|
Сабақтың
басы
|
Интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығына
арналған www.toraigurov.psu.kz
сайты
- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет
әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар
шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен,
жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата
келген оптимистік көзқарастағы ақын - жазушылар көші Сұлтанмахмұт
Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров - халқымыздың ой тілегін
білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан
сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат - мақсатын, арман -
аңсарын жырға
қосады.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы,
аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда
Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден
жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты
жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман
молданың медресесінде екі - үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали
деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге
деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына
жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын
жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан,
тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист
Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан
саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының
біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт
кеселінен 27
жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай,
ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист -
ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының,
реалистік поэманың қалыптасуына әсер
етті.
|
Малға басым имеске,
Рия тоным кимеске.
Кісі құрметін сүймеске,
Өз ісіме тимеске,
Кісі тіліне ермеске,
«Қазақшылыққа» енбеске,
Аштан өлсем адамға,
Намысымды бермеске,
Май тамызса тілінен
Еш адамға сенбеске,
Өз ақылымнан басқаға … көнбеске.
Кәміл уағда етілді!- дедім
Қосымша: Жастарды оқуға, мәдениетке бастайтын «Шоң серіктігі» деген
мәдени - ағарту ұйымын құрмақ болып, аталас туысы Шорман баласы
Садуақастан көмек сұрауы халқына қызмет көрсету жолындағы үлкен
қоғамдық бастама еді. Ойлағаны болмай, Шорман тұқымдарына көңілі
қалған ақын елдегі мықтылардан қайыр болмайтынына көзі жетеді.
Шорманның Садуақасына арналған «Бір адамға» өлеңі осылайша
шығарылады.
|
|
презентация
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Тарих деректерге
сүйенсек….,
Ол
- Шормановтардың тарихта кім болғандығы туралы. «Баянауыл мен
Павлодар уездерінің шаруалары қоғамдық жерлерді арсыздықпен алған
ірі байлар мен помещиктерге қарсы ашық күреске шықты,- деп жазады
тарихшы Б. Сүлейменов,- олар Шормановтар тәрізді ірі феодалдардың
жерлерін конфискелеп, жері жоқтарға бөліп беруді талап етті.
Шаруалар Шормановтардың ауылына шабуыл жасап, олардың жылқыларын
қуып кеткен кездері де болды. 1906 - 1907 жылдары жиі болып тұрған
осындай толқуларды басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар
жіберіп отырды» (Сүлейменов Б. Қазақстан в первой русский революций
Алма - Ата, 1949.
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
-
Қазақ халқының XX ғасыр
басындағы
-
Аса
көрнекті ақыны,ғажап ақыл-ойшысы
-
Абай дәстүрін
жалғастырушысы
-
Ақындық қуатын дарынымен
жаңалаушысы
-
Қазақ әдебиетін ілгері
дамытушысы
Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні
Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық
шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған,
шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз
заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын
сауатын ашады.
|
|
Интербелсенді тақта/
компьютер
|