Сүйкімді бүлдіршін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйкімді бүлдіршін

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйкімді бүлдіршін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сүйкімді бүлдіршін.

Армысыңдар құрметті қонақтар. Бүгінгі өткізгелі отырған «Сүйкімді бүлдіршін»сайысына қош келдіңіздер.

Кімдер күшті кім алып, Әділ қазы көріңіз. Қара қылды қақ жарып, Әділ баға беріңіз.

Ендеше бүгінгі байқаудың әділ бағасын беріп,жеңімпаздарды анықтайтын әділ қазы алқасымен таныс болайық.

1.

2

3.

Олай болса сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.

1.Өзін-өзі таныстыру.

2.Өз өнері.

3.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

4.Сән үлгісі.

Бұл сайысқа бөбекжай бүлдіршіндері қатысқалы отыр.Құрметті қонақтар сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сәлемдесу игі дәстүр киелі, Сөзбен қарап,кейде шешер шиені. Жақсы сөзге жан семірер қашанда, Жолданады сайыскерлер сәлемі. Өнердің нәр береді шапағаты, Әркімнің өнерге бар махаббаты. Талпынып сайыскерлер шықшы қане, Көрермен қошеметпен қол соғады.

Ортаға сайысқа түсетін бүдіршіндерімізді шақырамыз.

1-сайыскер Өзбек Әміре дайындаған тәрбиеші Селбаева Гүлшат

2- сайыскер Рысбай Інжу дайындаған тәрбиеші Жалғасова Нұргүл

3- сайыскер Бақытжан Аружан дайындаған тәрбиеші Омиркулова Жанат

4- сайыскер Қуаныш Жансұлу дайындаған тәрбиеші Баршагүл Аяғанқызы

5- сайыскер Садыханов Ұлан дайындаған тәрбиеші Ергалиева Жансая

6- сайыскер Нұрбергенова Бейбіт дайындаған тәрбиеші Тілегенова Жұлдыз

7- сайыскер Сагиев Ерасыл дайындаған тәрбиеші Жолдасова Гүлдана

8- сайыскер Жомартұлы Мейрамбек дайындаған тәрбиеші Чимбаева Гүлайым

9- сайыскер Зайден Нұргиса дайындаған тәрбиеші Бисенова Жүрсінай

Тәрбиешілерді жеребе алу үшін ортаға шақырамыз.

Өнер қуып әр бірі өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген өрендер кезектесіп, Таныстырып өздерін өтсін дейміз.

Сайыскерлерді ортаға ретімен шақыамыз.

I-бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің әділ бағасын сұраймыз.

II-Ендеше сайысымыздың 2-бөліміне көшейік.

II-бөлім «Өз өнері»

Ерке өсіп,кең жайлаған ұл мен қыз, Асыға сәлем жолдап жүректен біз. Тәтті күй,асқан ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп келіп тұрмын дейді.

«Қуыршақ »биімен Бақытжан Аружанды қарсы алайық.

Бала бала балдаймыз, Балдай тәтті боламыз. Бала болып ән салып, Ән де айта аламыз.

Садыханов Ұланды «Маряк» биімен қарсы алайық.

Құлақтан кіріп,бойды алар, Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй -деп келіп тұрған

Жолдас Жанрайсаны «Ерке қыз»әнімен қарсы алайық.

Біз бақытты баламыз, Би билеп ән де саламыз. Құс болып қанат қағамыз, Міне былай қараңыз- деп

ортада орыс биімен Рысбай Інжуді қарсы алайық.

Қыран баптар сұңқарын, Қалықтап бойға шырқаған. Тыңдайық енді көрермен, Шырқасын қазақ тұлпары.

Ортада «Қошақаным»әнімен Жомартұлы Мейрамбекті қарсы алайық

Мәнерлеп оқу Сагиев Ерасыл

Әкесі Тоқтамысов Арыстанның «Тәрбиеші апайлар»өлеңі

Мың бұралып билеген.

Бишіні кім сүймеген?!

Қараңдаршы Бейбітке

«Көбелек»биін билеген.

Ортада «Көбелек» биімен Нұрбергенова Бейбітті қарсы алайық.

Мәнерлеп оқу Зайден Нұрғиса

Мұқағали Мақатаевтың «Туған күнім» өлеңі

Біз бақытты баламыз, Би билеп ән де саламыз. Құс болып қанат қағамыз, Міне былай қараңыз- деп

Ортада «Шөжелерім» биімен Қуаныш Жансұлуды қарсы алайық

Қыран баптар сұңқарын, Қалықтап бойға шырқаған. Тыңдайық енді көрермен, Шырқасын қазақ тұлпары

Өзбек Әмірені «Наурыз» әнімен қарсы алайық

II -бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің әділ бағасын сұраймыз.

III бөлім

Ал балалар сұраққа қалайсыңдар, Сіздер өтер әлі де талай сын бар. Тапқырлықпен тауып айт,қысылмай-ақ, Жауап берсең жарайсыңдар.

Сайысымыздың келесі бөлімі сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ортаға сайыскерлерімізді ретімен ортаға шақырайық.

III -бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің әділ бағасын сұраймыз.

Шеберлерді танисыздар сіз қайдан? Әрине,майысқан сол бармақтан, Шеберлігін көрсетеді алыңызда, Сыйқыр жасап төртбұрышты қағаздан.

Сайысымыздың келесі бөлімі сән үлгісі

Сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырамыз.

IV-бөлім бойынша әділ-қазылар алқасынан сайыскерлеріміздің әділ бағасын сұраймыз.

Ән:«Дастархан»

Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2020
1014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі