Су энергиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су энергиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Су энергиясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

СУ ЭНЕРГИЯСЫ



Су энергиясы – жаңартылмалы энергия көзі, әрі салыстырмалы түрде таза және оның қажет кезде қолдануға болатын энергияны сақтау қабілеті болғанымен, оның айтарлықтай зиянды әсерлері де бар. Су қоймаларын тұрғызу үшін өзендерді бөгеу бөгеттің жоғарғы және төменгі жағындағы қоршаған ортаға үлкен әсерін тигізеді, ал бұл экожүйелерге ықпал етуі мүмкін. Бөгет балықтардың ағын бойынша көшуіне кедергі келтіруі мүмкін және олардың уылдырық шашуына әсер етеді. Бөгеттерден суға толып су қоймаларын басқару қиындауы мүмкін, нәтижесінде бөгет тасиды немесе бұзылып, апаттық жағдайларға алып келеді. Тропиктік аймақтардағы су қоймаларының батпақтануы көп мөлшердегі метанның жинақталуына және таралуына әкеп соқтырады. Бөгеттің төменгі ағынындағы өзен ағынының тосқауылы экожүйеде су мен қоректік заттар тапшылығын тудырады және турбина шығатын судың үлкен кинетикалық энергиясы арнаны жыраға немесе эрозияға ұшыратады.

Су энергиясы электр энергиясын ағындардың көтерілу және құлау энергиясынан өндіреді. Қозғалыстағы ағынның кинетикалық энергиясы жел турбиналары секілді ағындық турбинаны қуаттандыра алады. Сонымен қатар, энергияны ағындық бөгеттер көмегімен алуға болады. ағын тосқауылдары сағада орналасып, жоғары және төмен ағынның потециалдық энергиясының айырымын пайдаланатын тиімді бөгеттер болып саналады. Ағындық турбиналар құрылысы бойынша жел турбиналарына ұқсас, бірақ көп энергия алу үшін ағынға қарсы тұра алатындай берік болуы тиіс. Ағын энергиясы күн энергиясына немесе жел энергиясына қарағанда біршама болжалды және тұрақты болып табылады, бірақ айтарлықтай көп қуат өндіруге жеткілікті биік, әрі жоғары ағын жылдамдығы бар аймақтарды табу қиын.

Толқындар қозғалыста болғанда көп кинетикалық энергияға ие және олар үлкен көлемдегі аймақтарға энергияның тиімді тасымалдаушысы болып табылады. Жалпылай алғанда, толқындардың энергиясын алу толқындардың “жоғары” және “төмен” қозғалуына негізделгенімен, толқындардың энергиясы бірнеше әдіспен алынады. Қалқыма құралдар толқындардың жоғарылауын және төмендеуін сорғыштарды жұмыс істетуге; толқындардың қозғалысы суды бағана бойымен орын ауыстыруға және ауаны турбина ішіне айдауға қолданылады;және құрылымдар көп энергия алу үшін толқындарды су қоймасына жинақтауға сай етіп салынады. Энергия өндіруге қолайлы толқындарды құрлықтардың биік нүктелерінен және батыс жағалауларынан кездестіруге болады.

Ағындық және толқындық энергияның басты кемшілігі – онда қолданылатын технологиялар дәстүрлі су электр станцияларына қарағанда, бастапқы кезеңде іске асырылуы, ал бұл олардың өте қымбат және тәжірибелік екендігін білдіреді. Бұл энергия түрлерін қолданатын орындардың шектеулігі де – күрделі мәселе, бірақ оларды дамыту әлі де жалғасуда және ағындық және толқындық электр станцияларының қолданысы өсу мүмкін. Бөгеттермен салыстырғанда, ағындық және толқындық энергия құрылыстарының қоршаған ортаға әсері көп емес, бірақ олар өзен сағасындағы өсімдіктер мен жануарларға және басқа да теңіз тіршілік иелеріне зиянын тигізуі мүмкін. Ағын тосқауылдары өзен сағасына басқа да жолдармен әсер етуі мүмкін, соның ішінде туризмге және жағалау сызықтарының кез-келген орындарына кері көріністік әсері бар.

Судан энергия алумен қатар, біз суды күнделікті өмірімізде тікелей немесе жанама түрде қолданамыз. Адам ағзасына тіршілік ету үшін күнделікті белгілі бір су мөлшерін қабылдау қажет, сонымен қатар біз суды душ немесе ванна қабылдау үшін, тіс тазалау үшін және үйімізді немесе автокөлігімізді тазалау мақсатында қолданамыз. Тіпті әжетханада су ағызу үшін әркез бірнеше литр су қажет. Сондай-ақ, су өндірісте, ауыл шаруашылығында, біз жейтін тамақ және біз киетін киім өндірісінде пайдаланылады.

Жер бетінің көп бөлігі суға толы болса да, бұл тұщы суға қарағанда адам пайдалануына жарамайтын ащы су түрінде тараған. Жер бетіндегі судың тек 3%-ы ғана тұщы су, ол топырақта, өзендер мен көлдерде кездеседі, сонымен қатар мұз қатпарында жасырынған және жер қыртысында жер асты су түрінде сақталған. Адамдарға қолжетімді тұщы су мөлшері әлем бойынша біркелкі тарамаған, миллиардтаған адамдар таза ауыз суға мұқтаж және көптеген елдерде су тапшылығы сезіледі. Кейбір мемлекеттер ұзақ мерзімді шөлден зардап шегіп отырса, өзгелерінде көп жауын-шашын мөлшері түседі, бірақ бұл жыл бойында біркелкі емес. Оған қоса көп елдерде су ластанған. Суға сұраныс ұсыныстан көп болғанда су тапшылығы байқалады. Әлемдік су тапшылығы сезілмеседе, кейбір аймақтар бұрыннан бері суға тапшы болып келеді, ал өзгелері суды қажетінен тыс көп қолданады. Теңіз суын біздің қолдануымызға жарамды суға (ауыз суы) тұщыландыру атты процесс көмегімен айналдыруға болады, бірақ бұл процесс біршама энергия шығынын қажет етеді.

Әлем халқы өскен сайын, су қолданысы да өсе береді, ал бұл бар әлемдегі су тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Климаттың өзгеруі аймақтардың су тапшылығына ұшырау мүмкіндігін арттырады, себебі көптеген шөлейт аймақтарды одан сайын шөл басады. Теңіз деңгейінің өсуі тұщы су көздерінің суалуына әкеледі, ал жауын-шашын мөлшері болжамсыз болуы мүмкін. Әлемнің көптеген аймақтары өздерін сумен қамтамасыз ету үшін мұздықтардың маусымдық еруіне сенім артады, ал ғаламдық жылыну бұл аймақтардағы тепе-теңдікке әсер етуі мүмкін. Біз климаттың болашақта су ресурстарына қалай әсер ететінін әлі де толық түсінбегендіктен, қазіргі таңдағы ең басты нәрсе – бізде бар су ресурстарымызды қауіпсіз етіп, мүмкіндігімізше суды үнемдеп, су қолданысын тиімді етуіміз қажет.

Суды шөлмекте сақтау су көздерінің таусылуына әкелуі мүмкін. Қазбалы отын энергиясы көбінесе пластикті шөлмектер өндірісіне және шөлмектерді бүкіл әлем бойынша тасымалдауға жұмсалады. Шөлмек жасалатын пластмасса қоқыс тасталатын жерлерге жөнелтіледі, ал олардың шіруі ұзақ уақытқа созылады.

Су энергетикасы – бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада және Бразилияда Парана өзенінде салынған. СЭС-тердің экологияға нұқсан келтіретін факторлары да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады. аулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы. Бірақ сейсмикалық қауіпті аудандарда алапат ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Жер сілкіністері орасан зор зиян келтіреді.

Су электр станциясы – электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кешенін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (куаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлке Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті.

Қорыта айтсақ энергияның су энергетика қорлары- өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы-оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергия арзан, әрі гигиеникалық тұрғыдан таза энергия түрі болып табылады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2021
1778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі