Материалдар / "Су -тіршілік көзі"

"Су -тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Су туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Нұр-Сұлтан қаласы
№95 « Алматы»
балабақшасының дефектологы
Каримова Айжан Куанышбековна
Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»
Мақсаты:Судың қасиеттері туралы түсінік беру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін
айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.
Судың сұйық зат екенін,әр түрлі күйге ұшырап буға, жаңбырға айналатынын ,көлемінің
өзгеретінін айтып,эксперемент пен зерттеуге қызығушылығын арттыру.Сөздік қорларын
дамыту,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс тісілдер: Сұрақ жауап ,түсіндіру,тыйым сөздер, мақал –мәтелдер, слайд.
Көрнекіліктер: Слайд, мазмұнды суреттер,
Қажетті құрал жабдықтар:приборлар,су,қант.тұз.сүт,бояу.мұз,қар.
Оқу қызметтінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Білгір қазақ баласы ,
Сәлем сөздің анасы.
Тобымызға келіп отырған,
Апайларға қарашы.
Бәріміз бір ізетпен
Иіліп сәлем берейік,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Тәрбиеші:Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Бала:Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?
Бала:Қазір жылдың көктем мезгілі
Тәрбиеші:Көктем айларын атап беріңдер?
Бала:Көктем айлары: наурыз,сәуір,мамыр.
Тәрбиеші:Бір аптада неше күн бар?
Бала:Бір аптада жеті күн бар.
Тәрбиеші:Бүгін аптаның қай күні?
Бала:Бүгін аптаның төртінші күні бейсенбі.


Page 2


Тәрбиеші:Ал, балалар табиғат дегеніміз не?
Бала:Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.
Тәрбиеші:Табиғат нешеге бөлінеді?
Бала:Табиғат екіге бөлінеді: жанды және жансыз табиғат.
Тәрбиеші:Ал балалар айтыңдаршы жанды табиғатқа нелер жатады.?
Балалар:Жанды табиғатқа адамдар ,өсімдіктер, жан жануарлар.
Тәрбиеші:Жансыз табиғатқа нелер жатады?
Бала:Жансыз табиғатқа тас ,тау,құм,жаңбыр ,жұлдыз ай,су т.б
Тәрбиеші:Ал ,балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жұмбақ
Жылт ,жылт етеді.
Жылғалардан өтеді.
(Су)
(Осы сәтте магнитофон арқылы жаңбырдың тамшысының тырсылы естіледі).
- Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдайтын сияқты.
(Балалар таңырқай қарап, тыңдайды.)
Ғажайып сәт
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
Балалар сәлемдеседі.
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып,
оқығым келеді.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.
Балалар экранға назар аударады.
Балалар енді бине жазбаға назар аударайық.

- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге
түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға
көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.
- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және
тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін


Page 3

суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды.
Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды
ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан
ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін
қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей
білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны
сондықтан.
Балалар су туралы не білесіңдер?
Су дәмсіз,түссіз,иіссіз
Су бізге не үшін керек?
Жуынамыз,ішеміз,тамақ жасаймыз.

Дұрыс айтасыңдар балалар мен сендерге суға тәжербие жасап,мәлмет жинап келіңдер
деген болатынмын .
Қане маған кім айтады?
Дарын
Су бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар ағысты өзендер және мөлдір көлдер.Дегенмен су тек
қана көре алатын ,ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды.
Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырылған.Бұндай су айдындары
жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жербетінде ең көп кездесетін
сұйықтыққа жатады.Судың қазіггі кезде қауіпі бар.Адамдардың суды үнемдемей
құртуының әсерінен тұщы судың жойылуы төтенше жағдайлар қатарында.
Ауыз су тіршілік көзі ,ол жер шарының 3\4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 70%
пайызы,ал өсімдіктердің 90 % пайызы судан тұрады.Ауыз судың температурасы 7 градус
пен 15 градустың арасында болғаны дұрыс.
Су біршама инертті ерткіш сұйықтық, онда көптеген заттар ериді,бірақ олардың
ерігіштіктері әр түрлі болады.Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды ерткенде ,ал газ
күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішінде , немесе суды қайнатқанда бөлінген
көпіршіктерді байқау арқылы көрсек сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын
ерткенде байқаймыз.Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.
Таза су-түссіз ,иіссіз, дәмсіз сұйықтық .Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып
көрінеді.Қалыпты қысымда 100 С -та қайнайды да ,0 С –та мұзға айналады,сондықтан мұз
су бетінде қалқып жүреді.Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы
тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.Судың жылу
сыйымдылығы өте жоғары ,оны мына мысалмен түсіндірейік .Жаздың аптап ыстық
күндерінде су жылуды сіңіріп ,өзінің маңайын салқындатып тұрады,сондықтан адамдар
оның жағалауына дем алуға көптеп барады .
Балалар мен сендерге бір тәжербие көрсетейін
-Суды қыздырсаң буға айналады.
-Су сұйық зат


Page 4

Сергіті сәті:
Біздер өсіп келе жатқан гүлдерміз.
Кенет жел тұрды.
Гүлдер желмен бірге шайқала бастады.
Аспаннан бұлт төнді.
Жаңбыр жауа бастады.
Гүлдер тоңып бүрісіп қалды.
Бір мезгілде аспан ашылып күн шықты.
Гүлдер бастарын көтеріп үлкен гүл шоғына айналады.

Балалар су туралы өлең шумақтарын кім біледі?

Таза болсаң судай бол
Бәрін жуып кетірген,
Жақсы болсаң жердей бол,
Бәрімізді өсірген.
Су бар жерде ырыс бар,
Ұстап балық жейсің
Сумен суарып өсірген
Ақ бидайдың нанаын жисің.

Су деген- өмір көзі,
Тіршіліктің нәрі бұл.
Су болмаса оянбайды ,
Табиғаттың барлығы.

-Жарайсыңдар балалар қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

Суды сапырма,суды сатпа
Лас су төккен жерді баспа


Түнде су төкпе
Су ішкен құдығыңа түкірме

Су туралы мақал –мәтел кім біледі?

Су патшасы –мұрат
Түн патшасы –шырақ

Су –ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.

Сулы жер –нулы жер.


Page 5

Ал балалар енді ойын ойнайық ойынның аты «Суда және құрлықта» деп аталады.
Құрлықта және суда өмір сүретін жануарларды ажыратып,өз орындарына орналастыру.
Тамшы: Балалар мен сендерден көп нарселерді үйрендім,өзімнің қайдан келгенімді білдім.
Сендерге көп рахмет.Мен өзімнің тамшыларымды сендерге естелікке қалдырамын,сау
болыңдар!
Тірбиеші:Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?
Балалар:Біз бүгін су туралы көптеген мағұлматтар алдық
--Су түссіз екен, дәмсіз,иіссіз екенін білдік.
---Суды ластамау керектігін.
--Сусыз тіршілік жоқ екенін.
--Судың тек адамға ғана емес жан жануарлардың бәріне пайдалы екекнін білдік.
Жарайсыңдар балалар өте тамаша бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Күтілетін нәтежие
Нені біледі: Судың қаасиетін , судың адам өміріндегі маңызын.
Қандай түсініктерді игерді?Судың түссіз ,иіссіз,дәмсіз екенін.
Меңгерген дағдысы мен іскерліктері: Суға тәжербие жасап үйренді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ