Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сүлік. Ғылыми жоба.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ.
Ғылыми жоба тақырыбы: «Сүлік және оның емдік қасиеті».
Жетекшісі: Оспанов Азамат Шәріпұлы
2023ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Сүлік және оның тіршілігі .......................................................................4
2. 2 Сүлікпен емдеу ..........................................................................................5
2. 3 Сүлік туралы аңыз.....................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................12
АБСТРАКТ
Зерттеудің өзектілігі: Сүлік өте сезімтал жәндік. Ол кіршіксіз тазалықты, тыныштықты ұнатады. Қанмен қоректенеді. Қатты дауысты, иіссу тәрізді өткір иісті ұнатпайды. Сондықтан да оны осы «мінезіне» қарап, кірпияз деуге болады. Ол науқастың көңіл-қошының жоқ екенін сезінсе, жоламайды. Аш сүлік емге жақсы. Оны тым жиі, көптеп салу адам денсаулығына зиян келтіруі де ғажап емес. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер сүліктің өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның тіршілігіндегі қызықты жақтары ашылса, сонымен қатар оның медицинадағы пайдалы жақтары мен зиянды тұстары жүйеленіп берілсе, сүлік туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Ғылыми жұмысының максаты. Киелі саналған сүлік жәндігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның сан-алуан құпия сырларын ашу. Медицинада тигізетін пайдалы жақтары мен зиянын айқындау.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
1. Сүлік жәндігінің сан алуан қыр-сырын ашу;
2.Оның тіршілігіндегі ерекшеліктерін айқындау;
3. Медицинадағы пайдалы және зиянды жақтарын талдау;
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Сүлік жәндігінің өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның тіршілігіндегі қызықты жақтары ашылады, сонымен қатар оның медицинадағы пайдалы жақтары мен зиянды тұстары жүйеленіп беріліп, сүлік туралы таным-түсініктеріміз арта түседі, оның пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Жұмыс қорытындысы. Сүлік жәндігінің тіршілігіндегі қызықты деректер кеңінен талдауға алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Сүлік жәндігінің қыр-сырын жетік меңгердік.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта осы жәндікті әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына, дүниетану, жаратылыстану сабақтарында, таңдау курстарында кеңінен қолдануға енгізуге болады.
Жұмыстың орындалу әдістері. Сүлік жәндігінің өмір тіршілігімен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылған.
АБСТРАКТ
Актуальность исследования: пиявки очень чувствительное насекомое. Он любит безупречную чистоту, спокойствие. Питается кровью. Не любит громкого, духового, проницательного запаха. Поэтому можно сказать, что он смотрит на этот «характер». Он не допускает, если он чувствует, что у больного нет настроения. Голодная грудь лучше для лечения. Это не так часто, как много может нанести вред здоровью человека. Прогноз научно-исследовательской работы: свойства и тайны собственной секретной сүліктің Если всесторонне были интересные стороны его жизни, в том числе с его стороны, а также вредных и полезных моментах в медицине систематизированы, то познания о пиявок-арта поступлением түсініктеріміз бы его прибыли, в совершенстве владеющей своей қажетімізге могли бы эффективно заключении.
Цель научной работы. Раскрыть многообразие секретных красок пиявки, проявляя свои особенности священного живого насекомого. Определение полезных сторон и вреда, наносимых в медицине.
Задачи научной работы:
1. Открытие многообразия пиявки;
2.определение особенностей его жизнедеятельности;
3. анализ полезных и вредных сторон в медицине;
Научная новизна научной работы. Тайны секретной свойства пиявок жәндігінің самостоятельной и всесторонне были в жизни интересные стороны, открывается его, также в медицине его полезные и вредные стороны, в моменты систематизированы правила об пиявок познания возрастает, его прибыли, в совершенстве владеющей своей пользы могли бы эффективно заключении.
Итоги работы. Наиболее широко проанализированы интересные факты жизни молочного насекомого.
Теоретическая значимость исследования: мы хорошо освоили грани молочного насекомого.
Практическая значимость исследования: материалы, собранные в результате исследования, в дальнейшем могут быть использованы для дальнейшего изучения и изучения данного насекомого, а также для широкого использования в учебно-методической работе школы, на уроках познания мира, естествознания, на курсах по выбору.
Методы выполнения работ. Использовались методы глубокого изучения жизни насекомого, сбора данных, научного поиска, исследования, анализа, сравнения.
ABSTRACT
Relevance of the study: leeches are very sensitive insect. He likes impeccable purity, calm. Feeds on blood. Not like loud, brass, penetrating odor. So it can be said that he looks at this "character." He does not allow if he feels that the patient is not in the mood. Hungry Breasts are better for healing. It is not as common as much can harm a person's health. Forecast of scientific-research work: the properties and secrets of their own secret slot If comprehensively was an interesting side of his life, including his hand, and harmful and beneficial aspects in medicine systematized the knowledge about leeches-art flow tsars would profit, fluent in his agethe could effectively conclusion.
The purpose of scientific work. Reveal the variety of secret colors of the leech, showing their characteristics of the sacred living insect. Determination of the benefits and harms in medicine.
Tasks of scientific work:
1. Discovery of the leech variety;
2.determination of the features of his life;
3. analysis of useful and harmful aspects in medicine;
Scientific novelty of scientific work. Secrets of the secret properties of leeches indgen independent and full of interesting hand, opens it, also in medicine it is useful and harmful side, in moments of systematic rules about the leeches of knowledge increases, its profits, fluent in its use could effectively conclusion.
Result of work. The most widely analyzed interesting facts of life of the milky insect.
Theoretical significance of the study: we have well mastered the facets of the milky insect.
Practical significance of the study: the materials collected as a result of the study can be used for further study and study of the insect, as well as for wide use in educational and methodological work of the school, in the lessons of world knowledge, natural science, elective courses.
Methods of work. Methods of in-depth study of insect life, data collection, scientific search, research, analysis, comparison were used.
Мектеп Б.Биболатұлы атындағы ОББМ
Назарбек Нұрасыл «9» сынып оқушысы
«Сүлік және оның емдік қасиеті»
ғылыми жобасына
Пікір
Оқушы Назарбек Нұрасыл «Сүлік және оның емдік қасиеті» атты ғылыми жұмысы «Пайғамбар құрты» аталып кеткен сүлік және оның тіршілігі, сүлікпен емдей жолдарын, оның ем болатын ауруларын таныстырып, оның өзіндік қасиеттерін айқындауға арналған.
Сүліктің емдік қасиетінің негізгі сыры адамның бойынан арам қанды сорып алып, қан айналысын жақсартумен бірге, биологиялық белсенді заттарға бай түрлі ферменттерден тұратын сілекейлері арқылы ағзаларды емдейді. Осындай алуан түрлі ферменттер өз алдына, одан бөлек қанның ұюына жол бермейтін гирудин мен жүзге жуық биологиялық заттар тәнді жақсартып, ағзаны жасартады.
Ғылыми жұмыста сүліктің емдік қасиеттері жан-жақты ашылып, оның шипа болатын сырқаттары көрсетілген. Әсіресе, оған қатысты аңыз әңгіме ғылыми жұмыстың құндылығын арттыра түскен.
Ізденуші сонымен қатар, сүлікке қатысты ел аузындағы өлең жолдарын келтіреді.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Б.Биболатұлы атындағы ОББМ «9» сынып оқушысы
Назарбек Нұрасыл «Сүлік және оның емдік қасиеті»
атты ғылыми зерттеу
жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2023 жыл)
№ |
Атқаратын жұмыс тізімі |
Мерзімі |
Жетек-ші қолы |
Нәтижесі |
1 |
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу |
Қаңтар, ақпан 2023 ж |
|
« Сүлік және оның емдік қасиеті» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді. |
2 |
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. |
Сәуір, мамыр 2023 ж. |
|
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді. |
3 |
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу |
Маусым-тамыз 2023 ж. |
|
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым. |
4 |
Ғылыми жетекшіден кеңес алу |
Қыркүйек-қазан 2023 ж. |
|
Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім. |
Кіріспе
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Дені сау адамның көңіл шат, өмірі бақытты.
Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса «Дені саудың – жаны сау», сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапты қарауы керек. Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – бұл Республикамыздың жетістігі екендігін айтқан. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені – біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.
Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтандары да жоқ. Сүліктер – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.
Сүліктер тұщы суда тіршілік ететін иірілмелі құрттар. Жер шарында сүліктің 400-ге жуық түрі бар, ал емдік мақсатта тек бір түрі – медициналық сүлік қана қолданылады.
Мақсаты: Сүліктің адамға пайдасын анықтау және халық емшілігінде, медицинада қолдану жолдарын бақылау.
Негізгі бөлім
2. 1 Сүлік және оның тіршілігі
Сүліктің ұзындығы 12 см-ге дейін, түсі жасылдау болып келетін, арқасында ұзына бойы қызғылт-сары сызықтары бар. Бұл оны басқа сүліктерден ажыратуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгісі. Сүліктің аузында майда тісті үш жағы және қанның ұюына жол бермейтін ерекше зат – гирудин бөліп шығаратын сілекей бездері бар.
Алыс шетелдерді былай қойғанда, сүлік салуды емшілер Ресейде ХҮІ ғасырдан бастап қолға алған. Сүліктің түрлеріне келетін болсақ, басылымдардың көпшілігінде ол екі түрге бөлінетіндігі айтылады. Олар: жылқы сүлігі және медицина сүлігі. Ал кейбір жерлерде ол 3 түрлі болады деп, жоғарыда аталғандарға балық сүлігі қосылады. «Қызыл кітапқа» енгізілуіне табиғаттағы түрлі улы заттардың зияны себеп. Сүліктің көлемі әртүрлі. Ересегінің ұзындығы – 7 сантиметрден 15-20 сантиметрге дейін, халық емшілері тиімді пайдаланып келеді.
Медицина ғылымында денеге сүлік салып емдеудің түрі «гирудотерапия» деп аталады. Мұндағы «gerudіs» сөзі қазақша «сүлік» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі медицина классиктері Гален, Ибн Сина, Гиппоктар бас сақинасы, жүрек сырқаттары, жоғары қан қысымы, көтеу кезінде қан алдыру туралы айтқан.
Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда тамаша нәтижелер беретін көрінеді. Сүлікті ертеректе құшнаштар мен оташылар дененің қажетті жеріне салған. Кейін келе бұл міндетті арнайы оқыған мамандар атқаратын болды. Гирудотерапев маманның айтуынша, дүниежүзіндегі сүлікпен айналысатын, ұдайы өздері де сүлік қолданып жүрген мамандардың барлығының дерлік жастары 80-нен асқан көрінеді. Бұл бәлкім сүліктің адам жасын жасартатынының анық дәлелі болса керек. Мәселен, сүлік саласын зерттейтін, көптеген ғалым-профессорлар: израильдік профессор Рэгби, ресейлік ғылым Баскова, германиялық профессор Фриц, қытайлық профессор Ой секілді сүлікші ғалымдардың барлығының дерлік жастары 70-80-нен асып кеткен көрінеді. Ал қазақстандық Нәзігүл Нұрахметқызының осы саланы таңдауына себеп болған, талай жылдар сүлікті өзі де пайдаланған емші Бәкетай атасы 90 жасқа келген екен.
Сүлік өте сезімтал жәндік. Ол кіршіксіз тазалықты, тыныштықты ұнатады. Қанмен қоректенеді. Қатты дауысты, иіссу тәрізді өткі иісті ұнатпайды. Сондықтан да оны осы «мінезіне» қарап, кірпияз деуге болады. Ол науқастың көңіл-қошының жоқ екенін сезінсе, жоламайды. Аш сүлік емге жақсы. Оны тым жиі, көптеп салу адам денсаулығына зиян келтіруі де ғажап емес. Адамның бойындағы аурудың сипатына қарап 3-5 рет, сырқап дендеп кеткен болса, 7 ретке дейін салады. Сүлік арам қанды сорып алумен ғана шектелмейді, оның орнына сілекей құрамындағы күрделі заттардан тұратын биологиялық қоспаларды жібереді. Міне, осы қоспа адамның көп аурудан сауығуына ықпалын тигізеді. Табиғи тәсілдер қолданыла, тірі жәндіктер пайдаланыла жасалатындықтан емнің бұл түрі – гирудотерапия деп аталады. Сүлік сондай-ақ адам бойындағы сары суды сорады, тұзды да алады.
2. 2 Сүлікпен емдеу
Бүгінде Қазақстанда да сүлік салу арқылы емдеу ісі біртіндеп кең етек алып келеді. Соның ішінде біздің Қызылордада да арнайы мамандар емнің осы түрімен айналысуда. Мәселен, ондай орталық облыстық медициналық орталықта да бар. Оны ақылы терапия бөлімінің бас дәрігері Биқан Райымқұлова жүргізеді. Орталыққа келушілер қашанда көп. Бірақ адам денесінің әр түрлі нүктелеріне сүлік салудың да реті бар. Оны мамандар айдың толуына байланысты әр түрлі науқастарға салып отырады.
Сүліктің емдік қасиетінің негізгі сыры адамның бойынан арам қанды сорып алып, қан айналысын жақсартумен бірге, биологиялық белсенді заттарға бай түрлі ферменттерден тұратын сілекейлері арқылы ағзаларды емдейді. Осындай алуан түрлі ферменттер өз алдына, одан бөлек қанның ұюына жол бермейтін гирудин мен жүзге жуық биологиялық заттар тәнді жақсартып, ағзаны жасартады. Ол бір сағаттың шамасында адамнан 15 милилитрдей қан сорып алады.
Сүлік салған адам үш күн диета ұстау керек. Мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б.) пайдаланғаны абзал.
Маман дәрігердің айтуынша, жоғары қан қысымы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, тромбофелит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, неврит, гипертензивті синдром, холецисит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік, эндометриоз, семіздік, аналық бездер поликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есекжем, остеохондроз, отадан және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, организмді жасарту үшін сүлікті қолдануға болады.
Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде.
Бүгінгі таңда ауырып-сырқамай-ақ денесіне сүлік салдыратын кісілер көбейіп келеді екен. Себебі, сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшері күрт төмендейді. Сонымен бірге ұсақ қан қатпалары жойылып, ісікке қарсы және ауырсыздану механизмдері іске қосылады. Мұндай емдерге негізінен аш сүліктер жаратылатынға ұқсайды.
Медициналық сүліктің сілекей бездерінің сөлінде 100-ден аса биологиялық белсенді заттар бар, олар ісікке қарсы, бактериостатикалық, ауырсыздандырушы, таратушы әсерге ие, сондай-ақ микроциркуляциялық бұзылыстарды, тіндер мен ағзалардағы тамыр өткізгіштігінің бұзылуын жояды, гипоксияны кетіреді, қан қысымын төмендетеді, организмді қоқыстан тазартады, миокард инфаркті, инсульт секілді қауіпті асқынулардан сақтайды.
Сүлік салынатын жердегі тері алдын-ала бір шөкім сулы мақтамен немесе дәкемен ысқылап, қызарғанша сүртіледі. Терідегі кез-келген хош иісті затты жою үшін мақтаны екі-үш рет ауыстырады. Теріні заласыздандырушы спиртті сұйықтықтармен сүртудің қажеті жоқ. Өйткені кез-келген бөгде, табиғи емес иіс сүлікті шошытады.
Сүлікті теріге антибиотиктерден қалған шишалармен немесе құтымен қояды. Сүлік қадалу бойына ирелеңдей бастайды, сол сәтте ыдысты алып тастайды да, сүліктің астына бір қабат мақта, дәке салады. Гирудотерапия сеансы қан толық сорылғанша, сүлік өзі түсіп қалғанша жалғасады. Ем-шарадан кейін сүлікті формалин немесе мүсәтір ерітіндісіне салып, жояды. Емге бір рет қолданылған сүлікті екінші рет қолдануға болмайды, медициналық орталықтарда қолданылған сүліктер іле-шала жойылып отырады. Айта кетер жайт, сүлік емінің ең арзаны біздің елімізде екен.
Сүлік тістеген жерлерде үш сәулелі жаралар қалады. Олардан қан 6-24 сағат бойы ағады. Қанап тұрған жараларға асептикалық таңғыш тағады. Егер қан тоқтамаса, келесі күні жаңа таңғыш тағылады. Қанның тоқтауын тездету үшін изотоникалық ерітіндісі бар қысатын таңғыш салуға болады. Қан тоқтаса жараның шетіне йод ерітіндісін жағады немесе тағы бір тәулікке асептикалық таңғыш тағады.
Гирудотерапияға абсолютті қарсы көрсетім – гемофилия, яғни, қанаққыштық ауруы. Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер: жүктілік, айқын астения, қаназдық, гипотензия, аллергиялық реакциялар, екінші қайтара болатын иммунитет тапшылығы, кахексия.
Сүлікпен емдеу барлық соматикалық аурулардың қалыпты еміне қосымша ретінде қолданылады.
Сүлік жас балалардағы жарық (грыжа), тіл-көз тию, шошыну, іш аурулары, ал ересектердің қан тамырлары ауруы, адамның бүйрек, бауыр, ішек, асқазан, жүрек сияқты ішкі құрылыстарының аурулары, гинекологиялық ауруларға ем. Бұл аталғандармен шектеліп қалуға болмайды. Оның ем болатын аурулары көп.
Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолдану кезінде әйелдер ауруларынан айығып қана қоймай, гормондық – зат алмасу процестері жылдам қалпына келетіні байқалған. Сондай-ақ бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулардың алдын алумен қатар, сүлік кейбір жағдайларда негізгі ем ретінде де қолданылады. Әсіресе, сүлік операциялардан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда дәрігерлер операциядан соң, сүлік салдыруға кеңес береді. Сүлікті қолданғанда науқастың жасына,, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан қысымының көрсеткішіне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді.
Сүлік салу – табиғи емнің ең көне түрі. Жалпы, оны пайдаланғанда ем шипалы болу үшін адамға ең алдымен сенім қажет. Сырқат адамның «осы ем маған қонады, пайдасы тиеді» деген ішкі сенімі болуы қажет.
Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – 1998 жылдан бері жұмыс жасайтын Қазақстандағы бірінші медицина сүлігімен емдеу орталығы.
Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда. Мысалы, қанды сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған препарат болғандықтан организмге кері әсері көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметика аллергия тудырмайды.
2. 3 Сүлік туралы аңыз
Сол сүлік туралы ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс сапардан шаршап-шалдығып келе жатып, жол-жөнекей кездескен бір көлшіктің маңына демалады. Ұзақ жолды жаяулап-жалпылап жүргендіктен, аяғы домбығып ісініп кетіпті. Әлгіндегі көлшіктің жағасына жетіп, шаршаған аяғын дамылдатпақ болып қисайса, көп ұзамай қатты ұйықтап қалады. Бір уақыттары ұйқысы қанып, тыңайып оянып кетсе, бойы біраз жеңілдеп қалғанын байқайды. Аңғарып қараса, ісініп кеткен аяқтары да қайтып, қалпына келіп қалыпты. Ал аяғының тобығында бір қара қошқыл ұзын құрт жабысып тұр екен. Пайғамбар әулиеміз осының бәрі бір томпақ құрттың арқасында болғанын ұғынып, оған шарапаты түсе мейірленіп қарайды. Орнынан сәл көтеріліп, оң қолын созып жіберіп, әлгі құрттың жон арқасынан сипаған екен жарықтық сол кезде. Сүлейменнің сол сипасынан құрттың арқасына бірден таңбалы дақтар түсіп, тұра қалады. Мұны кейінгі жұрт «Сүлеймен пайғамбардың қолының іздері» деп атап жүр. Болса болар, жер-жаһандағы барлық жан-жануарлар мен құстардың түгел тілін білген пайғамбардың мұндай қасиеті болғанына сенбеске болмас. Осылайша пайғамбардың ризашылығына бөленген сүлік атты құрт адамзат баласының содан бергі өте сирек кездесетін жәндіктерінің біріне айналып келеді.
Біздің ата-бабаларымыз да аталмыш жәндіктің адам ағзасындағы қан айналымын жақсартып, жүрек соғысын қалпына келтіруде өлшеусіз пайдасы бар екенін жақсы білген. Олар сондықтан оны ерте замандардан «әулиеқұрт» деп атаған. Сүлік және оның денсаулыққа ететін пайдалы әсерлері туралы жазбалар ерте дәуірлердегі Мысыр перғауындарынан қалған папирус қағаздарда сақталған. Сүлікпен емдеудің атам заманнан бері келе жатқанының тағы бір айғағы, Үндістанның көп қолды Дханвантари емші құдайының бір қолында сүліктің суреті тұрса, келесі қолында шөптің суреті болған. Бір ғажабы, сүлік атты қасиетті құрт Құран Кәрімде де бар. Бұл қасиетті кітаптың «Нахыл» сүресінде кездеседі. Ол жөнінде иудаизм және ескі христиан жазбаларында да жазылған.
Бүгінде Қазақстанда сүлік салу арқылы емдеу ісі біртіндеп кең етек алып келеді. Соның ішінде Қызылорда облысында да арнайы мамандар емнің осы түрімен айналысуда. Мәселен, бұл бөлім облыстық медициналық орталықта бар.
Бір сөзбен айтқанда, сүлікпен емдеу ежелден келе жатқан тәсіл болғанымен ол шын мәнінде қазіргі таңда жаңаша қарқын алып, ерекше дами бастады. Расында да «Пайғамбар құрты» атанған бұл жәндіктің адам баласына берері көп.
Қорытынды
Сүлікті жас ерекшелігіне қарамай кез-келген адамға сала беруге болады. Негізінде герудотерапиялық емдеудің барлық тәсілімен аралас жүргізіле береді. Сөйтіп ол емдеудің басқа тәсілдері тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Яғни, адам ағзасын тазартып, гормондардың сырқаттық мөлшерін азайтады, емнің қонуына жол ашады. Сүлік салудың таблеткалық дәрі-дәрмектерден пайдасы зор екендігі медициналық және ғылыми тәжірибелер тұрғысынан дәлелденген.
Дерт дауасы- Сүліктің,
Қыр-сырына қызықтым.
Бұл жәндікті зерттеу үшін
Барды сала кірістім.
Пайғамбарға бас идірген
Қасиетін байқадым.
Ем жасаған бабалардың
Өсиетін айтамын.
Киелі құрт сүлік деген,
Емделіңдер сүлікпенен.
Барлық дертке шипа болар,
Алдамайды үміттерің.
Бұл жобаның арқасында
Көп нәрсе біліп байқадым.
Жолағы бар арқасында
Сүлік жайлы айтарым.
Ем болар дауа дертіңе
Саламын бірақ еркіңе
«Сан қырлы сырдың иесі,
Сүлікте емнің киесі».
Ұсыныс:
-
Медициналық сүлік салу емі кеңінен қолданылса;
-
Қазақстанда сүлік салумен айналысатын мед. орталықтар көбейсе.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сұлтанова Ж. Сыр бойы. 04.20.2010 ж. №10. 3-б.
2. «Қазақстан әйелдері» журналы. –Астана, 2012 ж. №10. 5-6-б.
3. «Жан дауа» газеті. –Алматы, 2010. №5. 4-б.
4. «Емші» журналы. –Шымкент, 2007. №6. 5-б.
5. «Денсаулық» журналы. – Алматы, 2005. №12. 9-б.
6. Биология оқулығы /8-сынып/. Алматы баспасы. 2010 ж.