400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұқбат «Ішімдегіні доппен шығарамын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Спорт түріне бала кезінен қабілеті бар Фархат қазіргі уақытта өз қаласының үздік волейболисті.Атырау қаласының “Жастар” волейбол құрама командасының ойыншысы.Өз командасымен халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған ол, өз спорт жолындағы сәттерді баяндады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сұқбат

Фархат Қабен - волейболист.Атырау қаласының “Жастар”волейбол құрама командасының ойыншысы.

“Ішімдегіні доппен шығарамын”

Спорт түріне бала кезінен қабілеті бар Фархат қазіргі уақытта өз қаласының үздік волейболисті.Атырау қаласының “Жастар” волейбол құрама командасының ойыншысы.Өз командасымен халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған ол, өз спорт жолындағы сәттерді баяндады.

- Фархат, осы “волейбол “спорт түріне қалай келдің?Қызығушылығың қашан оянды?

- Волейболға кішкентай кезімнен қызықтым. Әрі бұл спорт түрі нағашыларымнан дарыды.Яғни нағашыларымның өзі Атырау қаласына танымал болған волейболисттер.Бала кезімде де нағашыларым мені өздерінің жаттығу залына,жарыс түрлеріне апарды.Міне солай сол көріністерді көріп өсіп,осы спорт түріне деген махабатым ояна түсті.

- Сонда волейбол спорт түріне нақты неше жасыңда келдің?

- Иә,волейбол спорт түріне кішкентайымнан қабілетім болса да,командаға 8 сыныпта қабылдандым.Яғни 13 жасымда.Себебі “бой” деген нәрселерге қатты назар аударған еді.Алайда талант дейін бе,командаға қабылданған уақытта бірден ойнап кеттім.Тіпті келесі апта күндерінде облыстық,халықаралық байқаулардан орын алдым.

- Қандай күшті!Қалай ойлайсың,бұлай бірден жеңіс табуың ненің арқасында?

- Еңбек пен дарындылығымның арқасында деп білемін.Себебі қанша жерден бар уақытын осы спортқа төгіп,дарындылығы болмай,нәтиже шығара алмаған жандар да бар.

- Түсінікті. Ал жалпы “волейбол” сен үшін не?

- Волейбол - мазалап,қатты уайымға кіріп кеткен уақытта мені құтқара алатын жалғыз спорт түрі. Яғни мен “ ішімдегіні доппен шығарамын” . Тіпті волейбол алаңына кірген уақытта барлық мәселелерім өздігімен ұмытылады.

- Жалпы командаңмен байқауларға қатысқан уақытта,жеңіліс тауып,”ендігі волейболмен айналыспаймын “ - деген кезең болған ба?

- Әрбір ұтыстың қасында жеңіліс бар демекші,жеңіліс тауып,қатты әсер еткен жеңілістер көп болды.Алайда жеңілістерге бола қолымды бір тастай салған кезім болмапты.Керісінше одан әрі ұмтылу үстінде болдым әрі ұмтыламын да.

- Фархат,сұқбатың үшін көп рақмет!Саған тек сәттілік тілеймін!


Бисембаева Гульнасип

сұқбат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі