«Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзiмі: 

Тақырып: «Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, жан – жануарларды жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық;

Мұғалiм: 

Сабақ мақсаты: Сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - Оқушыларға барлығын жақсы көру туралы түсінік беру;

- Бәріне сүйіспеншілікпен қарап, жақсы көруді арттыру;

- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға өзін – өзі алдамауға тәрбилеу;

Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

ІІ. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік сый талап етпейді»

Халық даналығы

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)


ІІІ. Әңгiмелеу

«Мейірбан әйел» ертегі.

  • Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  • Осындай жағдайда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойлайсыңдар?

  • Сендердің өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілік көрсеткен адамдар болды ма?


ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма

Үлкендердің көмегімен ұлы бабаларымыздың ізгілік, қайырымдылық туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.

Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы — 950, Сирия,Шам) — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.

Әл-Фарабидің «Кitab ihsa' al-'ulum» (Қазақша: «Ғылымдар энциклопедиясы»,

Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб(Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.

Жүсіп Баласағұн. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулетімемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты.

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".

2 – тапсырма

Жағдаятты шешіңдер. Мысал әңгімедегі қыз қай ойын жүзеге асырғаны дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?

Мысал әңгіме

Оқушы қыз мектепке жиналып жатқан. Апасы оған «достарымен бөлісіп жесін» деп, бір қорап кәмпит ұсынды. Алайда қыздың басына небір ойлар келді. Оның бір ойы: «кәмпитті мені ғана жақсы көретін балаға беремін» деді.

Енді бір ойы: «кәмпитті маған жақсы бір зат берген балаға ғана беремін. Ал егер, ештеңе бермесе, мен де оған бермеймін» деді.

Тағы бір ойы: «кәмпитті достарыма теңдей бөліп беремін, бәрі қуанып қалсын» дейді. Қай ойын жүзеге асырса екен?

3 – тапсырма

Өздерің сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?


Тестілеу

1 – тест

Сыныпқа жақында ғана жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Сурет сабағында сыныптасың екеуің бояуға таласып, сен байқаусызда қабырғаны бүлдіріп алдың.

Сенің әрекетің?

А) Бұл қылығыңды мойындасаң да, білмегенсіп жүре бересің.

Ә) Сен болған істі мүлдем мойындамайсың.

Б) Сен мұғалімнен кешірім сұрап, қабырғаны тазалайсың.

2 – тест

Отбасында әпкеңнің туған күні тойланды. Құрбылары оған әдемі гүлсауыт сыйлады. Сен оны байқаусызда құлатып сындырып алдың.

Сенің әрекетің?

А) Сындырғаныңды ешқашан мойындамайсың.

Ә) Байқаусызда сындырып алғандықтан, кешірім сұрауды қажет деп санамайсың.

Б) Байқаусызда сындырып алғаныңды айтып, әпкеңнен кешірім сұрайсың.


ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі