Білім беру саласы: Шығармашылық.
Мақсаты:Балаларға алақан мен саусақтар көмегімен, күн бейнесін салу әдісін үйрету.Саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: күннің суреті, сары түсті қағаз, жүн, жіп,салфетка, қайшы,желім, тақтайша.
Сабақтың жүру барысы:
-Балалар, бізге қонақтар келіп отыр. Алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жарық күн,
Сәлем әсем табиғат.
Сәлем біздің жас достар.
Қуанатын бірге ойнап.
Балалар бір-бірімізге деген достық ниетімізді білдірдік. Ал енді орнымызға отырайық.Балалар қараңдаршы алыстан жарқырап бір нәрсе келе жатқан сияқты, бұл не болды екен?
-
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы менің қолымда ненің суреті? Бұл неге ұқсайды?
-
Балалар: Күнге
-
Дұрыс айтасыңдар бұл күнге ұқсайды.
-
Балалар күннің түсі қандай? (балалардың жауабы)
-
Күннің пішіні қандай? (балалардың жауабы)
-
Жарайсыңдар балалар! Енді мына күнге қараңдаршы күн бізге арнайы алыс жолдан келіп, күн сәулелерін таратып жеберіпті. Кане біз күнге көмектесейік,күнді жарқыратайық.
(Балалардыңалдына күннің суретін қою және оны құрастыру)
-Мінекей күн шуағын жинадық, күнге көмек бердік. Енді біз күнге тек қана күлімдеп тұруын тілейміз. Күннің жылылығы,жылулығы анамыздың мейіріміне ұқсайды. Күн ол- ана, ал күннің сәулелері ол- бала. Күн сендерге алғысын айтып жатыр.
- Енді ата-аналар сіздер балалармен бірлесе отырып күнді жабыстырайық. Аналар берілген тапсырмаларды орындайды және жасаған жұмыстарын таныстырады.
-
Ал енді барлығымыз ортаға шығып шеңбер құрып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Су болып ағайық.
Терең, терең деп алып,
Біз тынығып алайық.

Қорытынды: Балалар бүгін біздер ненің суретін жабыстырдық?
Күннің түсіқандай?
Күнніңпішіні қандай?
-
Жарайсыңдар, балалар. Ендеше келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Достық әнге салайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шуақты күн"
"Шуақты күн"
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Мақсаты:Балаларға алақан мен саусақтар көмегімен, күн бейнесін салу әдісін үйрету.Саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: күннің суреті, сары түсті қағаз, жүн, жіп,салфетка, қайшы,желім, тақтайша.
Сабақтың жүру барысы:
-Балалар, бізге қонақтар келіп отыр. Алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жарық күн,
Сәлем әсем табиғат.
Сәлем біздің жас достар.
Қуанатын бірге ойнап.
Балалар бір-бірімізге деген достық ниетімізді білдірдік. Ал енді орнымызға отырайық.Балалар қараңдаршы алыстан жарқырап бір нәрсе келе жатқан сияқты, бұл не болды екен?
-
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы менің қолымда ненің суреті? Бұл неге ұқсайды?
-
Балалар: Күнге
-
Дұрыс айтасыңдар бұл күнге ұқсайды.
-
Балалар күннің түсі қандай? (балалардың жауабы)
-
Күннің пішіні қандай? (балалардың жауабы)
-
Жарайсыңдар балалар! Енді мына күнге қараңдаршы күн бізге арнайы алыс жолдан келіп, күн сәулелерін таратып жеберіпті. Кане біз күнге көмектесейік,күнді жарқыратайық.
(Балалардыңалдына күннің суретін қою және оны құрастыру)
-Мінекей күн шуағын жинадық, күнге көмек бердік. Енді біз күнге тек қана күлімдеп тұруын тілейміз. Күннің жылылығы,жылулығы анамыздың мейіріміне ұқсайды. Күн ол- ана, ал күннің сәулелері ол- бала. Күн сендерге алғысын айтып жатыр.
- Енді ата-аналар сіздер балалармен бірлесе отырып күнді жабыстырайық. Аналар берілген тапсырмаларды орындайды және жасаған жұмыстарын таныстырады.
-
Ал енді барлығымыз ортаға шығып шеңбер құрып сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Су болып ағайық.
Терең, терең деп алып,
Біз тынығып алайық.

Қорытынды: Балалар бүгін біздер ненің суретін жабыстырдық?
Күннің түсіқандай?
Күнніңпішіні қандай?
-
Жарайсыңдар, балалар. Ендеше келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Достық әнге салайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық
шағым қалдыра аласыз













