

Кері байланыс парақшасы таратылады

Оқушылар кері байланыс парақшасын толтырып, мұғалімге өткізеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12