Материалдар / СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ КӨГІН ЗАҚЫМДАЙТЫН ЗИЯНКЕСТЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ КӨГІН ЗАҚЫМДАЙТЫН ЗИЯНКЕСТЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Қазакстандық суармалы егіншілікжағдайдың күрделенуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының өнімін көтеруде, суармалы егістік жерлердің әрбір гектарын тиімді пайдалану, егілетін дақылдардың өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы олардың зиянкестерге, ауруларға төзімділігін арттыру жене зиянды ағзалардың дамуын тежеу көзделіп отыр. Бұл тұрғыда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кешенді жүйенің негізгі элементіне жататын аймақтық егіншілік жүйесі - ауыспалы егісті, топырақ өңдеу әдістерін, су режимін реттеу, атызды суару, тыңайтқыштар, пестицидтер қолдану арқылы күріштің агрофитоценозының кұрамын реттеу шаралары, мәдени дакылдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасайды және
Авторы:
09 Сәуір 2024
211
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ КӨГІН ЗАҚЫМДАЙТЫН ЗИЯНКЕСТЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ



Демесінова А.А., Жуматаева А.Ж., Қаймодаева Қ.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Аңдатпа:Мақалада Қазакстандық суармалы егіншілікжағдайдың күрделенуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының өнімін көтеруде, суармалы егістік жерлердің әрбір гектарын тиімді пайдалану, егілетін дақылдардың өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы олардың зиянкестерге, ауруларға төзімділігін арттыру жене зиянды ағзалардың дамуын тежеу көзделіп отыр. Бұл тұрғыда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кешенді жүйенің негізгі элементіне жататын аймақтық егіншілік жүйесі - ауыспалы егісті, топырақ өңдеу әдістерін, су режимін реттеу, атызды суару, тыңайтқыштар, пестицидтер қолдану арқылы күріштің агрофитоценозының кұрамын реттеу шаралары, мәдени дакылдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасайды және арамшөптердің, зиянкестер мен аурулар төмендеуіне тиімді әсер етеді.


Кіріспе. Суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы, аса бағалы, көп таралған тағамдық дақылдардың бірікүріш- жер бетіндегі ең өнімді әрі маңызды дақылдардың бірі. Әлемдегі барлық адамзаттың жартысынан көбі күріш дәнін тағам ретінде пайдаланады. Соның ішінде күріш аса бағалы дәнді дақыл ретінде әлемнің 110-ға жуық елдерінде 150 млн. гектар жерге егіліп, оның 90 пайызы Азияда, 4 пайызы Америкада, 2 пайызы Африкада, 4 пайызы басқа құрлықтарда өсіріледі одан жыл сайын 400 млн. тоннадай жалпы өнім алынады. Құнды диетикалық тағам болып табылатын жармасының құрамында 7,7 пайыз ақуыз, 75,2 пайыз көмірсу 0,4 пайыз өсімдік майы, 2,2 пайыз клетчетка, 0,5 пайыз күл және 14 пайыз су болады.Қазақстанда күріш егіншілігі негізінен Іле мен Қаратал өзендері алқабында (Ақдала мен Қаратал массивтері) және Сырдария өзені бойында (Қызылқұм массиві мен Қызылорда облысы) орналасқан. Қазақстанда егілетін күріш көлемінің 80 пайыздан астамы Қызылорда облысы өңіріне тиесілі. Жалпы аграрлық өндірісті тұрақтандыру – азық түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы әлеуметтік тұрақтылығының негізі болып саналатын күріш өндірісінің тиімділігін арттыру күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптерінің зияны 16-18 пайызға кемітуде.Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден ең қауіптісі – жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері шаян тектестерден лептестерия және щитень.

Жағалық сұр шыбын Ephudra macellaria Lgg – кең тараған және күріш егістігінде қауіпті зиянкестер қатарына жатады.

Жағалық сұр шыбынның зақымдау фазасы – дернәсіл. Күріш жаңа көктегеп келе жатқан кезде оның өскінінің тамырын кеміреді. Зақымдалған күріш көгі судың бетіне қалқып шығады да күріш сиреп қалады. Әсіресе күріш көгінің тамыры тпоыраққа толық орнықпай, бір ғана тамырға ілініп тұрған кезде оның зияны көп болады. Дернәсілдің зақымдалу барлық күріш өскіні тамырын қайшымен қиған секілді біркелкі ұзындықта болуы. Шыбынның дернәсілі күріштің су астындағы тамырлары мен сабақтарына және жапырақтарына, өскен жылдан, қалған шөптердің қалдықтарына жабысып, оны кеміре бастайды. Күріш тұқымы топыраққа сіңірілмей егілген болса, онда оған тым көп зиян келтіреді. Өсімдіктің көктеу фазасындағы зақымдалу коэффиценті 70 пайыздай, ал өнімнің азаюы 3-4 пайыз және одан да көп болады (2).

Зиянкес күріш егетін аймақтарда кең таралған, бірақ жоғары зиян келтіруі Қызылорда және Алматы облыстарына тән. Қыстап шыққан шыбындардың алғашқы байқалуы мамыр айының басында күріш атыздарында тіркеліп, гектарына 10-25 данадан кездесіп, сол уақытта жұмыртқа салуы да байқалды. Дернәсілдердің бірінші ұрпағының алғашқы пайда болуы 14-22 мамыр айында тіркелді. Дернәсілдердің тығыздығы бір шаршы метрде 20 дананы құрады. Өсімдіктің зақымдануы кей жерлерінде 35 пайызға жетті. Жағалық шыбындарының екінші ұрпағының ұшып шығуы маусым айының екінші онкүндігінде байқалып, дернәсілдерінің алғашқы шығуы 22 маусым. Дернәсілдерінің екінші ұрпағының дамуы шілде айының екінші жартысына дейін созылып, орналасу тығыздығы бір шарша метрде 3-9-дан, 28-50 дана болды.

Дернәсілдердің қуыршаққа айналуы шілде айының 1-10 күндерінде тіркелді. Күріш дақылының толық түптеу кезеңінде шілде айының екінші онкүндігінде шыбындарының үшінші ұрпағының ұшуы тіркеліп, шілденің 10-15- де коллектор, қашыртқы және суармалы каналдарда алғашқы жұмыртқа салуы байқалды. Дернәсілдердің шығуы 18-25 шілдеде тіркелді. Қоректенуі сулы өсімдіктерінде және өсімдік қалдықтарында өтті. Дернәсілдердің қуыршаққа айналуы 4-5 тамыз айында байқалды. Төртінші ұрпақ шыбындарының алғашқы ұшып шығуы 13-15 тамызда тіркеліп, тамыз айының соңында байқалып, одан кейін зиянкес қыстауға кетті.

Күріш масасы.Бұл – күріш егілетін барлық аудандарға әсіресе су режимі бұзылған атыздарда көп кездеседі. Күріш масасының Сhігоnоmdае тұқымдасына жататын екі туыстасы бар: Сhігоnоmus sр. және Сгісоtориs sp. Саны жағынан масаның ең көп кездесетін туысына СҺiгоnпоmus жатады. Оның басқа күріш зиянкестерінен айырмашылығы – ол себілген тұқымды, өскін жапырағын, сабақты зақымдайды. Масаның зақымдау фазасы – дернәсіл. Ол жапырақтың төменгі жағынан кеміріп жеп тек беткі жұқа қабығын қалдырады. Нәтижесінде жапырақ бұзылып жіңішке жіпке айналады және қурап қалады. Күріш масасының дернәсілі күріш өскінін түгел немесе жартылай кеміреді, соның арқасында өсімдік қурайды немесе бойы сау өсімдікке қарағанда қысқа болады. Күріштің себілген дәнін зақымдау кезінде бойына қажетінше ылғал жинаған дәннің қабығы ашылып, өскін шыққан кезде дернәсіл дәннің ішіне еніп, ұрықты түгел жеп кояды, ал эндоспермге тимейді. Осыдан кейін дән көктеу қабілетінен айырылып, өспей қалады. Бірақ сыртқы бейнесінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Күріш масасы өмір сүру кезеңінде ұрықтарын күріштің сабағының астыңғы жағына және атыздардың түбіне тастайды. Оңтүстік облыстарда күріш масасы үш ұрпақ, кейде тіпті төрт ұрпақ береді.

Арпа минері - Hydrellia griseola Fale Ephydridae тұқымдасына жатады.Арпа минері Қазақстанның барлық күріш өсіретін аймақтарында кең таралған және одан ең көп зиян шегетін Қызылорда облысының күріш егістіктері. Минер үш генерацияда дамиды. Ересек түр сабан астыда, өсімдік қалдығында, қыстап шығады.

Арпа минерінін зияндау фазасы - дернәсіл. Олар пайда болған бойда жапырақтын қабығын тесіп ішіне енеді де паренхимасымен қоректенеді.Дернәсілініңқоректену кезінде мина пайда болады. Жапырақты өсуіне байланысты дақ та үлкейеді. Жапырақ бетінде бір немесе бірнеше минер болуы мумкін. Егер жапырақта бір минер болса, ол орташа жапырақтың 15 пайызға жуық келемінде, екі мина болса 25 пайыздай бетіне жайылады. Минердің жапырақта орналасу сипаты әртүрлі: жапырақтың негізгі жағында, ортасында және ең жоғарғы бөлігінде. Еңқауіпті зақымдалу - жапырақ негізіндегі екі немесеодан да көп минасының болуы. Осындай жағдайда жапыраққурайды, солады.

Арпа минерінің зияндылығы ауа райы жағдайымен байланысты әсіресе,жаздың салқын болуы оның зияндылығын арттырады. Дернәсілінің бірінші және екінші ұрпағы аса зиян келтіреді. Арпа минерінің зияндау коэффициенті, атыздағы судың тереңдігі 20-30 сантиметрден асса, 30- пайыздай болып, өнімнің жалпы төмендеуі 70 пайызға жетеді. Сонымен қатар зақымдалған өсімдік зақымдалмаған өсімдікке қарағанда 1-2 күндей кеш шашақтанады және аурумен зақымдалған күріш жапырағының ішіне еніп паренхимамен қоректенеді. Бір дернәсіл жапырақ тақтасының 15 пайызын, екі дернәсіл 25 пайызын зақымдайды.

Агротехникалық зерттеу әдістері. Күріш көгін зақымдайтын зиянкестерден қорғауда су режимін және атыздағы судың тереңдігін дұрыс сақтаудын әсері бар. Танаптағы судың тереңдігі 10 см болса жағалық шыбынмен зақымдалу 20 сантиметр тереңдікке карағанда үш есе, күріш масасымен зақымдалу төрт және одан да көп болады. Зиянкестер санын тимді азайту үшін атызды, 2-3 күнге кептіру жақсы нәтиже береді. Осы шараның тиімділігі 98-100 пайызға жетеді.

1-кесте. Жағалық шыбын мен күріш масасының зақымдау қарқындылығына баға беру шкаласы

Зақымдау белгісі

Балл

Тамыр жүйесінде немесе жапырақта өзгеріс жоқ

1

Тамыр жүйесі зақымданған (жағалық шыбын) немесе жапырақ зақымданған (күріш масасы)


25 %-дейін

2

26-50 %-ға дейін

3

51-75 %-ға дейін

4

75 %-дан жоғары

5

2023 ж. Қызылорда өңірінде күріш зиянкестерін зерттеу, оның өнімін төмендететін зиянкестерге қарсы қорғау шаралары тұрақты түрде жүргіздік. Сондықтан қорғау шараларын әртүрлі күріш өсіру технологиясын, стационарлық, далалық егістігінде жүргіздік. Зерттеу жылдары күріш ауруларына, зиянкестеріне агротехникалық шаралардың әсері: топырақ өңдеу, тұқым себу мерзімінің әсері, су режимі, судың тұздылығы, минералды тыңайтқыштардың, алғы дақылдардың әсері анықталды. Өңірде күрішті зиянкестерден қорғау 2 түрлі әдіспен: - тұқымды себер алдында өңдеу; - күріштің өсу кезеңінде өңдеу. Қорғау шараларын жасау кезінде әртүрлі тұқым өңдегіш инсектицидтердің, күріш өсінділерін зақымдайтын зиянкестерге әсеріне салыстырмалы түрде баға бердік. 2023 ж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында күріш өсіретін шаруашылықтарда әрдайым дақылға шығын келтіретін зиянкестерге есеп жұмыстары жүргізіліп отырды. Күріш зиянкестеріне қарсы қолданған инсектицидтердің биологиялық тиімділіктері келесі теңдеумен анықталады:, мұнда: Б тиім. – биологиялық тиімділік, зиянкестің санының төмендегені, %; А – зиянкестің бақылауда саны, дана; Б – зиянкестің тәжірибеде саны, дана. Әрбір тәжірибе мөлтектерде 4 рет қатарымда сынаулар алынып, күріштің өнімділігі анықталады. Инсектицидтер пайдаланған танаптағы мөлтектерде күріштің өнімділігі үшін математикалық жолмен есептеу жұмыстары жүргізіледі.

2-кестедегі мәліметтерге сипаттама берсек, жағалық шыбынның дернәсілдерінің зияндылығы ең аз жоңышқадан кейін себілген танаптарда байқалды, ал ең қатты зақымдануы тыңайған жерден кейін себілген күріш егістерде болды. Біздің ойымызша, тыңайған жерде зиянкестің жиналғаны болады. Күрішті күздік бидайдан және қайтадан күріштен кейін мәдени өсімдіктің зақымдануы орташа келеді: көрсеткіштеріде орташа.

2-кесте. Жағалық шыбынының дернәсілдер саны мен зияндылығына ауыспалы егістің әсері. шыбын саны

1

Алдыңғы дақыл

Егіс көлемі, га

Зиянкестің саны, дана

Өсімдіктер,%

зақымдалған өсімдікте дернәсілдер саны

1 қаққышпен 10 рет қаққана

зақымдалған

жойылғаны

1

Жоңышқа

15

3,8

534

3,9

0,6

2

Күздік бидай

56

4,5

568

12.0

0,9

3

Күріш

30

5,9

602

15,4

1,2

4

Тыңайған жерлер

29

8,8

923

25,9

1,9



Химиялық күрес тәсіліне тұқымды себер алдында димилин, 48 % с.к. 0,1 л/т, каратэ 050, к.э. 0,1л/т тұқымға араластырып егу кезінде есімдіктін бір шаршы метрдегі саны бақылаумен салыстырғанда димилинде 5,4, каратэде 6,5 пайызга көбейді, ал дәннің салмағы тисінше 44 кг және 33 кг өңделмеген нұскаға қарағанда бір шаршы метрде бақылаумен салыстырғанда көбейді.


Қорытынды

1. Суармалы егіншілік жағдайында күріш көгін зақымдайтын зиянкестерге жағалық сұр шыбын, күріш масасы, арпа минері, шаян тектестерден лептестерия және щитень жатады.

2. Жағалық сұр шыбынның күріш кектеу фазасындағы зақымдау коэффицинеті 70 пайыз, ал өнімнің азаюы 3 пайыздай. Күріш масасының зияндылық коэффициенті 24,3 пайыз, өнімнің азаюы 1,8 пайызға тең. Арпаминерінің зияндау коэффициенті 30 пайыз, ал бір дернәсіл жапырақ тақтасьның 15 , екі дернәсіл 25 пайызын зақымдайды. Шаян тектестердің ең зиянды кезеңі маусымның бірінші жартысы.

3. Күріш көгін зақымлайтын зиянкестерден қорғау шаралары агротехникалық және химияық болып табылады. Агротехникалық шаралардан тиімдісі атыз суын 2-3 күнге құрғатып отыру, ол 97-100 пайызға жойылуын қамтамасыз етеді.

4. Тұқымды себералдында инсектицитермен өңдеу күріш көгін зиянкестерден сақтап өсімдіктің зақымдануын азайтады..


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әбілдаева Ж., Бәкірұлы Қ., Шермағамбетов К. Күріш ауыспалы егістігіндегі дақылдардың зиянкестері, аурулары, арамшөптері және олардан қорғау шаралары. Қызылорда,»Тұмар» 2007. б.12-15.

2. Абилдаева Ж., Шермагамбетов К. Рекомендации по системе защиты риса и культур рисового севооборота от вредителей, болезней и сорных растаний в условиях Кызылординской области. Кызылорда, 2005 с. 1-22

3. Жайлыбай К.Н. Агроэкологические и морфологические основы оптимизации способов внесения минеральных удобрений в зависимости от сортовых особенностей риса// Известия НАН РК, Серия аграрных наук. 2016, №5. – С.54-62.

4. Таутенов И.А., Култасов Б.Ш., Сматов Р.Н., Шаймерденова А.К. Агроэкологиялық факторлардың күріш өнімділігіне және дән сапасына әсері. // «Астық саласы: даму күйі мен келешегі – Зерновая отрасль: состояние и переспективы развития» Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ізтаев Әуелбек Ізтайұлының 70-шы жылдығына арналған халықар. тәжіриб. конф. материалдары (28 ақпан 2020 жыл) - Алматы: АТУ. – Б. 72-74.

5. Жұматаева Ж.Б., Тоқтамысов Ә.М., Бәкірұлы Қ., Шеуджен А.Х., Қаймолдаева Қ.А. Күріш сорттарының биохимиялық және технологиялық көрсеткіштеріне минералдық тыңайтқыштар мөлшерінің әсері // «Ізденістер, нәтижелер», Алматы, 2017.- №3(75). – С. 216- 219.

6. Бәкірұлы Қ., Аймұхамбетов Ө., Оңдашев Р. Арал өңірі жағдайында Ресей селекциясы сорттарының экологиялық сортсынау нәтижелері. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Научно-инновационные основы развития рисоводства в Казахстане и странах зарубежья» посвященная 80-летию со дня организации КазНИИ рисоводства им. И. Жахаева. Кызылорда: Изд «Ақмешіт баспа үйі».- 2012.-С.66-69. 5. Таутенов И.А., Қаймолдаева Қ.А., Есеналиева Н., Біләлұлы. Арал өңірінде күріш дақылының өнімділік әлеуетін арттыру жолдары.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!