Жамбыл обылысы Т.Рысқұлов
ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№1 мектеп-лицейі коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Су – тіршілік
көзі»
Орындаған: 6 «В» сынып оқушысы
Төкенова Ақсезім Талғатқызы
Жетекшісі: Мырзакулова
Салтанат Алпысбаевна
Тақырыптың
өзектілігі: Лас судың әсерінен адамдардың
ауруға және шығынға ұшырауы. Адамдардың суды өнеркәсіп қажетіне көп
пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауына байланысты ішуге
жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара
жатқандығы.
Зерттеудің ғылыми
жаңашылдығы және теориялық маңызы
«Су – тіршілік
көзі» тақырыбында оқушылар мен
ата-аналарға ақпараттық, танымдық нұсқаулық
шықты
Тәжірибелік
маңыздылығы:Судың адам өміріндегі орны
,лас судың ағзаға әсері және суды тиімді пайдалану туралы
сауаттылық қол жеткізе отырып, жер бетіндегі су қорын тиімді
пайдалану арқылы, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға қол
жеткізге болатынына көздері жетіп, әрекет
етеді.
Жұмыс бойынша негізгі
түйінді тұжырымдау
- Адам және адамзат үшін судың
маңызын саналы түрде мойындау;
-Қарапайым тәсілдер арқылы суды тиімді пайдалану жолдарын
көрсетіп,насихаттау;
-Лас сулар туралы мағлұмат
беру және үй жағдайында суды тиімді пайдалану дағдыларын
қалыптастыру.
-Суды үнемді пайдалану
жолдарын үйрету.
Дүниежүзілік су қорларының
ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл
мәселе Қазақстанға
да тән. Судың ластануы көп
түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен
аяқталады.
Су айдындарының ластануын
былайша топтайды:
-
биологиялық
ластану:
өсімдік, жануар,
микроорганизмдер және аш бейімді заттар
-
химиялық
ластану:
уытты және су ортасының табиғи
құрамын бүлдіретіндер
-
физикалық
ластану:
жылу-қызу, электр-магнитті
өріс, радиоактивті заттар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал
Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті
көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі
себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған
жол беретіндері:
-
тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылықтар;
-
өнеркәсіп
орындары;
-
ауыл шаруашылығын
химияландыру:
-
халық шаруашылығының басқа да
салалары.
Жамбыл фосфор зауытының
сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор
және сары фосформен ластап отыр. Қазақстанның су ресурстарының
сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында
мемлекет тарапынан көптеген игі істер
жүргізілуде.
Сыныптастарым мен
құрдастарымның «Су – тіршілік
көзі» екендігін қаншалықты білетінін
анықтау мақсатында сауалнама алдым.
Сауалнамаға
6 «В»,6 «Б» сыныптан 35 оқушы
қатысты. Мысалы:Судың әсерінен адамдар
ауруларға ұшырайды ма?
Иә-9
Жоқ-26
Көптеген менің сыныптастарым
75%-ы судың әсерінен адамның ауруға ұшырайтыны жайлы біле бермейді.
Балалар көшеде тұрған крандарды ағызып су іше береді. Ал ол судың
таза екендігіне ешкім кепіл бола алмайды. БҰҰ- ның келтірген
деректері бойынша әлемде лас су ішу проблемасынан ауруға ұшырайтын
5 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 4400-і күн сайын өмірден озады
екен. Қандай ауруға деген сұраққа: улану деп 9 оқушы жауап
берген.
Сауалнаманың нәтижесін саралай келе ,оқушылардың судың адам
өміріндегі маңызын біліп,оны тиімді,үнемді пайдалану керек
екендігін білгендігімен, осы өзекті мәселеде өздері қандай әрекет
істеп,үлес қосу керек екендігін білмейтіні анықталды. Осы жұмыстың
нәтижесінде,есептеулер мен тәжірибе түрінде судың сапасын
анықтап,үнемдеу жолдарын дәлелдеп,
«Лас суды
заласыздандыру»
«Суды үнемді пайдалану
жолдарын» насихаттау үшін ақпараттық танымдық нұсқаулықтар
әзірлеп,оқушыларға тараттым.
Суды тиімді пайдалану
бойынша есептеулер.
Қалай дұрыс тіс шаюға
болады?
Біздің Жамбыл
обылысы,Т.Рысқұлов ауданында барлығы 63691 адам бар, оның көбі тіс
шайған кезде су кранын ашып қойып тіс шайса, ал қалғаны суды тек
тіс щеткасы мен аузын шаю керек кезде ғана ашса суды қалай
үнемдеуге болады деп тәжірибе жасадым. Ол үшін сыныптағы 16 оқушы
мен пән мұғалімдерінен сауалнама жасау барысында , сол адамдардың
тек 45 пайызы ғана суды тек керек кезінде ашатыны анықталды. Сонда
63691х45/100=28661 адам суды үнемді пайдаланады, 63691-28661=35030
адам 3 минут кранды ашып қойып тіс шаятын болса,осы уақытта су 2
л/мин жылдамдықпен ағатынын ескерсек,
есептейік
35030х3х2=210180 литр су
жұмсалады,
Егер суды үнемді жұмсалғанда
тіс шаюға 1 литр жұмсалатын болса,онда
35030х1=35030 литр
жұмсалады.
Ендеше бір күнде неше литр су
ысырап болғанын анықтасақ:
210180-35030=175150 литр .
1
айда
175150х30күн=5254500литр
1
жылда
5254500х12ай=63 054 000литр суды үнемдеуге болар
еді.
Үй жағдайында суды қалай
тиімді пайдалануға болады?
Жамбыл обылысы, Т.Рысқұлов
ауданында статистикалық мәліметтерге сүйенсек барлығы 63 691
адам тұрады,оның 31775-і ер адамдар, одан 15-80 жастан жоғары ер
адамдардың саны 15403 адам болса және осы адамдардың күнара жартысы
механикалық жолмен қырынатын болса,60 пайызы қырыну кезінде кранды
ашық күйде ұстап 6 минут қырынса,судың ағу жылдамдығы 2л/мин, қанша
судың ысырап болғанын анықтасақ
15403/2х60/100=4621адам
4621х6х2=55450,8 литр су
жұмсалады
Ал қырыну кезінде кранды тек
қажет кезінде ашатын болса,онда қырынуға тек 1 литр су жұмсалады
екен.
4621х1=4621литр жұмсалар
еді.
Ысырап болған су мөлшерін
анықтайық
1
күнде
55450,8-4621=50829,8литр
1
айда
50829,8х15күн= 762447литр
1
жылда
762447х12ай=9149364литр.
Қорыта алғанда 1 жылда біздің
ауданымызда суды пайдаланудың тиімді жолын пайдаланса
(63 054 000литр+9149364литр=72 203 364
литр)72 203 364 литр суды үнемдеуге болады екен, бұл дегеніміз
эл энергиясын, сол салада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін және
құрал-жабдықтарды да тиімді пайдалану, ғаламдық экологиялық
проблемағада қомақты үлес қосу деп
ойлаймын
Зерттелген мәлімет бойынша 1
адамға бір күнде 80 литр су жұмсалатынын ескерсек, онда бұл
су
(175150 литр +50829,8литр)/ 80литр=2825
адамға жетер еді
Ал егер судың сапасының
төмендігінен күніне 25000 адам (оның көбі балалар) көз жұматынын
ескерсек, онда 2825 адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі біздің
қолымызда екен. Яғни су сапасының төмендігіне байланысты қайтыс
болатын адамдардың саны 25000 -нан 22 175
-ке(25000-2825=22 175 адам.) төмендер
еді.
Қорыта алғанда 1 жылда
біздің ауданымызда суды пайдаланудың тиімді жолын пайдаланса
(63 054 000литр+9149364литр=72 203 364
литр)72 203 364 литр суды үнемдеуге болады екен, бұл дегеніміз
электр энергиясын, сол салада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін
және құрал-жабдықтарды да тиімді пайдалану,ғаламдық экологиялық
проблемағада қомақты үлес қосу деп
ойлаймын
Осы зерттеу жобасын жазу барысында көптеген
бұрын білмеген деректермен таныстым. Су адам өмірінің негізі
екендігіне көз жеткізе отырып, судың таза , қауіпсіз екендігін
анықтап барып, пайдалану керек деп шештім. Суды ішуге жарамды ету
үшін оны тазартуға көп энергия жұмсалады, ал энергияны өндіру үшін
тағы да отын (таскөмір,мұнай,табиғи газ) жағуға тура келеді. Бұл
табиғатқа кері әсер етуге әкеп соқтырады.Сондықтан біз суды үнемдеу
арқылы табиғи ортаны қорғауға белгілі дәрежеде пайда әкелеміз. Ал
таза су ішу- мықты денсаулық кепілі , жарқын болашақ негізі
демекпін.