Материалдар / Сүт тағамдары сабақ жоспары

Сүт тағамдары сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәніне көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1622
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қойбағарова Айсауле Жеңісқызы2 санатты технология пәні мұғаліміАтырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы №3 жалпы орта білім беретін мектепҚысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Технология. Сүт тағамдарыМектеп: №3

Күні: Мұғалімнің есімі: Қойбағарова Айсауле

Сынып: 6 -сыныпҚатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)Сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктерін, қазақтың сүттен жасалатын дәстүрлі ұлттық тағамдарының түрлерін біледі.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:


  • Сүт тағамдарының түрлерін біледі


  • Оқушылардың басым бөлігі:


  • Қазақтың сүттен жасалатын дәстүрлі ұлттық тағамдарының түрлерін біледі.




  • Кейбір оқушылар:


  • Сүт тағамдарының дайындалу технологиясы мен шипалы қасиеттері туралы мағлұмат алады.


  • Тілдік мақсатОқушылар:
  • Термин сөздерді қолдана алады,өзара ынтымақтастық атмосферасы орнап,сөйлеу мәнері қалыптасады.




  • Негізгі сөздер мен тіркестер:


    Рецепт,сүттен жасалатын тағамдар т.б.



    Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Сүттен дайындалатын тағамдардың аттарын жазу


    Талқылауға арналған тармақтар:


    Сүт тағамдарының адам ағзасына пайдасы



    Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


    Сіз сүт тағамдарына қатысты ырым, тыйымдарды айта аласыз ба?



    Жазылым бойынша ұсыныстар


    Тақырыпқа қатысты видеоролик көрсету , сурет салу, постер қорғау, тест шешу
    Алдыңғы оқу1.Жарма өнімдеріне қандай тағамдар жатады ?
    Жоспар
    Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар ( төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)Ресурстар
    Басталуы









    Ұйымдастыру

    Сергіту сәті (Қызыл өрік)

    Топқа бөлу ( түрлі –түсті қағаздар арқылы бөлу)
    Интернет You tubewww сайтытехнология оқулығы 6-сынып,мектептегі технология журналы
    Ортасы

























































































    Топтық жұмыс1-тапсырма « Көрейік те, білейік» Сүттің және сүттен жасалатын тағамдар туралыҚұрттың адам ағзасына пайдасы ( видео)



    2-тапсырма «Ойлан, жұптас, пікірлес »

    1-топ: Түйенің сүтінен ( тағамдардың дайындалуы, түрлері)2-топ:Жылқының сүтінен

    3-тапсырмаСәйкестендіру тесті



    4-тапсырма:Технологиялық диктант 1. ........ ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады.2. Биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымызды ........ деп атайды.3.Сүт тағамдарының құрамы ............ , май және көмірсуларға бай.4.Қышқыл сүт ................. асқазан сөлін шығаруды жақсартады.5.Барша жұрт сүтті ең .............. тағам ретінде бағалайды.
    Аяқталуы







    5-тапсырма: Кешенді тапсырма



    Қосымша ақпарат: суреттер,сәйкестендіру тесті, видео

    Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланысҚауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағы байланыс
    Күрделенген тапсырма: Кешенді тапсырма











    Өзін-өзі бағалау ( баллдық жүйемен)Бағалау парағы(5 баллдық жүйемен)

    21-25 ұпай – «5», 12-20 ұпай – «4» 4-11 ұпай – «3»

    Ас үйде сақталатын қауіпсіздік ережелеріИнтернеттен алынған видеоролик,Химия,Биология, Халықтық педагогика, медицина












    «Мамандық таңдау – маңызды іс» Мақсаты: Білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:1-жүргізуші: Қайырлы күн!Құрметті қонақтар!«Мамандық таңдау – маңызды іс» атты кешімізді біз бастаймыз. Кешке қош келдіңіздер. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады.Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескеру қажеттілігі болып табылады.2-Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы орындарына жайғасуларын өтінеміз.1.«Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Есберген ағай мен жас маман Жазира апайымызды ортаға шақырамыз.2. «Баланың бас ұстазы – ата - анасы» демекші ата - аналардың атынан Альфия апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.3. Және сондай – ақ әр түрлі мамандық иелерін кәсіпкер Сайлау ағайды шақырып отырмыз, сол кісілерді ортаға шақырамыз.

    1-жүргізуші:Ұстаз деген ұлағаттың шырайыҚадірінің тиетұғын қайырыҰстаз деген шуағы мол шапағатШаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі депМектептегі барлық ұстаздарғаСіздердің құрметтеріңізге ән: «Ұстазым» орындайтын Жұмақұлова Айым2-жүргізуші: Мамандық алғың келе ме?Мамандық өзі неменеАйналаң толған мамандықАйналаң толған өнегеТыңдайық кәне ойлайықБілімге терең бойлайық2-жүргізуші:Талмасын қанат, сөнбесін үмітАрмандар алға жалғасынСоқса да дауыл, өрт болсын өмірҚанаттар балғын талмасынАлдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысын қызықты болуын қалайды.Қазіргі таңдағы болашақ үлкен мамандық иелері туралы бейнероликке назар аударайық( Бейнеролик көрсетіледі) Сондықтан да бүгінгі кеш қонақтарына сөз берсек деген ойымыз бар. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірлеріңізді білдіріп,-Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не? -Мамандық таңдағанда кімнің пікіріне жүгіндіңіз?-Қандай мамандықтар заман талабыны сай деп ойлайсыздар? Осы сұрақтар төңірегінде өз мамандықтарыңыз жөнінде ойларыңызды айта отырсаңыздар. Әркім өз мамандығы туралы сыр шертсе, және қоятын сұрақтарыңыз болса оқушылар қоя берулеріңізге болады.

    1-жүргізуші: Келесі кезекте «Сұрақ менен, жауап сенен» сауалнамасын оқушылар арасында жүргізіп көрейік (Шараға қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады)1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?2. Сен өз мамандығың туралы не білесің?3. Кім мамандығын әлі таңдаған жоқ?4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?8. Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?9. Жоғары оқу - орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?10. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?11. Өзіңді ҰБТ- ға байланысты мазалап жүрген ойлар туралы айт?12. Сенің арманың не?13. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасынашып бер?14. Сіз емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің? 1-жүргізуші:Әрбір ата - ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Ендеше ата-аналарымызға арналған «Әке-ана» әнін Бержан Ермұханның орындауында қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Келесі кезекте аты аталмайтын көп адамдар ескере бермейтін және бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие болып жүрген мамандықтарға тоқталсақ Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр. Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді. Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған.Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады. Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары. Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер. Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды. Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман. Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.1-жүргізуші:Ендігі кезекті кешіміздің қонақтары апайлар мен ағайларға сұрақ бергіміз келіп отыр1.Басшы болып елді басқару қиын ба? Әлде мансап па?2.Сізді күнделікті бір сарынды мектептегі өмір жалықтырмай ма?3.Сіз мектебімізде ұстаз болып ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келесіз. Қызықты сәттеріңізді еске түсіріңізші?4.Сіз ұстаздық қызметтен зейнеткерлікке шықтыңыз делік. Қайта мектепке келгіңіз келмей ме?5.Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?6.Мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?2-жүргізуші:Келесі кезекте «Сергіту сәтіне» береміз. Бұл ойында кешке келген қонақтарымыз шақырылады.Гүлдер таратылады. Гүл ішіндегі сұрақтар1. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаңыз2. Бір жаңылтпаш айтыңыз3. Мұқағалидің өлеңінен үзінді айтыңыз4. «Мамандығым - махаббатым» дегенді қалай түсінесіз5. Болып жатқан сериалдың бір кейіпкерін сомдаңыз6. Рахаттанып демалыңыз1-жүргізуші: «Жағдаяттық сұрақтар»1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?2-жүргізуші:«Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбындағы кешімізді қорытындылау үшін қонақтарға сөз береміз.Кештен алған әсерлеріңізді бір-бір ауыз сөзбен жеткізсеңіздер.Ән: «Менің қазағым» орындайтын 9 «а» сынып оқушысы Байбол БотагөзҚұрметті апайлар, ағайлар, қонақтар, оқушылар бүгінгі біздің кездесу кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!





    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ