Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер»
Класы: 6 класс
Өткізген оқытушы: Апендина Г.Х.
Өткізген күні: 12.03.2024 ж
Ақтөбе қаласы- 2024 жыл
Бекітемін: _________________
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Апендина Г.Х. |
||
Күні: |
12.02.2024 |
||
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер |
||
Тәрбие жұмысының бағыты |
Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан) |
||
Мақсаты |
Су тасқыны мен сырғыма туралы түсінік беру, одан қорғану, көмек беру жолдарын меңгерту; Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының қызығушылығын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту; Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу. |
||
Сабақтың түрі |
Танымдық сабағы |
Тәрбие сағатының барысы
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
Кіріспе бөлім 10 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. 2. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. Мұғалім: СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Слайд көрсетіледі. |
Интерактивті тақта, презентация, оқулық. Су тасқыны туралы бейнеролигі |
Негізгі бөлім 25 мин. |
Су тасқынына қалай дайындалу керек Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз. Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз. Слайд көрсетіледі. Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз. Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есіктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
Слайд көрсетіледі. Шығармашылық
жұмыс 1-топ. |
Су тасқыны кезіндегі әс-әрекеттер туралы бейнеролигі https://youtu.be/ajH0wu26TDg?si=uwtuLwVq2UJFms1l Су тасқыны кезіндегі әс-әрекеттер туралы бейнеролигі https://youtu.be/vI_gL9epwOY?si=E8P5l0gtpcxRtSJc |
Қорытынды 10 мин |
Рефлексия. «Ашық сауал».
Қорытындылау: Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек. |
|