
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ш.Уәлихановтың "Ыстық көл сапарының күнделігі" шығармасына сюжеттік композициялық талдау
Бөлім: |
«Тарихишындық пен көркемдік шешім» бөлімі |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
25.12.2024 |
Сыныбы:9 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі" шығармасының сюжеттік-композициясы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
Сабақтың мақсаты: |
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды үйренеді |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. |
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны |
|||||
Үй тапсырмасын пысықтау
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Дискриптор:
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Жалпы балл-2 |
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. |
Сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижемен таныстыру Сабағымыздың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі» шығармасына сюжеттік –композициялық талдау Бүгінгі сабақта: Сенің білетінің: Шоқан Уәлиханов шығармашылығынтереңірек түсіну, шығарманы талдау; Күтілетін нәтиже:
шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.
|
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.. |
||||||
|
№1-тапсырма /жеке жұмыс/: Берілген үзіндіні оқып, түсінгендеріңді айтыңдар . «Аягөзде» үзіндісін оқу.
Дискриптор:
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.. |
||||||
|
№2-тапсырма /жұптық жұмыс/: Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы: 1.Оқиғаның басталуы 2.Оқиғаның дамуы 3.Оқиғаның шиеленісуі 4.Оқиғаның шарықтау шегі 5.Оқиғаның шешімі Дескриптор:
3-тапсырма. /топтық жұмыс/ «Дәйексөз» тәсілі Шығармадан бірнеше үзінді беріледі. Үзінді бойынша талдау жасау. A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? B. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай? C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, мінездеу , суреттеу, диалог) қолданған? |
Дескриптор: Жалпы - 2 балл. -ойларын айтады
Жалпы - 3 балл. -сұраққа жауап береді |
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.. |
||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
|||||
Үйге тапсырма |
136-беттегі 7,8-тапсырма |
Керекті мәліметтерді дәптерге жазады. Қысқы демалыс күндеріне
күнделік жазады. |
|
Бағалау парағы
р/ |
Бағалау критерийі |
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасы /жоғарғы балл -2 / |
||||||
1 |
Шығарма жанрын анықтайды; |
|
|
|
|
|
2 |
Жолаушы көңіл күйі мен психологиясына баға береді. |
|
|
|
|
|
1-тапсырма /жоғарғы балл-3/ |
||||||
3 |
Мәтінді түсініп оқиды; |
|
|
|
|
|
4 |
Көтерілген мәселені анықтайды; . |
|
|
|
|
|
5 |
Ойын дәлелдейді |
|
|
|
|
|
2-тапсырма /жоғарғы балл -2/ |
||||||
6 |
Сюжеттік -композициялық талдау жасайды; |
|
|
|
|
|
7 |
Ойларын дәлелдейді |
|
|
|
|
|
3-тапсырма /жоғарғы балл-3/ |
||||||
8 |
Сюжетті анықтайды. |
|
|
|
|
|
9 |
Интерпретация жасайды. |
|
|
|
|
|
10 |
Анализ жасайды |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бүгінгі сабақтағы белсенділігің үшін алғысым шексіз!
Аягөз жолындағы бекеттердің барлығында құдық суын ішеді: Аягөзге дейін олардың саны алтау.
Бұл сортаң аймақ Аягөзге қарай өрлеп, Арқат төбесіне айналады, одан ары қарай төмендей бастайды. Қалай болғанда да Аягөз ылдиы Ертістікінен жоғары. Арқаттың қырлы жоталары көгілдір сілемденіп алыстан менмұндалап, көңілсіз әрі тірі жан жоқ жолды сәл де болса әрлендіреді. Арқат таулары жайылымға жақсы екенімен танымал, сондықтан мұнда Аягөз округы наймандары мен уақ болыстарының қыстаулары шоғырланған. Бұл жерде бізге дейін және біз өтіп бара жатқанда жүз үйден аса сарт өтті. Өздерінің айтуынша, олар бұл жерде 70 жылдан аса көшіп жүр. Алғашында оларды көшпенділікке күнкөріс үйреткен. Семей арқылы азиялық өнімдерді саудалай жүріп, керуендерді жөнелту үшін олардың өз жылқылары мен түйелері болу керек еді - оларды бағып-жаю қажет, оған қоса олар қымызды жақсы көреді, міне осыдан қазақтардан жалға жер алып, бірнеше отбасы болып киіз үйде тұрған. Бүкіл Азияға тән көшпенді, еркін өмір оларға ұнап, аз уақытта олар 150 үйге көбейді. Генерал губернатор оларды қашқындарды жасырып, контрабанда жасайды деп күдіктеніп, Арқаттан кетуді бұйырады. Олар Ресей боданына өткеннен соң, не мещандар деп жазылуға, не бұл арадан кетулері керек болды. Олар, шамасы, соңғысын жөн деп тапса керек.
20 сы күні*1 түнде мен Аягөзге келдім. Аягөз - шағын станица, наймандарды басқаратын округтік приказ да сонда орналасқан. Оның негізі 1824 жылы2 қаланған. Қазақ даласындағы барлық станицалардың ішінде Аягөз көзге ең қорашы сияқты, дегенмен, Көкпекті одан асып тұрған жоқ деседі. Бірнеше ағаш үйлері бар шағын бекініс, фортштадт, татарлар тұратын бөлікте орналасқан мешіт және жеркепелер. Жаңа ереже бойынша, Семей облысы құрылғаннан бері, ол қала деп аталады және бірнеше шалақазақ оның азаматтары. Шалақазақтар3 - яғни, жартылай қазақтар деп Орта Азиядан шығып, орыс бодандығына өткен және қазақ болыстарына қазақтармен бірдей құқықта жазылған адамдарды атайды. Олар даланың шығыс округтерінде өте көп: Аягөз, Көкпекті және Ұлы жүзде. Бұл атау біздің сапарнамада жиі кездесетін болар, сондықтан біраз шегініс жасасақ, кешірім өтінеміз.
P. S. Аягөз округындағы найман руы туралы.
Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағлауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.
Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін4 өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.
Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.
Сапарымыздың желісін ары қарай тарқатайық. №2 бекетте біз оң жағалауға ауыстық. Бұл кезде түн болатын. 4 ші нөмірге жетпей, 10 шақырымдай жерде қазақтар жырында айтылатын әйгілі Қозы Көрпештің моласы5 тұр. Біз поэманы жақсы зерттегенбіз, сондықтан олардың моласын көргіміз келді. №2 бекеттен шыққан уақыт бойынша Қызылқия бекетінен түнде өтуіміз керек болатын. Бірақ біз таңертең сонда тұрып*2, молада шай ішкіміз келді: жолда шай ішкен жақсы, әсіресе, ескі қирандылар мен молаларда. Өткен туралы ойлайсың, бүгінгіңді аялайсың. Осы мақсатпен жәмшікке тек таңертең, күн көтерілген кезде, бозторғай алғашқы әнін шырқап, түн пердесі түрілгенде, түнгі бұлттар солтүстікке ауып, батыстан*3 таңғы қызғылт күн көтерілгенде, жарық ағаштардың бұтағына түсіп, су керемет тамаша түске енген кезде, осындай поэтикалық сәтте моланың басында болуды тапсырдық.
Адам жобалайды, бірақ Құдай шешеді. Түні бойы жаңбырдың ірі тамшылары жеңіл арбаның шатырын ұрғылап тұрды. Шаршаған аттар, батпақта аяқтарын әзер басып жүріп келеді. Тек шыбықтың шартылдаған дауысы мен шаршаған аттардың пысқырынуы, делбешінің айғайы ғана жаңбырдың бірсарынды дыбысын бұзып тұрды.
Нашар түн болды, сондықтан жүру де қиындады. Жаңбыр ойлаған жоспарымызды бұзбасын деген күдік, алаңдаумен жәмшікке бірнеше рет: «қалай, аспан ашылмады ма?» деп сауал тастадым. Суық сүйегіне дейін өткен делбеші «Жоқ!» деп күңкілдей жауап берді де, тағдырға назаланғандай «Не боп кетті, брр...» деп тізесіне жиналған суды төкті. Менің оған жаным ашыды, тезірек жүрсек, ол баяғыда жылы пешке қыздырынып отырар еді. Баян сұлудың естелігін көрмей кету де обал.
Осылайша біз бір сағат жүрдік.
- Мәртебеңізге құлдық, - деді жәмшік, - міне мола!
Мен басымды шығардым. Күннің көзі түнерген бұлттардан шығып келеді, аспанды сұр бұлт басқан, бұрынғысынша жаңбыр жауып тұр, көбіктенген аттар батпақты сортаң жермен әзер жүріп келеді, өзеннің сол*4 жағында тобылғылардың арасынан моланың үшкір басы көрінді: ол қызыл кірпіштен қаланған болып көрінді. Мұндай ауа райында шай ішіп, қазақтардың ескерткішін тамашалау туралы ойлаудың өзі артық еді.
- Шамасы, өзен де арнасынан шығайын деп тұр, жоғары мәртебелім, - деді жәмшік менің ойымды оқып қойғандай.
- Олай болса, жүре бер, қайтар жолда қарармыз, - дедім мен, сосын тонға оранып, ұйықтап алайын деп көзімді жұмдым.
Өзағаш бекетінде шай іштім. Өзеннің солтүстік жағалауы жайылған лай су мен сортаң басқан дала. Аягөздің жағалауын бойлаған жолмен өзеннің арнасынан шығуы себепті жүру мүмкін болмады. Біз айналып жүрдік. Алдымызда тегіс сортаңды батпақ дала жатты. Шидің ақселеу бастары шоқтанып өсіп тұр, тіптен көп. Әр жерде қарайып шеңгел, баялыш, көкпек, бүрген өсіп тұр. Осылайша біз 25 шақырымдай жүрдік. Ақыры Арғанаты жотасына шықтық. Мұнда өсімдіктер табиғаты өзгеріп сала берді. Тығыз топырақты жота беткейі жабайы аскөк пен казактар жабайы шомыр деп те атайтын өсімдікке ұқсас шөпке бөленген. Осы таудың ортасында атауын содан алған бекет тұр. Бекеттің артында сәбізшөп пен жабайы сарғалдақ өседі. Лепсіге қарай жотаның баурайында жабайы шомыр мен тобылғы, ал ары қарай жазық далада рауғаш, сарымсақ, жусан мен көкпек қаулап тұр. Рауғаштың көптігі соншалық, тұтас дала қып-қызыл түске боялған. (Станцияға жақын) көтеріңкі тұста тобылғы, ұсақ қараған мен сарғалдақ кездесті. Аягөзден Арғанатыға дейін, одан ары Лепсіге қарай жайылымдық шөп мүлдем кездеспеді. Бұл жерлерде көшпенділер өмір сүріп, қонбаған, оны көшпенділерден [қалған] бірден-бір ескерткіш - моланың жоғынан байқауға болады6, Аягөз бен Лепсі және басқа да өзендер бойында көп кездесетін зираттардың молдығы олардың*5малға жайлы екенін дәлелдейді.
Біз бұл жерге кешке келдік. Қаздардың қиқуы мен бақаның бір ерекше түрінің айғайы жағымсыз болғаны сондай, құлағымызды тығындауға мәжбүр болдық. Өзеннің жағалауында, тау жақта, Лепсінің сағасына қарай қазақ молалары көрінді. Олар сансыз көп. Жолда қыстаулардың жұрты байқалды және біз келгенде, ауыл отырды. Молалардан байқалғандай, бұл орындар көшпенді рулардың жиналатын жері болса керек. Қазіргі қазақтар Балқаштың қамысын қыстайды, ал жазда тауға көшеді, бұл жерде сәл дамылдап, міндетті түрде он күндей тынығады. Осы көлден Лепсіге дейін (он шақырымдай жер) бәрі құмға бөккен. Құмдар сусымалы. Қамыс, шилер өте көп, ара тұра көкпек, шеңгел, ақтасты*6 кездеседі, бары осы. Құмда тасбақа мен жыландар өте көп.
Осында Лепсінің ағысы басталады. Лепсі бастауын Алатаудан алады да, Балқашқа құяды. Оның суы терең. Жағасында біршама қалың орман өседі - тал-терек, жиде, жыңғылдар. Сағасы қалың және биік қамыспен көмкерілген. Қамыста түрлі құстар болады және жолбарыс кездеседі. Бірде жолбарыс бекетте тұрған қарауылды талап тастағаны болған.
Оның климаты*7 әжептәуір құбылмалы. Ақпанның аяғында онда қар болған жоқ, сондықтан рождество*8 мерекесіне қарай олар*9 қаздардың жұмыртқасын жеген. Осы алқапта бүйі мен сарышаяндар бар деседі. Бірнеше жыл бұрын бұл өзен орыс иеліктерінің оңтүстіктегі шекарасы болған және одан өтуге қатаң тыйым салынатын, ал қазір... Қазір жағдай басқаша!

