400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлтан Бейбарыс - Ұлы дала елінің барысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұлтан Бейбарыс туралы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _________________________

Педагогтің аты - жөні

Аманшақызы Арайлым

Күні

09.01.2024

Сынып: 6 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала елінің барысы»

Тәрбие сағатыныңмақсаты:

Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениетті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру. Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін ісін, ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

Слайд, видео, интерактивті тақта, постер.

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу.

Жоспары:

Жоспарланған уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің "Сұлтан Бейбарыс – ұлы дала елінің барысы" атты атақты қолбасшы, даңқты билеуші бабамыз Сұлтан Бейбарысқа арналған сынып сағатына қош келдіңіздер!

Жамақұлы Бейбарыс түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Жазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. Египеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. Бейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған. Араб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир , тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи мен Ибн Тагрибердилер қалдырған мағлұматтарды атаған. Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген. "Бейбарыс – дар тұлға, атақты қолбасшы. Оның өмірінен туған жерге деген ерекше ықыласы мен құрметін үлгі тұтуға болады. Бейбарыс бабамыз қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Тәрбие сағатының тақырыбымен танысады.



Сұлтан Бейбарыс туралы ақпаратпен толық танысады.

Слайд



















Ортасы

Видео «Сұлтан Бейбарыс»

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1топ: Тарихшылар.
2топ: Әдебиетшілер.
3 топ: Зерттеушілер.
Үш топтың көмегімен жаңа сабақта алатын мәліметтерді талдаймыз.
І тақырыпша: «Мәмлүк» сөзінің мағынасын талдау.
І топ. Тарихшылар:
Батыс тарихшылары мәмлүктерді әскери бөліміне қарай «бахри» және «бурджи» деп атайды. Мәмлүктердің арқасында араб - ислам өркениеті монғол мен кресшілер зауалынан аман қалды. Оған ислам әлеміндегі төңкерісте сайма - сай келді. 1258 жылғы Бағдад халифатының құлауы, монғол шапқыншылығы әсерінен кезінде ислам мәдениетінің орталығы болған Бағдадтың талқандалуы, мықты - мықты ғалымдардың Мысырға монғол езгісінен қашып келуі оның орталыққа айналуға себеп болды.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
ХІІІ ғасырда Мысырдың мемлекет басына мәмлүктер (араб тілінде «мүлік», «құл», «бас бостандығы жоқ адам» деген ұғым береді) келеді. Мәмлүктердің басым көпшілігі моңғолдар шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп, Дешті - Қыпшақ даласынан Мысырға сатылған құлдар. ХІІІ ғ. – ХІҮ ғ. Мысыр мен Шамда түркі (қыпшақ) тілін үйренуге деген үлкен құштарлық пайда болды. Өйткені мемлекет басында қыпшақ сұлтандары отырды. Сондықтан сол тұста арабтарға қыпшақ тілін үйрету үшін арабша - қыпшақша сөздіктер мен граматикалық еңбектер көп жазылған.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
Мәмлүк қыпшақтары ХІІ - ХІІІ ғасырларда Арабстан (Мысыр, Ислам, Месопатамия, Оңтүстік Арабия) әскерінің алдыңғы саптағы жасақшылары болған. Бұл қыпшақ құлдары Мысыр мен Шамды 250 жыл билейді. Олар ХІІІ ғасырда Айуб әулетінің ең соңғы шах мұрагері сұлтан Тұран шахты өлтіріп, мәмлүк мемлекетінің алғашқы билеушісі Айбек болды. Айбек таққа отырғанымен мәмлүк мемлекетінің абыройын асқақтатқан ал - Малик - аз - Захир Рух – ад - Дин Бейбарыс.
ІІ тақырыпша. «Бейбарыстың балалық шағы»
І топ Тарихшылар:
«Бейбарыс қыпшақ даласында туған, көзі көгілдірлеу еді», - деп жазады Макризи. Шынында да солай, бір көзіне сүйел шыққан. Сол кемтарлығынан Дамаскіде бала кезінде небәрі 800 динарға сатып жіберілген. Өңі қоңырлау, даусы ашық, ыстық қанды адам болған.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
Мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны (1260 - 1277 жж.). Әкесінің аты Жанақ, Шешесінің аты Әйек деген мәліметтер бар. Дамаскіде 10 жасында 800 дирхимге сатылған.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
Бейбарыс туралы жазбаларда, оның қыпшақ елінен, алшын тайпасынан, Беріш руынан шыққаны жайлы анықтама деректер де бар. Шыңғысханның шабуылынан бұрын, Сарыарқаның солтүстік батысынан бастап, Сыр өзенінің төменгі ағысымен, Маңғыстау түбегін, Еділ – Жайық аралығын қыпшақтар мекендеген, өзің мемлекеттік бірлестігін құрғанды. Ол мемлекет тарихта Дешті Қыпшақ аталады. Осы мемлекет құрамына тек қыпшақ руынан басқа Орта жүз, Кіші жүздің, яғни Алшын, Ноғай, Қарақалпақ Дон өзенінің төменгі ағысымен, Азов қаласының айналасында мекендеген түрліше түрік тектес рулардың біршамасы кірген. Бейбарыс қыпшақ қызы Тәж – Бақытқа үйленген. Одан Сайд хан Мұхаммед және Ахмет атты егіз ұлдары болған.
ІІІ тақырыпша. «Қолбасшылық қабілеті»
І топ. Тарихшылар:
Тарихи мәліметтерге қарағанда, Араб елдері ішінде, мұсылман елдерінде ислам дінінің екі бағыты, яғни суниттер мен шииттер арасында ұзаққа созылған күрес болғаны анық. Тек уәли Арыстанның кезінде суниттер жеңіске жетті. Өз жасағының, өз басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін шетелдіктерден арнайы жасақтар құрылған. Ол жасақтардың қатары тұтқындалған түрік және шығыс халықтарының жастарынан толықтырылып отырылған.
Еуропалықтардың кресті жорығы кезінде сол тұтқын жастардың қатарында әскер басшысы болғаны, оның сұлтандығы кезінде Египет пен Сирия үлкен мемлекетке айналып, хал - ахуалдары жақсарғаны, крест жорығын талқандап, монғол басқыншыларына да тойтарыс бергені, араб, мұсылман елдеріне қорған болғанын жазған.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
Дамаскінің шаһарбасы 800 дирхемге сатып алады. Қарындасы ағасынан сатып ап: «Менің тура саған тартқан ұлым қайтыс болды. Сенің атың – Бейбарыс. Бар дүние – мүлік сенікі», - дейді. Аналық мейірімінің арқасында еркіндік алған Бейбарыстың бақыты енді ашыла бастайды. Көшпелі бәдәуилердің көмегімен қарақшылармен болған қақтығыста жас мамлюк жеңіске жетіп сұлтан дәрежесіне дейін көтеріледі.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
Он жеті жыл бойы Египет пен Сирияның кресшілер жорығынан, монғол шапқыншылығынан қорғап, бөлшектенген ұсақ мемлекеттерді халифат - империя дәрежесіне жеткізген. Кез келген тақ иесі сияқты күдікшіл, кекшіл, қатыгезде болды. Бірде үлкен ұлы Сайд әкесіне даярланған дастарханның үстіндегі қып – қызыл қарбызға қызығып, жей берем дегенде сұлтан кіріп келеді. Баласы ұялып шығып кетеді. Бейбарыс қарбыздың бір тілімінің дәмін тартады да, уланғанын сезіп, оны баласынан көріп шариғат жолымен өлтіруге үкім шығарды. Кейін қарбызға у салған даяршы әйел екенін білгенде қатты өкінді. Ең жақын досы Ибрагим Сайдтың адалдығына сеніп тығып тастаған еді.
1227 жылы уәзірі Қалауынды Меккеге апарып, Алланың қасиетті үйі Байталланың қасында тұрып: «Маған адалмысың, Алланың мешітінде ант бер», - дейді. Қалауын ант су ішеді. Жолай Дамаскіге соғады. Оны білген Қалауын Шаһар бегіне жасырын: «Сұлтан ішетін тамағына у тамыз. Сирияның билігін түгел саған беремін» деп хат жазды.
Сөйтіп 7 күннен кейін Бейбарыс дүниеден өтті. Ол Дамаскідегі Баб – Әл – Барид зиратына жерленді. Бейбарыстың ұлы Сайдты, бақшада улы сусын беріп өлтірсе, екінші ұлы Ахметті жасанды қабырғаның астына қалдырып өлтірді.
Бейбарыстың жақтастарының бірін дарға асып, бірін у беріп өлтіріп, қалғандарын қудалады.
Қыпшақтан шыққан мамлюктер әулеті Египетті 1250 – 1517 жылдардың аралығында, 267 жыл билеп барып тарих сахнасынан ығысты.
ІҮ тақырыпша. «Мысыр мәдениеті»
І топ. Тарихшылар:
Бейбарыс сұлтан тағына отырысымен әр шаһардың қорғанысын нығайтып, қамал мұнара, жол бойына, бекет айлақтарға шырақ салдырды. Әр қалада тұрақты әскер ұстады. Тәртіпті нығайтып, ұры – қары, қарақшыны жойды. Шөлейтке канал қаздырып, құбыр тартқызды. Сарай ішіндегі алауыздықты жойды. Әлемнің түкпір – түкпірінен ағылған көпестерге есік ашты. Өзендерге көпір салдырып, әр шаһарға мешіт орнатты.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
Мәмлүктер кезеңі Мысыр мен Шам үшін аса жоғары дәуірлеу заманы болды. Оған Ислам әлеміндегі төңкеріс те сайма – сай келді. 1258 жылы Бағдат халифатының құлауы, монғол шапқыншылығы әсерінен кезіндегі Ислам мәдениетінің орталығы болған Бағдаттың талқандалуы, Мысырға мықты – мықты ғалымдардың монғол езгісінен қашып келіп, орталыққа айналдыруына себеп болды.
Араб тіл білімпаздары қыпшақ тілін оқып – үйренуге деген үлкен мүдделік туындаған. Соның нәтижесінде қыпшақ тіліне қатысты алуан түрлі сөздіктер, грамматикалық оқулықтар, үлкенді – кішілі анықтамалар дүниеге келген.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
17 жыл 2 ай 12 күн әмірлік еткен Бейбарыс ел билеу дәстүріне сай оның Каирдағы сарайы сәулетті болған.
Аяқ - табақ тасушылар да, тағам дәмін татып білушілер де, түнгі күзетшілер де тиісті лауазымға сай болған. Олардың бәрі де қамалда өтетін қабылдауларға қатысып отырған. Әскери бекіністерді жасақтаған Бейбарыс діндар болған, қаланы сауықтыру мақсатында Каирда анаша тартып, шарап ішуге тыйым салған, барлық ішімдік орындары мен жезөкшелер үшін салынған орындарды жапқан, жорықта кәпірлерге еріп келген Еуропалық жезөкше әйелдерді қуып шыққан.
Каир әйелдерінің бұзақы әрекеттеріне қарсы қатаң заң қабылданған.

Оқушылар Сұлтан Бейбарыс туралы видео көреді.

Оқушылар «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер» болып 3 топқа бөлінеді.


Тақырыпшалар бойынша постерлер қорғайды. «Мәмлүк» сөзіне талдау жасайды, мағынасын ашады.
































Оқушылар топпен Сұлтан Бейбарыстың балалық шағы туралы айтады.




























Оқушылар Сұлтан Бейбарыстың қолбасшылық қабілетін талдайды.

























































Оқушылар Сұлтан Бейбарыстың таққа отырғандағы Мысыр мәдениеті туралы айтады.

Видео










Постер, слайд



































Слайд









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі