Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сұраулы сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Үлкенді сыйлай білуге, әдепті ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап,оқыту, әңгімелету
Көрнекілігі:слайд, суреттер, оқулық,тірек-сызба
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық
Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабақта,
Жүректен ақ жол тілейік.
-
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіреміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Үйге қандай тапсырма берілді?
174 – жаттығу. Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.Ережені жатқа.
2) Үй тапсырмасын бекіту.
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Сөйлем)
Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»
1. Сөйлем аяқталған ....(ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден .... (құралады)
3. Сөйлемнің бірінші сөзі .... (бас әріптен басталып жазылады)
4. Сөйлемнің соңына .... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)
5. Сөйлемдегі сөздер .... (бөлек жазылады)
6. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем .... (хабарлы сөйлем)
7. Хабарлы сөйлемнің соңына .... (нүкте қойылады)
III. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме
-Балалар, менің сендерге мынадай жұмбағым бар.
1) Жұмбақ
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
- Бұл қай әріп?
-Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық.
-Жарас жарыста жеңіске жетті.
-Жазира жазу жазды.
-Жандос жұмбақ жасырды.
Енді сұрақтарға жауап берейік.
-Сендер жаңа қандай сөйлем құрадыңдар?
-Хабарлы сөйлем.
-Ал, енді осы сөйлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
2) «Зейінді болсаң, тез ойлан!»
-Жарыста кім жеңіске жетті?
-Кім жазу жазды?
-Кім жұмбақ жасырды?
-Мен не істедім?
-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым.
-Ал, ол сұрақтарды не үшін қойдым?
-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым.
-Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Мысалы: Сенің атың кім?
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
- 3) Оқулықпен жұмыс:
1. Күн жадын жазу.
2. Көркем жазу.
(Б әріпін дәптерлеріне әдемі жазу)
175-жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
-Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
-Өлеңдерде не туралы айтылған?
-Аққу туралы не білеміз?
Аққу-сұлу, нәзік құс. Көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Ол-сақ құс. Аққу-киелі құс.
Әрі қарай орындайтын жаттығуларымыз сұраулы сөйлемге байланысты болмақ.
Сергіту сәті Музкамен жаттығу.
176-жаттығу. Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
-Көке, мынау не төбешік?
-Илеу деген не?
-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-Олар тату тұра ма?
-Құмырсқа туралы не білеміз? Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды. -Тақырыптың «Табиғат тәрбиесі» деп аталуы не себепті?
Құмырсқа – тірі жәндік. Мәтіннен ұққанымыздай құмырсқалар ұйымшыл тату, еңбекқор. Мекені - илеу. Адамзат баласына тәрбие қандай болса, құмырсқаларда да табиғат тәрбиесі бар.
V. Тақтамен жұмыс
177-жаттығу. Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
-Сабақтың басталатын уақытын; Сабақ сағат нешеде басталады?
-Сыныптағы кезекшінің есімін; Бүгін кезекші кім?
-Асқардың сабаққа кешігу себебін; Асқар сабаққа неге кешікті?
178-жаттығу.
1.Іштен оқыту.
2.Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
-Бұлттар қайда қонады?
-Бұлттар-таудың қонағы.
-Құстар қайда қонады?
-Құстар-талдың қонағы.
-Қаңбақ қайда қонады?
-Қаңбақ - сайдың қонағы.
-Қармақ қайда қонады?
-Қармақ - судың қонағы.
(Несіпбек Айтов)
-Қандай сөйлем оқыдыңдар?
-Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
1-топ Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Сәуле кітапханаға барды.
2. Қасқыр-жыртқыш аң.
3. Айжан қалада тұрады.
4. Далада қар жауды.
2- топ Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
Ыдыс, жудым, мен..
Ойнады, балалар, жасырынбақ.
Оқимыз, біз, сыныпта, екінші.
Тамақ, пісірді, шешем.
3- топ «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз жазып шық.
-
Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айт.
Көже пісті
Көжені неше кісі ішті?
Неше кесе ішті?
Сөйлемдердің қайсысы хабарлы, қайсысы сұраулы екенін тап.
VII. Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Сұрулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сұраулы сөйлем
туралы алған білімдерін тиянақтап бекіту. Өз ойларын еркін айтуға,
өз бетінше жұмыс істеуге, сауатты жазуға, сөздерден дұрыс сөйлем
құрай білуге үйрету.
2. Оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, тіл
байлығын, сөздік қорын дамыту.
3. Оқушыларды елжандылыққа, өз Отанынын потриоты болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру,
логикалық ойындар, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, СТО ВЕНН
диаграммасы,фишкалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгендеу
ә) шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақталған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Жарқырап күнде ашылды,
Күн нұры түгел шашылсын.
Қайырлы күн достарым,
Біз әдепті боламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз.
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
Оқушылар мен сендерді сабаққа жауап берулеріңе қарай фишкалар
арқылы бағалаймын.
Қызыл – 5, көк – 4, сары – 3
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
83 бет, 5 – жаттығу
Айтылу мақсатына және дауыс ырғағы бойынша қандай сөйлемдер болып
табылады?
Тиісті дауыс ырғағымен оқытып. Тыныс белгісін қойып, көшіріп жазып
келу.
- Марат, неге сыбырлап айтып қойдың? Сол үшін саған “екі”
қоямын.
- Неге “екі” қоясыз? Мен Дәулетке де сыбырладым ғой! “Төрт”
қойыңыз.
«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны
1) Сөйлем аяқталған ................(ойды білдіреді)
2) Сөйлем сөзден .....................(құралады)
3) Сөйлемдегі сөздер ................(бөлек жазылады)
4) Сөйлемнің бірінші ................(сөзі бас әріппен басталып
жазылады)
5) Сөйлемнің соңына..................(нүкте қойылады)
6) Хабарлы сөйлемнен кейін ............(нүкте қойылады)
7) Сұраулы сөйлемнен кейін ............(сұрақ белгісі қойылады)
ІІІ. Жаңа сабақ
-Балалар, сендермен сабақты бастамас бұрын тақтадағы ребусты шешіп
көрейік.
-Балалар, қане қандай сөз құрадыңдар, көрейік (сұрулы сөйлем) Демек
бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Сұраулы сөйлем» тақырыбын
алдыңғы сабақта алған білімдерімізді тиянақтап бекітеді екенбіз.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Бізге бұл тақырып таныс. Олай болса,
алған білімдерімізді еске түсірейік.
• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте(.), не сұрау
белгісі (?), не леп белгісі қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы
сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады.
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлем жасайтын шылаулар ма,ме,ба,бе,па,пе бөлек
жазылады.
Мысалы: Олар қаладан келді ме? Асан сурет салды ма?
Бүгінгі сабақта әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерімізді
одан әрі жетілдіреміз. Енді бәріміз дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн
ретін жазыңдар.
Бүгінгі кезекші әрпіміз – Ғ ғ
Тақтамен жұмыс
1 – жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөлемге айналдыр. Сөйлемнің соңындағы
тыныс белгілердің қойылуын түсіндір. Қарамен жазылған сөздердің
жазылуына назар аудар.
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем
2 –жаттығу
«Құрастыра біл» ойыны
Сөйлем соңындағы ма,ме,ба,бе,па,пе бірге жазылама, әлде бөлек
жазыла ма?
Жақшаны ашып, дұрысын жаз. Тиісті жерге сұрау белгісін қой.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе?
Айтқанды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әр қашан
қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Дәптермен жұмыс
3 – жаттығу
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
Таң атты – таң атты ма? Күн шықты – күн шықты ма? Қанат ерте
тұрды-Қанат ерте тұрды ма? Қоңырау соғылды- қоңырау соғылды ма?
Мұғалім сыныпқа кірді- мұғалім сыныпқа кірді ме? Сабақ басталды –
сабақ басталды ма? Сабақ қызықты өтті – сабақ қызықты өтті ме?
Балалар үйлеріне көңілді қайтты - балалар үйлеріне көңілді қайтты
ма?
Ал, балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрмыз. Тақтада
жұлдызшаларды көріп тұрмыз,дұрыс айтасыңдар.Олай болса балалар,
келесі тапсырмамыз.
«Кім жылдам?» ойыны
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, тақтадағы жұлдызшаларды алып сұрақ
бойынша жауап береді.
ІV. Сабақты қорытындылау
- Балалар, сендер бағанадан бері өздерінің білімдеріңді
көрсеттіңдер. Жарайсыңдар! Енді осы үйренгендерімізді тағы да бір
пысықтап, сабағымызды
ВЕНН диаграммасы арқылы қорытындылайық.
Хабарлы Сұраулы
V. Үйге тапсырма.
84 беттегі, 4 – жаттығу
VІ. Бағалау. Әр оқушының жинаған фишкаларына қарай
бағалау.

