Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Су және ондағы тіршілік"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Қызылорда қаласы білім бөлімінің
«Ертөстік»бөбекжай-балабақшасының
Меңгерушісі С.Абуова
« » « » 2021ж
АШЫҚ ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Су және ондағы тіршілік»
Тобы: Ортаңғы «Ақылды балақай»
Тәрбиеші: Нұржауова.Г
Күні: 26.02.2021жыл
Тобы:Ортаңғы «Ақылды балақай»
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Су және ондағы тіршілік.
Мақсаты:
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қасиетімен таныстыру. Су тіршілік көзі. Алайда су - тілсіз жау. Су адамдарға ғана емес сонымен қатар, жануарларға, өсімдіктергеде қажет екенін айту. Адам ағзасының 80% судан тұратынын түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып, дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Су астында да тіршілік бар екенін түсіндіру. Су астындағы жануарлардың сусыз өмір сүре алмайтынын түсіндіру. Танымдық белсенділіктерін дамыту. Судың қасиеттерінің бірі-судың мұзға және мұздың суға айналуымен таныстыру.
Судың қасиеттері туралы ақпарат беру.
Әдіс-тәсілдері: слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: қармақ балық,жануарлар
(ойыншықтар) АКТ.
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме, балалар! Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Жылулық шеңбері.
Тақпақ
Қайырлы таң көздерім,
Сендер ояныңдар!
Қайырлы таң құлақтарым,
Сендер ояныңдар!
Қайырлы таң қолдарым,
Сендер ояныңдар!
Қайырлы таң аяқтарым,
Сендер ояныңдар!
Қайырлы таң, достарым!
Тәрбиеші:- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
Балалар:- Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар!
Тәрбиеші:- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер
байқаймыз?
Балалар:Күн салқын,қар көп жауады
Тәрбиеші:- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені
көресіңдер?
Балалар:- Аспан, бұлт, машина,қар,
ағаш, жер т. б
Тәрбиеші:- Балалар, қалай ойлайсыңдар,
күн, су, ауа керек пе?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
Тәрбиеші:-Табиғат Өлі табиғат және тірі табиғат болып бөлінеді. Қане
бәріміз қайталайық.
- Өлі табиғат және тірі табиғат.
- Өлі табиғатқа: су, ауа, жер күн, бұлт, құм, жаңбыр жатады. Ал
тірі табиғатқа: адамдар, құстар, өсімдіктер, гүлдер, жан -
жануарлар, балықтар жатады.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдап,
шешуін табыңдар!
Жұмбақ:
1.Аспан түстес сұйық,
Әркім ішер құйып. (су)
2.Жылт-жылт етеді
Жылғарыдан өтеді (Су)
Тәрбиеші:
Судың үш күйімен таныстыру.
1.Сұйық
2.Қатты
3.Бу
- Су өмір бойы айналымда болады.
- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола
бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды
пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз.
Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар,
балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына
ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды
ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5
пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға
болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған
нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге
төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз"Суды бекерге
төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны
сондықтан.
Су астында тіршілік ететін су жануарлар бар екекнін білесіндерме?
Су жануарлары балық екен.
Балалар балық сусыз мүлдем тіршілік ете алмайды. Себебі, балық су арқылы қоректенеді,су арқылы өседі.Балық өзендерде,көлдерде,мұхиттарда өмір сүреді.
Балалар олай болса, судағы балықтарды көруге экранға назар аударайық.
Балалар суда нелер жүреді екен?
- Балалар су туралы,судағы балық жайлы. көп білдіңдер.
Енді біз қазір сендермен сол су арқылы қызықты ойындар жасаймыз. Ол үшін дамытушы орталықтарға бөлінейік. (Балаларға орталықтарда қалай жұмыс жасауды көрсеттім)
Ал енді өздеріңде су мен зерттеу жасап көргілерің келеме?
(Балалар орталықтарға бөлінді).
Үстүл- үсті ойын орталығы:
Тақырыбы: «laqoona» (Лагуна) Интеллектум ақыл ой дамытушы ойындар.
Мақсаты:Интеллектуалдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту.Командада жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойын арқылы балаларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Зерттеу орталығы:
Тақырыбы: «Мұзды мұхиттағы жануарлар»
Мақсаты: Балаларды қарапайым зерттеу әдісін үйрету,жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу.Баланың сумен эксперимент жасауда танымдық қызығушылықтарын дамыту. Судың қатты күйден сұйық күйге айналуын тәжірибе арқылы үйрету. Өлі табиғат құбылысы суға тәжірибе жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
Құм мен су орталығы:
Тақырыбы: «Балықшылар»
Мақсаты: Судың қасиеттеріне қызығушылық таныта отырып,түрлі пішіндегі балықтарды аулау арқылы саусақ қол маторикасын дамыту. Заттармен олардың шамасын, түсін, пішінін ажырату және зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Сергіту сәті
-Олай болса балалар,шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.Балалар «Baby shark fish» (Бейби щак фэш) әнінің әуенімен би билеп,сергіту жаттығуын орындады.
Қортындылау:
-Су қандай табиғатқа жатады?
-Өлі
-Адамға су не үшін керек?
-Ішеміз,жуынамыз,ас әзірлейміз кір жуамыз.
-Өсімдіктер,жануарлар,балықтар сусыз өмір сүре ала ма?
-Жоқ
-Судан біз нені ауладық?
-Көп балықтарды.
-Судың қатты күйі,мұзда қалған неге көмектестік?
-Жануарларға
-Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,сендердің зерттеу орталықтағы тапсырмаларды жақсы орындағандарың маған қатты ұнады.Балалардың жұмысын жеке-жеке мадақтау,марапаттау.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Тәрбиешінің нұсқауы бойынша сумен әртүрлі зерттеулер жасауды. Табиғатқа ұқытылықпен қарауды.
Түсінеді:Судың түссіз,мөлдір таза екенін. Су адамдарға,жан-жануарларға, өсімдіктерге, балықтарға қажет. Су асты тіршілік бар екенін. Сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді. Судың қатты күйінен сұйық суға айналатынын.
Қолданады: Судың қатты күйі мұздың жылы суда еріп сұйық суға айналатынын зерттеу барысында қолданды.