Шығыс Қазақстан облысы, Семей
қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін
мектеп» КММ,
Кадырбекова Жазира
Акылбековна
Сұлу ғажап тым, қыздары
қандай қазақтың»
атты кештің сценарийі
Мақсаты: Оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып пен рухани құндылықтарды
құрметтеуге тәрбиелеу.
Жоспары:
І. Сәлем – сөздің анасы (өздерін
таныстыру)
ІІ. Өнерліге өріс кең (ән айту, би билеу, көркем
сөз оқу)
ІІІ. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап
сайысы)
ІV. Саусағынан бал тамған (дастархан мәзірін
көрсету)
-
Кешкі шаш үлгісін көрсету
-
Спорт — сенің серігің (спорттық
жарыс)
VII. Қызғалдақтай құлпырған … (сән үлгісін
көрсету)
Құрметті қонақтар, ұстаздар ата –
аналар!
Көктем айының ең алғашқы айы аналарымыздың
салтанатты мерекесімен басталады. Бұл күн аналарымыздың мереке
күні. Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы
хабаршысындай бойып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты
нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік атады. Біздің
асыл аналарымыз да қанша нәзік болса да барлық қиындық
атаулыға төзімді. Аналар, қыздар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей
құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын.
Мерекелік «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары қандай
қазақтың» атты сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі
әдемі.
Бір көріп, таңқалдырмай
сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі.-
дей келе бүгінгі сайысқа түсетін
қыздарымызды таныстырып өтейік.
Таныстыру
Өнер қуып арулар өтсе дейміз
Бір басына өнері жетсе дейміз
Сайысқа келген арулар
кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Арулар өздерін таныстырып
өтеді.
2- сайыс Өнерліге өріс
кең.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетсе
дейміз.
3 сайыс . Сен білесің бе? (сұрақ – жауап
сайысы)
Ал арулар, бұл сайысқа
қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын
бар
Тапсырма ал, сұраққа қымсынбай
кеп,
Жауап берсең әрине,
жарайсыңдар!
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлерін ата
(тұрмыс – салт жырлары, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер,
эпостық жырлар, лиро – эпостық жырлар, айтыс, шешендік
өнер)
-
Құда – құдағиларға киім – кешек түрінде берілетін
сыйлық (киіт)
-
Ұзатылған қызға берілетін жиһаз, мал – мүлік аты
(жасау)
-
Қыз ұзату тойына жігіт жақтан әкелінген мал (той
малы)
-
Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы,
шашбау)
-
Қалыңдықтың ұзатылу тойында кйілетін қымбат
бағалы, көп әшекейлі, өте ертеден келе жатқан бас киімі
(сәукеле)
-
Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай (сақинаға
тас қойылмайды)
-
Бес дұшпанды ата (өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ)
-
Қазақтың үш биін ата (Әйтеке, Төле,
Қазбек)
-
Бес асылды ата (талап, арман , терең ой, қанағат,
рақым)
-
сайыс Саусағынан бал тамған (дастархан мәзірін
көрсету)
Көрсетеді өнер әр салада
сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай
ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты
Қыздарымыз бармақтары майысып-дей келе
келесі 4-ші сайысымызда қыздарымыз өздері дайындап әкелген
салаттарымен таныстырады.
5 – ші сайысымыз кешкі шаш үлгісін көрсету. Мұнда
қыздарымыз шаш үлгілерін дайындап, көрсетеді.
6 шы сайыс Спорт сенің серігің деп
аталады.
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық
Тілекші боп көңілден дей келе қыздарымыз спорттық
әр түрінен өз өнерлерін көрсетсін.
7 сайыс. Қызғалдақтай құлпырған деп
аталады.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Сымбат – сәні келіскен ару –
қызға
Әрдайым жұрт сүйсініп қарасатын.- дей келе келесі
сайысымызда арулар сән үлгісін көрсетеді.
Ендігі кезекте «Ажарлы сұлу ғажап тым, қыздары
қандай қазақтың» атты сайысымыздың жүлдегерін анықтайық.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
Білім – теңіз, мектепті кеме
дейміз
Білім мен тәрбие егіз дейміз
Әдебі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын
Жеңбедім деп, жеңілдім деп
ренжімегін
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен
ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыс
бар
Өнерлерің өрлей берсін
қайыспай,
Ойлы орта кеңейсін күнен –
күнге
Өскен елдің жұртынан бір қалыспай – деп бүгінгі
кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше,
достар!