жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сұрақ қою ретіндегі педагогикалық рефлексия
Сұрақ қою ретіндегі педагогикалық рефлексия
Педагогикалық рефлексияны дамыту үшін педагогикалық шарттарды анықтау маңызды болып табылады. Педагогтің арнайы ұйымдастырылған рефлексиялық қызметі педагогикалық рефлексияны дамытудың алғашқы шарты саналады. Екінші шарты – рефлексивті ортаның болуы; үшінші шарт – рефлексивті қызметке қатысушылардың арасындағы белсенді қарым-қатынас; төртінші – педагогтің рефлексиялауын актуализациялау [1]. Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез-келген істі ол өзіне-өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл кәсіп иесінің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі – одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді. Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесінде рефлексивті құзыреттілікті қалыптастыру маңызды. Педагогтің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе білуі, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.
Педагог рефлексияға өзінің қабілеттілігін дамыту үшін келесілер қажет:
басты қағидаларға, қиын жағдайларға, мүлтіксіз шешімдерден кейін
өзінің әрекетін талдауға қайта оралып отыру;
әр жұмыс күнінің біткен уақытысында талдау жасау; өткен жұмыс
күнінің барысына сыртқы бақылаушы ретінде баға беру;
басқа адамдар туралы өзінің көзқарасын, баға беруін тексеріп отыру;
қарым-қатынасты жоғарылату;
қарым-қатынастары, көзқарасы басқалардан өзгеше, яғни қарым-
қатынасы қиын адамдармен қарым-қатынас орнату;
нақты жағдаятта өзінің әрекетіне талдау жасай білу;
сұрақтарды тиімділігіне қарай жоспарына енгізу.
Сұрақ қою дағдысы - рефлексивтік практик/делдал болуда маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Танымның ең басты құралы сұрақ қою екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сол себепті де ғұлама философ Сократ өз шәкірттерін ешқашан да үйретпеген, оның орнына тек сұрақтар ғана қойып отырған (атақты маевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып, шәкірттері өз бойларында білім қалыптастырған. Бірде тіпті Сократ сұрақ қою арқылы қол өнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-13 жасар көмекшісінің өздігімен Фалестің теоремасын (параллель сызықтар туралы) құрастыруына себепкер болған дейді аңыз. Поль Ричардтың «Сыни ойлау: Жылдам өзгеретін әлемде әр адамға не керек» еңбегінде –
1. Нақтылайтын, айқындайтын сұрақтар;
2. Болжамдық тұжырымдарды зерттеуге арналған сұрақтар;
3. Тұжырымдау мен дәлелдеулерді зерттейтін сұрақтар;
4. Көзқарас немесе өзіндік пікірлер туралы сұрақтар;
5. Қорытындылар мен салдарды зерттеуге арналған сұрақтар;
6. Сұрақтар (мәселелер) туралы сұрақтар қою керек деген екен. [2]. Сондықтан осы алты бағыттағы сұрақтарды сабақтың кез-келген жерінде тиімді етіп қолдану арқылы оқушыны сындарлы ойлауға жетелеу, яғни өзін-өзі реттеуге итермелеу қажет. Кері байланыс оқушының бір сабақтан алған білімін зерделеу мақсатында ашық сұрақтар арқылы жүзеге асса, рефлексивтік сұрақтар (6-бағыт сұрақтар туралы сұрақтар қою) арқылы алған білімін ары қарай қалай жетілдіру, болашақта қалай тиімді қолдану керектігіне түрткі күш болады. Мысал келтірсек:
1 |
2.Сабақта не ұнады? |
3.Сабағыңыздың тиімді сәті қайсы деп ойлайсыз? |
4.Не қызықты өтті? |
Сабақ, коучинг, тәлімгерлік барысы бойынша ғана ақпарат береді, ақпарат аласыз. |
1.Келесі жолы сабаққа қандай әдісті қолданған тиімді деп ойлайсыз? |
2.Сабақ бәріне ұнау үшін Сіз нені ескерер едіңіз? |
3.Келесі жолы тиімді болуы үшін нені және қалай жетілдіресіз? |
4. Оқушы немесе Сіздің қызығушылығыңызды не арттырады деп ойлайсыз, келесіде қалай арттыруға болады? |
Болашаққа қалай жасау керектігін ой елегінен өткізеді, реттеледі. |
Салыстырмалы түрде 1 мен 1-сұрақты, 2 мен 2-сұрақты, 3 пен 3-сұрақты, 4 пен 4-сұрақты қарап көрсеңіз... Екі жағдайда да ашық сұрақтар қойылды, бірақ осының қай формасы оқушыны, коучингке/тәлімгерлікке қатысушы әріптесіңізді өзін-өзі реттеуге яғни рефлексияға жетелейді? Яғни ашық сұрақты сұрақтар арқылы сұрақ қою дағдысын жетілдіру арқылы баланы, коучингке қатысушы әріптестерді, тәлімгерлік үдерісте де өзін-өзі жетілдіру/реттеуге жеткізетін рефлексивтік делдал құзыретін жетілдіру маңыздырақ. Сонымен рефлексивтік делдал дегеніміз сіз тек өзіңізді, өз сабағыңызды ғана реттеп келесі жолы жақсарту емес, алдыңызда отырған оқуышы, коучинг, тәлімгерліктергі әріптесіңізді рефлексияға түсірте алудағы делдалдық қабілет. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармауы тиіс. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін
Рефлексия – оқушыны өз–өзіне есеп беруге баулиды;
Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады
Өз – өзіне баға бере алады
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
Шығармашылыққа деген ынта-жігері;
Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
Пәндік білім сапасының артуы;
Өзіндік сынның қалыптасуы;
Сыни ойлауға жетелеу;
Әдебиеттер:
http://www.vashpsixolog.ru/
http://evolkov.net/critic.think/Paul.R/
.Сабақта
қай әдіс тиімді болды?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген