Су иесі -Сүлеймен.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су иесі -Сүлеймен.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 сыныпқа арналған нұсқаулық

Сыныбы

6 «Ә»

Пәні

Қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні

Бегалинова А.Е

Тақырыбы

Су иесі –Сүлеймен. 117-119 бет.

Оқу мақсаты


6.1.5.1-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру,мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

Оқушының аты-жөні




Жұмыс бағытының реті

Ресурсы

(мұғалім толтырады)

Орындау

(оқушы толтырады)

Орында

Қайталау сұрақтары:

  1. Судың түсі қандай?

  2. Дәмі бола ма? Иісін сезуге бола ма?

  3. Неліктен суды «Тіршілік көзі» дейді?

  4. Қазақстанның қандай өзен, көлдерін, теңіздерін білеміз?

  5. Жер шарының қанша пайызын су алып жатыр?

  6. Сырым Датұлы:

Үш көз:

  1. Суға байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?

  2. Табиғат туралы қандай мақал-мәтел білеміз?


1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер?


1.Мәтінде қай дәстүр айтылған?

2. Аңыз бойынша бұл дәстүр кімнен қалған?

3.Дәуіт пайғамбар қандай қайғыға душар болады?

4.Жебірейіл періште қандай хабар жеткізеді?

5.Сүлеймен ержетіп,қонақтарға қызмет ете бастайды. Риза болған қонақтар қандай алғыс айтады? Мысал келтір.

6. Сүлейменнің неге ғұмыр жасы болды?

7. Қандай сөздер ел арасында таралыпты?


Грамматикалық тақырып: Есімдік. Есімдіктердің түрлері. (Слайд)

1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.

3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?

4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.

5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 

6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.

7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.


2-тапсырма.

  • Мәтіннен есімдіктің түрлерін табу.


Жіктеу есімдігі

Сұрау есімдігі

Сілтеу есімдігі

Өздік есімдігі

Жалпылау есімдігі

Блымсыздық есімдігі

Белгісіздік есімдігі









3-тапсырма.

  • Жаңылтпашты оқу. Есімдікті тауып, сұрақ қою. Оның қай сөзбен байланысқанын табу.

  1. Ол аралда да марал, (жаңылтпаш)

Бұл аралда да марал.

От екен маралға арал,

Оттасын аралда марал.

  1. Қара күшік күзетте, (Жұмбақ)

Ас ішпейді,үрмейді.

Ол күзеткен есіктен

Ешкім үйге кірмейді.




Үй тапсырмасы: 5-тапсырма. «Қазақстанда ауыз су мәселесі шешілген» тақырыпта келісі, келіспеу эссесін жазыңдар.




Рефлексия

Мен білдім:

Мен орындай аламын:

Менің түсінбегенім:

«+» немесе «-»

Кері байланыс

(ауызша бағалау, пікір білдіру)

Қосымша. Ереже.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
1249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі