Материалдар / "Сүйкімді ару-2019"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сүйкімді ару-2019"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың астыннан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Сүйкімді ару- 2019» байқауының жүру барысы.
1 – жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар,  көктем гүліндей жайнаған
ұстаздар, аяулы қыздар.
2 – жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 – наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 – жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «
Сүйкімді ару-2019 байқауын» тамашалауға қош келдіңіздер.
Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға  туыстық

Бар адамға берсе бар мейрімін

Орнар еді бар әлемде тыныштық

Қар астында  қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып,

Аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың  астыннан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.
1 – жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық – деп

2 – жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Сүйкімді ару-201
9» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік – әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 – жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.– дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 – жүргізуші:
1 – № 1 аруымыз______________________________________
№ 2 аруымыз________________________________________

– № 3 аруымыз_______________________________________
№ 4 аруымыз_________________________________________

5 аруымыз_________________________________________
№ 6 аруымыз_________________________________________
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқа
сының төрағасы_________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

Сайысқа қатысушы арулар реттік номерлерін аламыз.

2 – жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І – бөлім: «Сәлем –сөздің атасы» –  деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ – бөлім «Өнерлі өрге жүзер» – деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ – бөлім: «Білімді мыңды жығар»  – деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз берілген сұрақтарға жауап береді

ІV-бөлім «Он саусағы майысқан» -деп аталады.Бұл бөлімде аруларымызға 15 мин уақыт беріледі қолдарынан келген бұйымдарын жасайды.Жасалған бұйымды таныстырады,ұқыптылығына қарайсыздар.

V-бөлім. «Қыздарға әсемдік жарасады» Бұл бөлімде аруларымыз түрлі материалдардан жасалған киім үлгісін көрсетеді,бұл жерде сахнада жүріп тұруы ескеріледі.

2 – жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын – деп ан
алар сіздерге арнап ән жолдаймыз.


Ән:Сіздердің құрметтеріңізге 2 а сынып оқушысы Қалабайқызы Сымбаттың орындауындағы «Апатайым анашым» әнін қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы – әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі
 «Сәлем –сөздің атасы»  бойынша аруларымызды өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз ———– Қарсы алыңыздар
2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз ———–
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз

2 – жүргізуші
ІІ бөлім: 
 «Өнерлі өрге жүзер»
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
№ 1 аруымыз: ——-

2 – жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша
2 «Б» сыныбының вальс биін тамашалаңыздар.
1 – жүргізуші
Қазылар алқа
сының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 – жүргізуші
ІІІ бөлім
 «Білімді мыңды жығар

Жас ару‒жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,‒дей келе сұрақ‒жауап бөліміне шақырамын. 

1 – жүргізуші

Келесі кезекті 4 сынып оқушысы

Шебердің қолы ортақ»
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата‒баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.

Аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша 2 сыныптың қыздарының андижан биін тамашалаңыздар.

1 – жүргізуші

 Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды
ортаға шақырамыз. Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді.

2 – жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар – дей келе қазылар алқа
сының қорытындысын тыңдайық.

1 – жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай – пай шіркін!
 Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Сүйкімді ару-2019»байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!