Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сүйіспеншілік - таным жолы ретінде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:
Күні: _______________
№: 7
Мұғалімі:
Сыныбы: 8
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.
Мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. http://bilim-all.kz/ |
Сабақтың барысы:
5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену».
1. №5 – сабақ. Аса көрнекті ғалым, академик Қ.Сәтпаев өмір жолы туралы эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №6, «Хаттар»
мәтінін оқып келу. 1. Ыбырай Алтынсарин халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат қойды? 2. Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер қаншалықты маңызды? 3. Ұлы ұстаз кітаптың мазмұнына не себептен аса мән берді? 4. Оның еліне сүйіспеншілігі қандай іс – әрекеттерінен көрінеді? 5. Өзің халқыңның болашағы жарқын болуы үшін қандай мақсат қояр едің? |
|
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Махаббат – іс – әрекеттің қуатты көзі. Г. Гельвеций
Клод Адриан
Гельвеций (1715-1771) -
18 ғасырдағы француз ғалымы. 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Ханның ісі қараға түседі ме?1 Адам үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Көңілімдегі ойға алған істеріне қол жеткізуді ойлайды. Оның жолында қанша адамдармен сыйлас, сапарлас болады. Жанын түсінетін серік іздейді. Бәлкім, адамдардың мүмкіндігі де осыдан бастау алатын шығар? Адамдардың өмір жолдарының тоғысуы да қызық-ақ. Біреу мектепте, бірі жоғарғы оқу орнында, біреу әскери борышын өтегенде, бірі қызметтес болғанда, енді бірі ауруханада... танысып, табысып жатады. Әсіресе, өмірге деген көзқарастарының бірлігі, мінездерінің сәйкестігі жолдастық жолдарын ұзарта түседі. Осындайда бабаларымыздың сөзі ойға оралады «Жүз теңгең болғанша, жүз жолдасың болсын» - деген. Мұны бүгінгі өмірдің адамдары «жүз долларың да, жүз жолдасың да болсын» - дейді. Қазіргілер араласар адамын таңдап барып, белгілейді. Ал кейбіреулерін өмірдің өзі көрсетіп жатады. Шынын айту керек, көбінесе бастық пен бастық, бай мен бай, іскер мен іскер, қойшы мен қойшы... достасуға ұмтылады. Бұл әсіресе жұмысы, тыныс-тіршілігі, ойы, қызығушылығы, мүддесі бір болғаннан шығар. Ал бастық пен қарапайым қызметкердің, баймен кедейдің, іскер мен жұмыссыздың сыйластығын байқай қоймайсыз. Күштілер әлсіздерді менсінбейді. Әлсіздер күштілерге жете бермейді. Оны уақытты текке өткеру деп біледі. Бүгін кедей ертең бай болмасына кім кепіл. Бүгінгі байдың ертең кедейге айналмасына ешкім де ештеңе айта алмайды. Тағдыр - шебер бәрін орнына қойып жатады. Жалғанды жалпағынан басып, асып-тасқандар да тәубасына келеді. Ертеде бір жолбарыс ұйықтап жатса үстінен бір тышқан өте беріпті. Оянып кеткен жолбарыс тышқанды ұстап алып, сығымдап, өлтіруге айналады. Жаны қиналған тышқан еңіреп жылап тұрып: О, тақсыр! Өзіңе айтатын арызым бар. Мені өлтіре көрме. Күнәмды кешіре гөр. Білместік өтті басымнан. Тірі жүрсем мен де саған пайдамды тигізермін, – деп жалбарыныпты. Сонда жолбарыс бармақтай тышқанның сөзіне қарқылдап күліп: –Мен жолбарыспын! Күшім де мығым. Сен шырпы сындыра алмайтын тышқансың.Сонда да қалжыңың қызық екен. Мына түріңмен сен маған қалай қызмет етпексің? Дегенмен, әзілің ұнады. Босатайын, бар, бара ғой, – деп тышқанды қоя беріпті. Тышқан: –Жолбарыспен дос болдым! – деп мақтанып жорғалай жөнеліпті. Өмір деген қарама-қайшылыққа толы емес пе? Күндердің күнінде жолбарыс тоғайда жортып жүргенде мойны аспалы тұзаққа ілініп қалыпты. Қанша бұлқынса да босана алмай қиналыпты. Жолбарыстың гүрілдеген дауысын естіген тышқан жетіп барыпты. Жолбарыс қинала: – Ей досым, мынаның бір амалын жасашы, – деп көмек сұрапты. – Қазір, қазір... – деп зыр жүгіріп жүріп, тұзақтың жібін тісімен қырқып үзеді. Тышқанға разы болған жолбарыс: – Рахмет, досым. Бұл жақсылығыңды өмір-бақи ұмытпаймын, – деп қайталай беріпті. Иә, ажал тырнағынан алып қалған бармақтай тышқанғажолбарыс осылай разы болған екен. Иә, мұндайжағдай өмірде болмай қалмайды. Ауылдан іздеп келіп қаладағы бастық досының кабинетіне кіре алмай отыратындар да бар. Немесе керісінше, үлкен лауазымдағы басшы ауылдағы қарапайым шаруа досын арнайы іздеп баратыны бар. * * * Иә, кіршіксіз көңілге, шынайы сыйластыққа не жетсін? «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» - деген сөз бар халқымызда. Ертеңгі күніңді ойлан. Сұрақтар:
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. 1 – топ: «Жанашырлық» 2 – топ: «Мейірімділік» 3 – топ: «Сүйіспеншілік» 4 – топ:
«Ізгілік» |
|
6. Топпен ән айту. 1. Асқар тау әке саялы |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №7 – сабақ. «Сүйіспеншілік елінде» эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №8, «Балапан торғай» мәтінін оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|
1Ысқақ. Ә. Абзалдық әліппес. – Шымкент: Шекер, 1996. –78-79 бет.