Материалдар / Су тіршілік көзі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән лексикасы және терминология:тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, таза энергия, ағза Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ . Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын. Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзім жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Су-тіршілік көзі

Мектеп:

Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Судың адам өміріндегі маңызы. 4-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздермен танысады.

Көбі: Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды.

Кейбірі: Тірек сөздер бойынша мәтінге ат қояды.

Жетістік критерийлері

Тірек сөздерді анықтау арқылы мәтін тақырыбын болжайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, таза энергия, ағза

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет өзара жұмыс барысында іске асырылады.Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Бастапқы білім

Лексикалық тараудың 3 сабағы


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут






3 минут

Шаттық шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады.

Бір,екі,үш,төрт

Жымиямыз сәл күліп

Біз тілейміз сәттілік. (Бір-біріне жақсы тілектер айтады)

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Қызығушылықты ояту

Оқушылар тақтада берілген сөздерді адам өміріндегі маңыздылығына қарай ретпен орналастырады.

Ұсынылатын сөздер: тамақ, ұйқы, су, киім, жұмыс, байлық

Ой шақыру сұрақтары:

Суды неліктен ең маңызды деп санайсыздар?

Суды не үшін қолданамыз?

(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушы пікірлерін негізінде кластерді толтырып жазады.)

Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.




Сабақтың ортасы

30 минут



















Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады.

Дескрипторы:

мәтіндегі ең маңызды тірек сөздер жазылған 4 тамшыны түрлі-түсті қарындашпен бояйды;

тірек сөздердің көмегімен мәтінге сөз тіркесімен ат қояды;

мәтіннің атын бұлтқа жазады;

жұбына мәтінге неліктен ондай ат қойғанын түсіндіреді;

түсіндіру кезінде ұсынылған сөз оралымын қолданады.



Тыңдалымалды тапсырмасы

Сөздікпен жұмыс.

Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.

Сөз

Сурет

тіршілік, өмір

ауыз су, тұщы су

мұздық

температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды

тасымалдау, жеткізу

бүйрек

бауыр

қалдық

жарақаттану, жаралану

ылғалдандыру

бұлшық ет



Тыңдалым мәтіні

Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.

Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.



Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз.


Оқушылар тірек сөздерді тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қойыңыз.



Жұбыңызға мәтінге неліктен ондай тақырып бергеніңізді түсіндіріңіз. Әр оқушыға 1 минуттан.

Тақтадан жауап беруге қатысты өз оралымы көрсетіледі.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.



Мұғалім кейбір оқушылардан жұбының мәтінге қойған тақырыбы туралы сұрап, жауап алады.

Мысалы: Айнұр, сіздің жұбыңыз .............. мәтініне қандай ат қойды және неге?

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийіне еске түсіртеді. Тақтадан шығарып қояды.



Кері байланыс.

Сізге бүгінгі тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Неге?

Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?


































Сөздер және суреттері бар үлестірме парақтар



















































































































Аудиомәтін

Сабақ соңы

5 минут


Рефлексия 3-2-1

Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.


1.Сабақта маған пайдалы болды.

1. ................... 2. .............................. 3. .........................

2. Маған көмек қажет?

1. ................... 2. ..............................

3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?

1. ...................

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру




Қалыптастыру шы бағалау парағы














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!