Сүйіспеншілік - өмір негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйіспеншілік - өмір негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік - өмір негізі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу орны 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Оқытушы:_Досымова М.Ү.

Топ: _______

Білім алушылар саны:

Тақырыбы: Сүйіспеншілік – өмір негізі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Жақсы көру және кішіпейілділік, жомарттық, аянбай қызмет ету.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларға сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білім алушыларға сүйіспеншілік тақырыбын аша отырып, жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Білім алушыларға өздерінің бойындағы өзара сүйіспеншілікті орнатуды үйрете отырып, жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету қасиеттерін дамыту.

Білім алушыларды биік саналылыққа, азаматтылық пен шыншылдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдары, деректері,

мәліметтері)

слайд, сазды әуен(4:00)

оқу құралдары

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау) «5 Т» ережесі бойынша ынта- зейіндерін сабаққа аудару.

Тәртіп болса, талап болады, онда өзіңде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.

2. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену» жаттығуын орындау.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Мен бір деп санағанда терең тыныс алып, екі дегенде демдеріңізді шығарасыздар.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  • Осы тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар? (білім алушылардың ойларымен бөлісу)

3. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талдау

Слайд.

4. Дәйексөз.


«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық пен адалдық ақ жүректен шығады».

Шәкәрім

- Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Слайд

5. Жана сабақ.

Жоспар:


    1. Сүйіспеншіліктің түрлері.

    2. Сүйіспеншіліктің қасиеттері.

    3. Сүйіспеншілік энергиясын тарату

Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани- адамгершілік білімнің негізі. Сүйіспеншілік барлық құндылықтардың басын біріктіреді.

Қиянат жасамау - түсінудегі Сүйіспеншілік.

Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.

Тыныштық – сезімдегі Сүйіспеншілік.

Ақиқат – ойдағы, сөздегі Сүйіспеншілік

Өзін-өзі танудағы Сүйіспеншілік ұстанымы: Рухани-адамгершілік білім – бұл ішкі жан дүниедегі оқиға. Ал адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.

Эгоистік сүйіспеншілік

Өзара сүйіспеншілік

Риясыз сүйспеншілік - қайтарымсыз сүйіспеншілік (күн сәулесімен бірдей). Бұрын да, қазір де, келешекте де болады, шын сүйіспеншіліктің басы да, аяғы да болмайды.

Риясыз Сүйіспеншілік:

Шынайы сүйіспеншілік басталмайды да аяқталмайды да барлық уақыт категорияларында - өткенде, қазір және ертең де болады.Сүйіспеншілік пен Өмір бір ғана аспекті. Өмір табиғатының өзі сүйіспеншілік болып табылады.

Риясыз таза сүйіспеншілік болған жерде бақытсыздық, ауру-сырқау мен өлім де таңғажайып түрде адамдардың игілігіне айналады.

Ұлы Рухани Ұстаз Абай Қара сөздерінде Сүйіспеншілікті жалпыадамзаттық құндылық ретінде былайша бағалаған «Адамда негізгі екі қасиет болуы тиіс, олар- адалдық және махаббат..», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» Абай рухани сүйіспеншілік және тән құмарлығын о бастан ажырата отырып, «Ғашықтық пен құмарлық – ол екі жол ...»- деген. «Махаббатсыз - өмір бос», - деп Абай атамыз айтып кеткендей махаббат болмаса өмірде өмір сүру қиын болар еді. Мысалы: Отанды алып қарайықшы, Отанға деген махаббат болмаса өмірде сабырсыздық, аяусыздық, кішіпейілділік, сыйластық болмас еді. Сонымен қатар Анаға деген махаббат, отбасына деген махаббат бұлардың барлығы болмаса өмірде аяушылық, мейірімділіктің бірі де болмас еді.

Сүйіспеншіліктің қасиеттері.

  1. Риясыздық.

  2. Аяушылық білдіру.

  3. Қайғыға ортақтасу.

  4. Кешіре білу.

  5. Жомарттық, қолы ашықтық.

  6. Гуманизм (Адамды сүю, құрметтеу).

  7. Аянбай қызмет ету.

  8. Ізгілік, тектілік, рухани байлық.

Слайд

6. Бейнематериалды тамашалау:

1. «Сүйіспеншілік- ұлы құндылық».

7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1.Сүйіспеншіліктің түрлеріне сахналық көрініс көрсету.

Риясыз сүйіспеншілік.

Өзара сүйіспеншілік.

Өзімшіл сүйіспеншілік

2. Оқулықпен жұмыс. Өзін – өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 11- сыныбына арналған оқулық. Ж.Б.Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, Е. Сағымбаев. Алматы. «Бөбек», 2010ж. 34-бет.

Абай жолы

(үзінді)

М. Әуезов

Жақсы жігіт, сұлу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде, Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне Жұқалаған қызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айрылмасқа, кетімпеске серт еткендей. Қазіргі әсем әнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан қауышып табысқан шаттық айтты.

Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: «Көрші бізді, кінәлап көрші!» дегендей.

Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінен бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абай қадала қарап езу тарты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп- жіңішке қастары көтеріліп- жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды.

Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сәлем жолдаған Абай, енді әннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті.

  • Тоғжанды сұлу етіп тұрған қандай күш?

  • Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?

Слайд
































8.Топпен ән айту

Жазира мен Жанболат

Сен Маған Сүюді Үйреттің

Сен маған сүюді үйреттің-ұмытып кеткен едім,
Басымды июді үйреттің-тәкаппар өктем едім,
Шынайы күлуді үйреттің-нөсерлі көктем едім,
Өмірді сүруді үйреттің-ұстассыз мектеп едім,

Сен маған ұшқанды үйреттің-
тордағы бұлбұл едім,
Сезіммен құшқанды үйреттің-
күдікшіл құмбыл едім.

Кім дос,кім дұшпанды үйреттің-уайымшыл бір мұң едім,
Иіскеп қысқанды үйреттің-құшақсыз бір күн едім,
Шынайы күлуді үйреттің-нөсерлі көктем едім,
Өмірді сүруді үйреттің-ұстассыз мектеп едім,
Сен маған ұшқанды үйреттің-
тордаіы бұлбұл едім,
Сезіммен құшқанды үйреттің-
күдікшіл құмбыл едім.

Топпен ән айту:
«Сен маған сүюді үйреттің»


9. Бағалау.

Білім алушыларды сабаққа қатысу деңгейлеріне қарай бағалау.

10.Үй тапсырмасы

1. Оқулықпен жұмыс. Өзін – өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 11- сыныбына арналған оқулық. Ж.Б.Қажығалиева,

Р.О. Ізғұттынова, Е. Сағымбаев. Алматы. «Бөбек», 2010ж. 36-бет.

Ғашықтық ғаламаты (үзінді) оқу, талдау М. Шаханов

2. Өмірлері сүйіспеншілікке толы жандар Тереза Ана, М. Ганди жайлы мәліметтер жинақтау.

Слайд

11. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.

Рахмет.Сау болыңыздар

Слайд







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі