Материалдар / Су ресурстарының маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су ресурстарының маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
тапсырмалар жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
101
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



География 7-сынып ( Алматы. «Атамұра» баспасы, 2017ж Авторлары: А. Егорина, С.Нүркенова, Е.Шимина)

Гидросфера

Су ресурстарының маңыздылығы

7.3.3.2- су ресурстарының маңыздылығын түсіндіреді





Тапсырма 1. «Кім тапқыр» ойыны.

Су ресурстарын ата: ___________________________________________


Тапсырма 2. «Зымыран сұрақтар»

Берілген сұраққа жауап бер?

  1. Өзен дегеніміз?

  2. Өзеннің құрылысы?

  3. Қазақстан аумағында қанша өзен бар?

  4. Қазақстандағы ең ірі 7 өзенді ата?

  5. Өзендердің ағуына қарай:


Тапсырма 3. «Білгіштер» кестемен жұмыс

Ертіс (орыс. Иртыш— Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.

Қазақстан жерінде АбайШығыс ҚазақстанПавлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.

Басты салалары:Есіл Тобыл Бұқтырма Шаған Үлбі Шар Күршім

Жайық –  Қазақстан Республикасы (АтырауБатыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүбірлі, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды


Өзеннің аты

Өзен алабы

Бастауы

Саласы

Қоректену режимі

Ертіс






Жайық











Тапсырма 4. «Адасқан нысандар»

Берілген нысандарды сәйкестендір?


Батыс сібір жазығы


суқоймасы

Балқаш


мұздық

Сырдария


жерасты суы

Корженевский


жазық

Артезиан


көл

Бұқтырма


өзен






Тапсырма 5. «Алтын қоржын»

Берілген сөзді 3жақта айту. «Көл»

1.Атауы

2. Сипаты

3.Түрлері



Тапсырма 6. «Керісінше ойлау» әдісі

1.Егер су болмаса қандай жағдай болар еді?

2.Егер мұхит сулары тұщы суға айналса қалай болар еді?

( Оқушылар өз ойларын айтады.)


Тапсырма 7. «Баламалы тест»

  1. Қазақстанда жерасты су ресурстары тұщы су қоры неше артезиан алабы анықталған?

А. 50

В. 60

С. 70

2. Артезиан алаптарының терең қабаттарында қандай сулар таралған?

А. Температурасы төмен

В. Жылы және ыстық термальды

С. Суық термальды

3. Артезиан суларының температурасы 30-40 С—56-96С жететін жерасты сулары қай өңірде таралған?

А. Қызылқұм, Маңғыстау, Іле ойысы.

В. Сарағаш, Арал маңы.

С. Белокуриха, Келес, Бұқтырма.

4. Қазақстан аумағындағы мұздықтар саны қанша?

А. 3500

В. 2000

С. 2700 астам

5.Қазақстандағы ең ірі мұздық, ұзындығы-12км, ауданы 38км2 қайда кездеседі?

А. Талғар, Іле Алатауында

В.Корженевский, Іле Алатауында

С. Шілік













Дұрыс жауаптар

Тапсырма 1. «Кім тапқыр» ойыны.

Су ресурстарын ата: Өзендер, көлдер, жерасты сулары, тау мұздықтары

Тапсырма 2. «Зымыран сұрақтар»

Берілген сұраққа жауап бер?

  1. Өзен дегеніміз - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су

  2. Өзеннің құрылысы – бастауы, саласы, сағасы, алабы, арнасы, жайылма, суайрық.

  3. Қазақстан аумағында қанша өзен бар- ірілі-ұсақты 85мың.

  4. Қазақстандағы ең ірі 7 өзенді ата: ЕртісТобылЕсілЖайықСырдарияІлеШу

  5. Өзендердің ағуына қарай: Тау өзендері, жазық өзендері






Тапсырма 3. «Білгіштер» кестемен жұмыс

Ертіс (орыс. Иртыш— Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.

Қазақстан жерінде АбайШығыс ҚазақстанПавлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.

Басты салалары:Есіл Тобыл Бұқтырма Шаған Үлбі Шар Күршім.


Жайық –  Қазақстан Республикасы (АтырауБатыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.

Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау, Гүбірлі, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Құмақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды



Өзеннің аты

Өзен алабы

Бастауы

Саласы

Қоректену режимі

Ертіс

Солт.Мұзды мұхит алабы

Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыАлтай аймағы) тауынан алады.

Есіл Тобыл Бұқтырма Шаған Үлбі Шар Күршім


Қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.

Жайық

Каспий алабы

Орал (Мұғалжар)

Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Шыңғырлау, Гүбірлі, Үлкен Қараған, т.б

Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады.




Тапсырма 4. «Адасқан нысандар»

Берілген нысандарды сәйкестендір?


Б алқаш


мұздық

С ырдария


жерасты суы

К орженевский


суқойма

Артезиан


көл

Бұқтырма


өзен




Тапсырма 5. «Алтын қоржын»

Берілген сөзді 3жақта айту. «Көл»

1. Көл жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс. Көл жазықта да, тауда да кездеседі. Қазаншұңқырға жиналған су.

2. Сипаты- елімізде 48 мыңнан астам көлдер бар, теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысының жоқтығы. Олар ағынды – өзен ағып шығатын көлдер, ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайтын көлдер.


3.Түрлері – пайда болуына қарай: қалдық, тектоникалық, бөген, жанартаулық,



Тапсырма 6. «Керісінше ойлау» әдісі

1.Егер су болмаса қандай жағдай болар еді?

2.Егер мұхит сулары тұщы суға айналса қалай болар еді?

( Оқушылар өз ойларын айтады.)


Тапсырма 7. «Баламалы тест»

  1. Қазақстанда жерасты су ресурстары тұщы су қоры неше артезиан алабы анықталған?

А. 50

В. 60

С. 70

2. Артезиан алаптарының терең қабаттарында қандай сулар таралған?

А. Температурасы төмен

В. Жылы және ыстық термальды

С. Суық термальды

3. Артезиан суларының температурасы 30-40 С—56-96С жететін жерасты сулары қай өңірде таралған?

А. Қызылқұм, Маңғыстау, Іле ойысы.

В. Сарағаш, Арал маңы.

С. Белокуриха, Келес, Бұқтырма.

4. Қазақстан аумағындағы мұздықтар саны қанша?

А. 3500

В. 2000

С. 2700 астам

5.Қазақстандағы ең ірі мұздық, ұзындығы-12км, ауданы 38км2 қайда кездеседі?

А. Талғар, Іле Алатауында

В.Корженевский, Іле Алатауында

С. Шілік










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!