Материалдар / Сұлтанбек Қожанұлы тәрбие сағаты

Сұлтанбек Қожанұлы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұлтанбек Қожанұлы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Сұлтанбек Қожанұлы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Қазіргі тәуелсіздік алған еркін Қазақстан- өзінің, 20- шы ғасырда халық үшін қалтқысыз еңбек еткен халқымыздың зиялы қауымдарының еңбектерін жете зерттеуге кірісіп, ол кісілердің рухани бет-бейнесін айшықтайтын талай құнды дүниелерді дәлелдей отырып, бетке ұстар балқаймақтарымыздың жазықсыз жапа шеккендігін емірене еске алу, адамзат баласына, әсіресе қазақ жеріне өте ауыр тиді. Міне осындай патриоттарымыздың бірегейі- көрнекті мемлекет қайраткері, публист, ұстаз, ақын, дипломат- атамыз Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов.

Қожановтың есімімен аталады.

Біз де бүгінгі тәрбие сағатымызды ауданымыздың тумасы ұл жанашыры, дәстүрді дәріптеуші ретінде халық жадында қалған Сұлтанбек Қожанұлы Қожановтың 130 жылдығына арналады. Ендеше кезекті оқушыларға берейік.


Кеңестер Одағының бірінші хатшысы Иосиф Виссарионұлы Сталиннің өзі- Ортаазияның Шыңғыс- ханы деп мысқылдаған кезінде, Грузяның князі- деп өзіне кері жауап қатып, тайсалмай бетке айтатын қайсар мінезді тұлға болған С.Қожанов

20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында Өзбекстан Компартиясы хатшысының орынбасары қызметінде жүргенде, Кавказ аймағындағы іссапарында өзінің көреген дипломат екендігін талай рет дәлелдегеніменен, елдің беріктігін сақтау мақсатында қазақты- қырғизия деген де, қазақия деп дәлелдеп халқымыздың салт-санасын ұлы дәстүрлерін дәлелді дәйектермен дәлелдей білді. Сол үшін зардабын да тартты. Халық жауы – деген қаралы жала қамытын кию Қожановтың да еншісінде болған оқиға.Ол өзі дүние салған соң, бақилық кезінде ақталды.Зайыбы Гүләндам да халық жауының зайыбы- деген жаламен тұтқындалып, Алжирде өзінің 11 жылын сарп еткізді. Бірақ халық жадында сақталып қалған қаhарман тұлға есімімен қазірде бірнеше



Сабақтың ортасы

26 мин.

1-жүргізуші: Қош келіпсіздер құрметті де, аяулы ұстаздар. Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз Сұлтанбек Қожанов атамызға арналмақ. Тәуелсіздік тамыры өткен 1000 жылдық дөңгеленер тұста қалды. 20- шы ғасырда сол 100 жылдықта енді ешқашан қайталанбас қанды тәжирибие жасалған ағы мен қарасы аралас кезеңде өмір кешкен азаматтарымыздың ұлт азаттығын көксеген, ұлт мүддесін көздеген күресі жайындағы ащы шындық бізге әлі де таңсық, көп жәйіт бізге әлі де беймәлім.

2- жүргізуші: Иә, сондай азаматтарымыздың бірі Сұлтанбек Қожанов. Есімі, атқарған істері терістеліп, ұмыттырылуға жатқызылды. Сұлтанбек Қожанов Сталиндік қара тізім бойынша атылды. Ендеше бүгінгі ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, ұлағатты өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау мақсатында өткізгелі отырған “ Ғибратты ғұмыр” атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ендеше Сұлтанбек Қожановтың өмірі шығармашылығы жайында презентациялық таныстырылым жасау үшін ортаға Нысан Ғибратты шақырамыз.


1-жүргізуші:

Сұлтанбек Қожанұры ұлт жанашыры салт сақтаушысы сонымен қоса тіл жанашыры. Ол мінбеге шығып әр жиналыста сөз сөйлегенде мақал-мәтелдерді орнын тауып дөп басып қолданып отырған екен. Ендеше бұл туралы толығырақ Төл Нұрзада тарқатады

Ортаға «Сұлтанбек Қожанұлының шығармаларында қолданылған мақал-мәтелдер» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымен Төл Нұрзаданы шақырамыз.

2 -жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы- деп Абай атамыз айтпақшы келесі кезекті қара өлеңге береміз. Сұлтанбек Қожанұлының шығармашылығынан көркөмсөз оқу үшін ортаға Нышанбай Әселді шақырамыз




С.Қожанов «Көрерміз!»

Ұқсаң, сөз бар айтпасан да болатын, Білсең, кек бар жоктамай-ак алатын.

Көрсең тен бар алысарлык арланбай, Сезсең, сыр бар жұртка күлкі кылатын.

Түсінгенге айтпай білер кезек бар,Жалбырлыкка тымбай соғар өсек бар.

Есік жамылып ит те үреді батысырып, Ары барға айтпай тейер кезек бар.

Сен бе жаксы? Жаман болса баскалар,Анык па сол? Әуелі соны ашып ал!

Кісі міні жамандығы басканың Жақсаруға себеп болмас, мойынға ал!

Көп женілмес,тап жанылмас деген бар, Жұрттан шығып, жеке озғансыр надандар.

Киім киіп, адамсынган маймылдай, Салт саудалап санға кірген де адам бар.

Жұртшылыктан женлмейтин көп болад,Көп ішінде камы бірлер тап болад.

Баскалардан көнілі жетік, көзі откір,Озык ерлер өз табына бас болад.

Тап танымас, табынатын амалга,Зорға кұл боп, сорлыны езген һәманда.

Құл қошемет, қургак ыкылас – кәсібі, Тапсыз, топсыз озган емес адам да.

Сол себепті сынау керек тым шебер, Кім душар боп кім боп шыгар? Кім білер?

Шын адам ба таптан озған тап басы,Жоқ, тілмаш па? – Адамдыққа саудагер!

Дәлел ізде, ұзақ емес тарих бар,Аты өзгерсе де, өзгермеген қалып бар.

Тап қамқоры, көшбасшы кем болса да.«Тапсыз жүйрік» қазақ ішінде анық бар.


1-жүргізуші: Мен қазақпын биікпін байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім

деп Жұбан Молдағалиев атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.

Ән «Мен қазақпын» орындайтын Әбдіқұл Ғажап

2-жүргізуші: Сұлтанбек Қожанұлын Алашқа адал болыд деп айтып жатады. Оның өз себептері де бар. Сұлтанбек елім деп шарқұрған Алаштың еңселі азаматтарына қашан да қол ұшын соза білген. Сұлтанбектің қанатынан пана тапқан жастардың бірі Мағжан Жұмабаев еді. Ендеше “ Мағжан мен Сұлтанбектің кездесуі” көрінісін қабыл алыңыздар.




1-жүргізуші: осы кездесуден кейін Сұлтанбек Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жинақтап баспаға беруге атсалысады. Өзі алғысөз жазып Мағжанның шығармаларының құнды екенін айтады. Бірақ өкінішке орай сол үшін өзі де көп қудалау көріп зардап шегеді. 2-жүргізуші: Кезекті тағы да Сұлтанбек Қожанұлының шығармаларына берейік. Ортаға «Қайтейін» өлеңімен Байдуалы Бүркітті шақырамыз

Қу заман, ит тіршілік қорладың ғой, Көрсемде қанша икемдеп болмадың ғой.

Жете алмай дегенімнің жалғызына,Талап көп талайсыз боп сорладым ғой.

Кері кетіп, алға қарай бассам аяқ, Барады қылған ісім бір оңбай-ақ,

Адал ой, ақ көңілмен тырыссам да.Еңбек еш, көңілім жүр тына алмай-ақ

Бұл қандай ғаділдігі құдіреттің, Сорлы қып мені ішінен қанша көптің.

Ой беріп, талап беріп, талайсыз ғып, Көңілі орма, қолы қорқақ бишара еткен.

Келемін әурелікпен өткізіп жас, Іс етпей, құр талаппен қатырып бас.

Табиғат, тағдыр, заман тізе қосып, Болғандай маған қарсы ынтымақтас.

Қайтейін кім қылса да солай жайым, Алдымда қайда бақсам, бөгет дайын.

Бос жүріп, байлаулыдан бес бетермін, Тек жүрмей іс қыла алмай, сары уайым.

Қайтейін құр талаппен шыдай берем, Талпынып күнде өзімді сынай берем.

Мен де боп іс адамы басқалардай, Күн келер мен де істейтін анық сенем.

Аман Ақерке С.Қожановтың шығармашылығы «Нені айтайын?»

Мен-дағы өлең айтсам ұнамай ма? Ақын да жоқтан бар қып құрамай ма?

Өлең ғып, ұйқастырып тізіп қойсам, Бір надан білгішсініп сынамай ма?

Нені айтам?Қыз, қызықты, сауық-сайран, білмесем суреттеуді бар ма айлам?

Көз көрмей, көңілде жоқ «сыршылдықты» Керек қып іздегенмен табам қайдан?

Ақынның тілі ақын ба өзі ақын ба? Телмірген, тесе көрген көзі ақын ба?

Сырын біліп үйреніп алар едім, Келтірмей барад шіркін бір жақынға.

Тілмаштар, болыс, билер бас көтерді, Сауда да жинап жатыр көп нөкерді.

Болсада еңбекші жұрт, жұртшылық жоқ, Болған соң кедей барын байға берді.

Мал кетіп, қалғакндардың жүрген қарап, Жерін де қалдырмастан алды талап.

Ақша,абиыр, атаққа құмар залым, Еңбек арын тоздырды тілмаш, манап.

Бұл бетпен кете берсе жол қала ма? Кедейлер хал қиынын аңғара ма?

Күн өтпей, көңілі асау, аш жарлыларды, Дос адам ауылжақ қып сандала ма?

Мырзахан Жұлдыз С.Қожановтың шығармашылығы «Жауап»

Баяғы өткен ескі замандардан, Болған ұлы істерден нақыл қалған.

Бір кезде реті келіп дидарласып, Қояндар бүркіттермен соғыс салған.

Зор құстың тырнақ, тұмсық жарағынан, Соғысқа шыдай алмай қашты қоян.

Жан далбаса қамында «сұр батырлар», Түлкілерге жәрдемдес деп жалынған.

«Орында-ақ жәрдем сұрар - болды жауап, -Мақтаншақ ағайындыққа лайық-ақ.

Сендер кім, дұшпандарың кім екенін, Білмейтін түсің таныс бола қалсақ.

Жайлы індерді тастап-ақ сендерменен, Бірігіп соғысар ек шын бел байлап.

Қаржаубай Нұрайна С.Қожановтың шығармашылығынан «Құйын»

Кейде алашшыл, кейде алапшыл, Кейде дін, кейде түрік деп.

Кейде арамза, кейда аңқау, Болып жұртты бүліктеп.

Аспандағы кейде ұлықсып, Мүсәпірсіп сасқанда.

Теңі жоқ бір асыл зат боп, Ардақтанып тасқанда.

Керек жерде бекзада ол. Таққа мінген бабасы;

Керек тапса пролетариат – Шын сорлының баласы

Кезі келсе тиімді боп Бәрін тастап бұлардың

Қазақшыл боп ауылжақ боп Сүйікті жан болған тым.

Қабыл алса комунист боп, алдап амал асырған

Сыртқа бетін бедірейтіп Сырын ішке жасырған.

Бұл қазақтың сұм тілмашы арамдыққа тоймаған

Бір-екі алдап, дәм татқан соң, Өнер қылған қоймаған.


Көрініс: Мағжан мен Сұлтанбектің кездесуі

Сұлтанбек: (даусын соза) Иә-ә … Сен ақынсың. Ақын екеніңе еш шүбәм жоқ. Дегенмен…

Мағжан: Сұраңыз. Көңілде күдігіңіз қалмасын.

Сұлтанбек: Осы сені кімнен сұрасам да, кіммен сөйлессем де баяғыны, ескілікті көксеуші ақын дейді. Соның сыры неде? Сен қай ескілікті көксеп жүрсің?

Мағжан: ( күледі). Сұлтеке, ол өзі кішкене түсініспеушіліктен туған пікір.Өзіңіз- ақ ойлаңызшы, ақын өз елін, жерін сүймесе ақын ба? Ал, елін- жерін сүйген ақын оның тарихына да теріс қарай алмайды. Мен қазақтың ескілікті хандары, батырлары, билері туралы ой толғаған өлеңдер жазғам, бір емес, бірнеше өлең жазғам.Соларды атүсті оқи сала айтып жүргендері шығар.

Сұлтанбек: Мысалы, біреуін оқып бере саласың ба?

Мағжан: Әрине. Тек сіздің уақытыңызды алам ба деп…

Сұлтанбек: Оқы. Ауыр, бітпейтін жұмыстан қолым қалт еткен сәт.Сосын да сені әдейі шақырттым.Өз аузыңнан естіп,өз үніңмен тыңдағым келді.

Мағжан: Ендеше оқиын. (еңсесін тіктеп, өлең оқуға кіріседі).

Арқада Бурабайға жер жетпейді, Басқа жер ойды ондай тербетпейді.

Бурабайдың көлі мен Көкшетауды Көрмесең көкіректен шер кетпейді.

Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.

Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді.

Көкшеде күңіренген Кенем қайда?! Дариға, жүрегімді дерт өртейді!

Бұл- менің қазақтың ханы Кенесары туралы жазып жүрген шағын поэмамнан үзінді.Осылай жалғаса береді.

Сұлтанбек: Әрі, әрі қарай.

Мағжан: Тағы да жалғастырайын ба?

Сұлтанбек: Иә.Жалғастыр.

Мағжан (мақаммен оқиды)

Алашта талай-талай ерлер өткен, Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?

Сүйремей елін өрге, көрге сүйреп, Ер емес, “ершіктер” ол елджі еңіреткен.

Жалғыз-ақ Кенекем ғой қайрат қылған, Қазақты құтқарам деп қалың өрттен…

Сұлтанбек: Жә- жә.Ал енді.. сені не үшін шақырдым, соған келелік. Менің білуімде, сен өлеңдер жинағын әзірлеп, соны шығара алмай жүрген сықылдысың. Осы рас па?

Мағжан: Рас қолжазбам әзір.

Сұлтанбек: Сол қолжазба қайда?

Мағжан: Міне, оны өзіммен бірге алып жүремін ( сөмкесінен қолжазбаны шығарады). Бір жерге қалдырсам, біржола айырылып қалатындай қорқамын. Қанша дегенмен іштен шыққан шұбар жылан…

Сұлтанбек: Мұны маған бер.

Мағжан: Жоқ , атай көрмеңіз. Жоғалып кетсе.

Сұлтанбек: Маған кейбір жолдастар айтып еді, Мағжан қолжазбасын ешкімге ұстатпайды да, бермейді деп. Сол рас болды. Дегенмен, ойлан. Менде ептеп өлең түсінетін hәм оның қадірін білетін қазақ шығармын.

Мағжан: ( ұсына беріп) Қайдан білейін. Жалғыз данасы.

Сұлтанбек: ( қолжазбаны қолына алып тұрып) Мен мұны қарап шығайын. Сені шын түсіну үшін осылай түгел қарап шықпай болмас. Әйтпесе, шындыққа көз жетер емес. Ұнатпасам-ренжиме. Онда сөз басқа. Ал енді ұнап жатса, өзім алғыс сөз жазамын. Өзім бастырамын. Келістік пе?

Мағжан: Келістік. Тек жалғыз дана.

Сұлтанбек: Ол жағынан алаң болма. Мендегі зат жоғалмайды. Ал ендеше сау бол. Хабар өзімнен болады.

Мағжан: Сау болыңыз!

Сұлтанбек: ( іштей күбірлеп) Осы Мағжанды маған мақтаған бір қазақ жоқ, бәрі даттайды. Ол- ұлтшыл, ол- ескілікті көксеуші. Ол бүгінгі заманды жек көреді. Барлығының айтары осы. Ал шын мәнінде… Әй, сорлы қазақ-ай! Бірін-бірі көре алмайды. Біріне-бірі жау. Осы күні қазақты қудалап жатқан ешкім жоқ, өзін-өзі қудалап жүр. Бұл қазақ түбінде өзіне-өзі жау болмаса неғылсын. Өзіне-өзі пышақ салып алмаса….



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


1-жүргізуші: Қорытынды: Біздің халқымыз ер ұлдарын мақтаныш етеді, құрметтейді. Оларды есте қалдыру үшін аудан, ауылдарға, көшелерге, мектептерге аттарын береді, ескерткіштерін қойып, мұражайлар ашады.Бұл-перзенттер

Жариялаған:
Фариза
22 Ақпан 2024
1835
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі