Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы шешілуі қиын мәселе,ауыр қасіреттің зиянын түсіндіру.Ұрпағымызға ол нашар әрекеттен аулақ болуға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлық

Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.Біздің еліміз тәуелсіз,зайырлы,дамыған ел.Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің бірі.Біздің еліміздің жеткен жетістіктері өте көп.Әліде жетер жетістіктеріміз,алар асуларымыз алда.Бірақ біздің еліміздіңде сол жетістікке жетуімізге кедергі келтіретін мәселелері бар.Солардың ішінде ең ауқымды,шешілуі қиын мәселе,ол-жемқорлық.Біздің еліміз коррупцияға қарсы көптеген заңдар қабылданып,шаралар өткізілуде.Сондада бұл қылмыс толықтай аяқталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық әрбір ел үшін өте ауыр қасірет.Ол барлық әлемнің саяси дамуына зиян келтіреді.Дүние жүзі осы қылмыспен күресуде.Коррупция дегенге жалпы түсінік берер болсам,ол сатқындық,пара беру,пара алу деген сынды түрлі мағына береді.

Мемлекетіміз турашылдықты ту етіп,барлық саяси жағдайлар әділ шешілген кезде ғана елімізде береке болады.Әрбір сала пара алмай,саяси жағдайлар пара беруге мәжбүрлемей шешілсе,әр адам өз қызметін адал атқарса,мойындарына жүктелген жұмыстар мен мүліктерді жалғандық жасамай сенімді атқарса,онда жемқорлық басылар ма еді?...

Экономикамыздың жоғарғы деңгейлі елдер секілді мықты болуы үшін,біздің демократиямыз бен қоғам дамуына қауіп төндіретін қасіреттен арылуымыз қажет. Елбасымыз халқымыздың жағдайын жақсартуды саясатымыздың басты мақсаты етіп бекітті.Президентіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы шаралар енгізді.

Сыбайлас жемқорлық еңсемізді көтеріп жеткен жетістіктерімізді жоққа шығарып,қоғамымызға зиян тигізеді.Біздер бар күш-қуатымызды біріктіріп,коррупциямен күресуді өз борышымыз деп қабылдап,соған сай әрекет етіп,экономикалық нарықтарымыз бен еліміздің даму болашағына пайдамызды тигізуіміз керек.Ең алдымен өзімізге жүктелген қызметтерді адал атқарып,жан дүниемізді тазартып,ұлт болашағына шынайы жанашыр болуымыз керек.Қорыта айтқанда,еліміздің қарқынды дамып,экономикасы мықты ел қатарына қосылуымыз өз қолымызда.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2021
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11