Сайыс сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сүт және сүт тағамдары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : төрт түлік малдан өндірілетін сүт өнімдері, сүттен жасалатын тағамдардың жасалу әдіс-тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: сүт тағамдарын дайындай білуге үйрету, біліктіліктерін іс үзінде дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылық пен үнемділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Қолданылатын көрнекіліктер: сүт тағамдарының түрлі түсті иллюстрациялық суреттері, мал сүтінің химиялық құрамы көрсетілген кесте, сүт өнімдерінің көрмесі.
Сабақтың барысы:
а) оқушылармен амандасу, түгендеу;
б) сабаққа даярлықтарын тексеру;
в) оқушыларды топқа бөлу.
2) Сайыс сабағының басталуы
Мұғалім
Ұлттық тағам берер біздерге
Нәтижесін жеткізейік сіздерге
Денсаулықты күшейтетін нәр берер
Ұлттық тағам бастауы деп.
Бүгінгі 6 сынып оқушыларымен өткізілетін сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайыс сабағымыз 7 бөлімнен тұрады:
І. Ой толғау, викториналық сұрақтар.
ІІ. Қазақ халқының дәстүрлі сүттен дайындалатын сусындармен танысайық.
ІІІ. «Ас адамның арқауы» (сүттен жасалатын тағамдардың жасалу технологиясы)
ІҮ «Мақал сөздің мәйегі» (мақал –мәтел сайысы).
Ү. Жұмбақ шешу. «Оймен, қане, өсейік, ойлы жұмбақ шешейік».
ҮІ. Сабақтың қорытындысы.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Сайыс сабағының І- бөлімі.
Викториналық сұрақтар.
І-топ.Сүт тағамдарының қазақ халқының дәстүрлі сусындары.
Айран , қатық, ірімшік, құрт, кілегей, сарымай, қымыз, шұбат, сүт, айран.
ІІ-топ. Төрт түлік малдың атасын ата.
Түйе атасы-Ойсыл қара. Жылқы атасы-Қамбар ата.Сиыр атасы-Зеңгі баба. Қой атасы- Шопан ата. Ешкі иесі-Сексек ата .
ІІІ-топ. Төрт түлік малдың пайдасы.
Кисең киім, ішсең сусын, жесең тамақ мінсең көлік.
ІІ-бөлім.Қазақ халқының дәстүрлі сусындардары шипалы, қасиетті, бағалы тағам. Қай халыққа болмасын өте ерте заманнан бері мәлім жұғымды тағамның бірі-сүт. Сүттің алатын орны ерекше, бұған күнделікті тәжірибеде қаншалықты көз жеткен болса, медицина да тап солай құптап отыр. Асқазан бұзылған, сондай-ақ басқада ауыр науқастарға-жүрегі, бүйрегі,бауыры ауыратын адамдарға пайдалы. Сүттің құрамында аса қажетті 200-ден аса әр түрлі органикалық минералдды қосылыстар бар. Атап айтқанда, белоктар, май, витаминдер, лактоза, ферменттер, органикалық қышқылдар, минералдық тұздар кездеседі. Соның ішінде 98 проценті организмге толық сіңеді. Сүт құрамында 12 түрлі витамин бар.
Шұбат- түйе сүтінен ашытылады.Түйе сүтінің ерекшелігі май, белок, минералдық заттары және басқа да құрамдық элементтерінің мөлшері көп болып келеді: оның үстіне ол аса нәрлі. Шұбаттың құрамындағы май(8-9%), белок (3-5%), кейбір минералды тұздар мен дәрумендер(В1В2,С) айрандағыдай едәуір көп. Түйенің сүті жылқының сүтінен майлы, сондықтан адам бір мезгіл ас орнына түйенің шұбатын ішсе қанағаттанады.
Қымыз дегеніміз сүт қышқылдары бактерияларымен , ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқыл сусын. Қымыз организмді нығайтып, оны жасарта түсуге ықпал етеді. Қымызды биенің сүтінен ашытып жасайды, оның құрамында адам организміне қажетті белок, май, А,С, дәрумендері мен минералды заттары бар. Қымыздың емдік қасиеті күшті. Қымызбен көбінесе туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды емдейді. Қымыздың сапалылығы, оның дәрулік қасиеті көптеген жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты.
«Мақал сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы
І топ Төрт түлік малдың мақал-мәтел
ІІ топ Тағам туралы мақалдар
ІІІ топ Еңбек, өнер туралы мақалдар
«Ойынмен, қане, өсейік, ойлы жұмбақ шешейік»
І топ
Сылдыр сұйық-су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да- қар емес
Шешуін кім табады?(сүт)
ІІ топ
Күбіге құйып піскенім не?(қымыз)
ІІІ топ Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар(сиыр).
Сабақты бекіту.
Не білдім:
-
Сүт өнімдерінің ағза үшін маңызды құндылығын
-
Сүт өнімдерінің тағамдық қасиеті мен құндылығын
-
Төрт түлік малдың пайдасын
-
Сүт тағамдарының дайындалуын
-
Сүттен дайындалатын сусындардың емдік қасиетін білдім
Не білгім келеді
Сүттің сапасы мен сақталу мерзімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сүт және сүт тағамдары

шағым қалдыра аласыз