400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұрыптау 9 cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:

27.02.2024ж.

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

§4.6. Сұрыптау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1 сұрыптау алгоритмдерін қолдану;

9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

Сабақтың мақсаты

  • Сұрыптау алгоритмдерін қолдану, бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау

  • Сұрыптау алгоритм түрлерінің жұмыс жасау принциптерін ажырату

  • Bubble, Insertion, Selection, Quicksort сұрыптау процестеріне программаларды ұйымдастыру


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әректі

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Топқа бірігеді

Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында сабағымды Конфуцийдің әдемі сөзімен бастаймын: «Үш нәрсе ешқашан қайтып келмейді – уақыт, сөз, мүмкіндік. Сондықтан: уақытты босқа өткізбе, сөзді таңда, мүмкіндікті жіберіп алма».


Осы сөздерді оқушылармен бірге өмірмен байланыстыра отырып талқылаймын.

«Бір өлшемді, екі өлшемді» дей отырып оқушыларды топқа бөлемін


Экрандағы сөздерді талқылап, өз ойларын білдіреді.










Мұғалімді тыңдайды.







«Білім заряды» әдісі арқылы креативті бағалау түрі












АКТ



Интернет желісі



Кітап

Сабақтың ортасы




















Жеке жұмыс


«Миға шабуыл» әдісі.

Сұрыптау процесімен таныспыз ба?

Сұрыптауды не үшін қолданамыз?

Программалауда сұрыптау арқылы қандай мәселелерді шешуге болады?

Жаңа тақырыпты презентациямен түсіндіру.

Программалауда сұрыптау қандай процесс екенін түсіндіремін. Сұрыптау алгоритмдерінің түрлеріне жеке жеке тоқталып, олардың жұмыс жасау негізін талдаймын.

Өсу ретімен, кему ретімен сұрыптау түрлерін Pythonда қолдану жолдарын мысалдар көрсете отырып түсіндіремін.

Сұрыптауды қай программада қолданғанын есіне түсіреді. Сұрыптау процесін қолдануға мысалдар келтіреді.


Оқушылар сұрақтарына жауап береді. Дұрыс жауапқа бір білім зарядын жинап отырады.



Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету


Ресурс-1

Слайд


1-тапсырма

«Викторина» ойыны.

Алдын ала wordwall .net қосымшасында дайындаған викторина сілтемесін оқушыларға беремін.


Өзара бағалау

Сілтемені жүктейді, сұрыптау алгоритм түрлерінің жұмыс жасау негізін табады.


Дескрипторлар:

- сұрыптау алгоритмдерінің түрлерін анықтайды;

- жұмыс жасау негізін табады

https://wordwall.net/ru/

resource/34251676

2-тапсырма

Ж аңадан құрылған взводтағы жауынгерлердің аты-жөнін өсу ретімен орналастыру алгоритмін құру.



Берілген тапсырмаға алгоритм құрады.



Дескрипторлар:

- енгізу, шығару деректерін анықтайды;

- мәселені шешудегі негізгі амалдарды табады;

- алгоритмді жазады


Жұмыс дәптері



Қосымша-2


3-тапсырма

Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру мақсатында функционалдық сауаттылыққа тапсырма беремін.

Айдос денешынықтыру сабағында «Азия ойындарындағы Қазақстанның мәртебесі» тақырыбын зерттемек болды. Айдосқа әр бір мемлекеттің жинаған алтын медальдарының санына қарай қай мемлекет жетекші екенін анықтайтын программа құруға жәрдем бер.

Тапсырманы шешу жолдарын анықтап, алгоритмді қағазға жазады. Программа кодын компьютерге енгізеді.



Дескрипторлар:

- проблеманы шешудегі деректерді анықтайды;

-программаның алгоритмін құрады;

- программаның кодын жазады.


Қосымша-3

Компьютер


Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында

«Ия, жоқ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекітемін.

Үйге тапсырма: Оқулықтың 101-102 беттегі тапсырмалар.



Экранда көрсетілген мәліметтің дұрыс не бұрыстығын анықтап отырады.

«Білім заряды» әдісі арқылы креативті бағалау түрі

















































































Қосымша-1

Бағалау критерийі: Бірөлшемді массивтердің алгоритмін құру

Дескрипторлар:

Алгоритмнің реттілігін анықтайды.

Кодтың қателерін табады.

Кодтың нәтижесін анықтайды.


Топтық жұмыс

«Қатесін тексер және нәтижесін анықта» тәсілі арқылы өткен тақырыпты қайталау.


  1. a=b[k]; b[k]=b[l]; b[l]=a

мысалы, k=2, l=7 болса, a-ның мәнін табыңдар

  1. Төмендегі коддтың алгоритмін тексер, нәтижесін жаз

from array import array

a=array('i')

b=array('i')

n=int(input())

a=[0]*n;

b=[0]*n;

for i in range (0,n):

a[i]=int(input())

b=a

print(a)

print(b)

  1. Берілген массивте нөлге тең элементтерді осы массивтегі орнымен ауыстыру. Төмендегі кодтың алгоритмін тексер, нәтижесін жаз

from array import array

a=array('i')

n=int(input())

a=[0]*n

k=0

for i in range (0,n):

a[i]=int(input())

if a[i]==0:

a[i]=i

k+=1

print(a)

print('ауыскан сан = ',k)




Қосымша-2

Бағалау критерийлері: Сұрыптау алгоритмдерін құрады


2-тапсырма

Жаңадан құрылған взводтағы жауынгерлердің аты-жөнін өсу ретімен орналастыратын алгоритм құрыңдар.



ЕББҚОға дайын сызбалар беремін.

Дескрипторлар:

- енгізу, шығару деректерін анықтайды;

- мәселені шешудегі негізгі амалдарды табады;

- алгоритмді жазады


Дескрипторлар:

- енгізу, шығару деректерін анықтайды;

- мәселені шешудегі негізгі амалдарды табады;

- алгоритмнің реттілігін анықтайды
















Қосымша-3

Бағалау критерийлері: Бір өлшемді массивтерге программа кодтарын түзеді.


3-тапсырма

Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру мақсатында функционалдық сауаттылыққа тапсырма беремін.

Айдос денешынықтыру сабағында «Азия ойындарындағы Қазақстанның мәртебесі» тақырыбын зерттемек болды. Айдосқа әр бір мемлекеттің жинаған алтын медальдарының санына қарай қай мемлекет жетекші екенін анықтайтын программа құруға жәрдем бер.

ЕББҚО 3-тапсырма

кеспе қағаздардағы алгоритм мен программаның кодының реттілігін анықтап, нәтижесін компьютерден шығар.

Дескрипторлар:

- енгізу, шығару деректерін анықтайды;

- мәселені шешудегі негізгі амалдарды табады;

- алгоритмді жазады


Мұғалім қолдау көрсетеді, тиімді кері байланыс береді.

Дескрипторлар:

- проблеманы шешудегі деректерді анықтайды;

-программа алгоритмінің реттілігін анықтайды;

- программаның кодын енгізеді, нәтижесін анықтайды.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.05.2024
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі