«Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзiмі:

Тақырып: «Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, жан – жануарларды жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық;

Мұғалiм: 

Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Оқушыларға барлығын жақсы көру туралы түсінік беру;

- Бәріне сүйіспеншілікпен қарап, жақсы көруді арттыру;

- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға өзін – өзі алдамауға тәрбилеу;

Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

ІІ. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік – жүректе»

Халық даналығы

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)


ІІІ. Әңгiмелеу

  • «Асқан асыл сыйлық» ертегі.

  • Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

  • Өздерің ата – аналарыңа қандай тілек тілер едіңдер?


ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма

Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар.

2 – тапсырма

Риясыз сүйіспеншілікті білдіретін іс – әрекеттерді сахналап көрсетіңдер.

Жаңаны білеміз

Риясыз сүйіспеншілік – асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. Риясыз сүйіспеншілік марапат, сый талап етпейді. Риясыз сүйіспеншілік – адамға берілген сый.


Ү. Топпен ән айту.

Ақ мамам

Өлеңі мен әнін жазған Сағит Садықов


Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің – бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.


Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, ақ мамам.


ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі