Су-тіршілік көзі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су-тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су-тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, туралы білімдерін кеңейту. Судың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су-тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, туралы білімдерін кеңейту. Судың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер:Суреттер, глобус.

Сөздік жұмыс: Су,

Биллингвалддық компоненттер:Су-вода, Жер шары-Глобуст.

Шаттық шеңбері:Қардай ашық, ақ болыңдар.

Бұлттай биік болыңдар!

Мұздай мықты болыңдар!

Судай таза, мөлдір болыңдар!

Тамшылардай нәзік болыңдар!

Тәрбиеші:Күн туралы біз не білеміз?

Күн жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн болмаса, адам да, жануарлар да, өсімдік те тіршілік ете алмас еді.Өсімдіктер өсіп, дәрумендерге толы жеміс беріп тұрғаны күннің жылуы мен қуаттың арқасы. Күн өте үлкен жарық көзі.

Ал ауа туралы біз не білеміз?

Балалар: Ауа- ең алдымен адамдарға тыныс алу үшін қажет.Ауа жануарларға және өсімдіктерге де керек. Суда балық қалай жүзсе, ауада құстар солай қалықтайды.

Балаларға глобусты көрсету. Глобуста көк, көгілдір түспен не белгіленіп тұр?

-Су.

-Салыстырып көрейік жер көп пе әлде су көп пе?

-Су.

-Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен, қармен жерге түседі, бұлақ болып өзенді құрайды, ал, содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып, аспанға көтеріледі де, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады.

Тәжірибе:Үстел үстінде графинде су. Судың «сиқырлығын» анықтау.

1.Су түссіз.Бояуларды қрсқанда түсі өзгереді.

2.Су дәмсіз.Қант пен тұз қосқанда дәмі өзгереді.

3.Судың температурасы өзгереді. Суға жылы су құю.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық.

Су ішінде қалықтап,

Кәне жүзіп алайық.

Оңға, солға бір қарап,

Денемізді бұрайық.

Тәрбиеші: Ал,жаңбыр, тамшы, су туралы кім тақпақ біледі?

Жомарт:Жау-жау жаңбыр,

Жау жаңбыр.

Жауған жаңбыр-жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің аузы ашылсын.

Нұрислам:Асау тамшы орғыған,

Алақанда тұрмайды.

Атып тұрып орнынан,

Айдында да тулайды.

Жанель:Мөлдір, мөлдір

Сылдыр су.

Сылдыр суда бетіңді жу.

Тәрбиеші:Жер бетінде судың қоры өте көп. Бірақ ащы су қоры тұщы судан көп. Сондықтан тұщы су қорын дайындау үшін түрлі су тұщылату қондырғылары орнатылады. Мұхит, теңіздердің суы ащы болады. Олармен түрлі кемелер жүк тасыйды.Бірақ суларын ішуге жарамайды. Ал өзен, көлдерде сутұщы су.

Суды үнемдеп таза сақтау керек, ластауға болмайды.Су күнделікті өмірде пайдаланылады.Су туралы кім мақал-мәтел біледі?

Айзере:Сулы жер-нулы жер.

Іңкәр:Су бар жерде өмір бар.

Нұрдәулет:Сусыз өмір жоқ.

Жаннұр:Су табиғаттың ажары.

«Ғажайып сәт»

Осы кезде есік қағылып балабақша медбикесі кіреді.

Балаларға бірнеше сұрақтар қояды.

1.Ащы суды ішуге болама?

-Жоқ

2.Жеміс-жидекті жумай жеуге болама?

-Жоқ.

3.Сусыз өмір сүруге болама?

-Жоқ.

4.Суды орынсыз төгіуге, ластауға бола ма?

-Жоқ.

Медбике балалардың жауабына риза болып, дәрумендер таратып береді.

Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.06.2018
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі