Материалдар / СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
fghjkkjhgfd dfjhgdsfddg dfdhsfd
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2019
252
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







МАЗМҰНЫ





І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


  1. ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

  2. ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

  3. ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

  4. ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ФОТОЕСЕБІ


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


  1. КЕРІ БАЙЛАНЫС

  2. ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ





























«БЕКІТЕМІН»

Е.Н.Әуелбеков атындағы

дарынды балаларға арналған

4 облыстық мектеп-интернат

директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары:____________А.Алпысова

«_______»_________ 2018 ж


Е.ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №4 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП – ИНТЕРНАТЫНЫҢ 11 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ» АТТЫ ПІКІРАЛЫСУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернаты

ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: 223 кабинет

ҚАТЫСУШЫЛАР: оқушылар

ӨТКІЗІЛУ ФОРМАСЫ: пікіралысу

ЖОСПАРЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты және жоспар бойынша таныстыру

  • Сынып оқушыларын топқа бөлу


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

  • «Ойашар» кезеңі

  • Бейнеролик «Коррупцияға жол жоқ!»

  • «Пара алу – бұл қылмыс» (оқушылар пікірі тыңдалады)

  • Бинго әдісі арқылы викториналық сұрақтар

  • Топтық жұмыс постер қорғау


ҮІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

  • Кері байланыс















Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі

Мақсаты:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың негізгі ережелерімен таныстыру;

  • Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, видеоролик

Формасы:  Тәрбие сағаты

Әдісі: Пікіралысу, сұрақ-жауап

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты және жоспар бойынша таныстыру

  • Сынып оқушыларын топқа бөлу


ІІ. Негізгі бөлім:

  • «Ойашар» кезеңі

  • Бейнеролик «Коррупцияға жол жоқ!»

  • «Пара алу – бұл қылмыс» (оқушылар пікірі тыңдалады)

  • Викториналық сұрақтар

  • Топтық жұмыс постер қорғау


ҮІІ. Қорытынды

  • Кері байланыс

Айнұр: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіліп отырған «Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбындағы пікіралысу сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың негізгі ережелерін таныстыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Олай болса, тәрбие сағатының «Ойашар» кезеңіне кезек берейік.

- Балалар, сыбайлас жемқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылар пікірін тыңдау, толықтыру)

Айнұр: Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - билікті теріс пайдалану арқылы жеке пайда табу болып табылады. Бұл термин лауазымды тұлғаларға жүктелген өкілеттіліктерді және құқықтарын асыра пайдалануды сондай-ақ осы лауазымдықтан берілетін ресми мәртебесін, мүмкіндіктері мен қарым-қатынастары арқасында заңсыз және моральдық ұстанымдарға қайшы келетін іс-әрекеттерді білдіреді екен.

  Келесі кезекте бейнероликке берсек «Корупцияға жол жоқ!»

  1. Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

  2. Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па? (оқушылар пікірі тыңдалады)


«Пара алу – бұл қылмыс» кезеңі

Индира: 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

  • Балалар сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қандай заңдарды білеміз? (оқушылардың пікірін тыңдау)

 1 – оқушы: ҚР  37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды.

2 – оқушы: Оларға: «Мемлекет қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңдары жатады.

  • ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану

  • Коммерциялық сатып алу

  • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану

  • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану

  • Пара алу

  • Қылмыстық жалғандық жасау

-  Балалар сыбайлас жемқорлықтың зардаптары қандай? (оқушылардың пікірін тыңдау)

3 – оқушы: Қоғамның бақытты болашағын тежейді. Елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді. Жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. 

- Сыбайлас жемқорлық үш бағытқа қарай жіктеледі. Қандай бағыттар? (оқушылардың пікірін тыңдау)

4 – оқушы: Саяси сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекетті басқару саласында орын алады. Мысалы: қылмыстық келісім (судья, лауазымды адамдар, полицийлер) парамен сатып алу, саясаткерлерді және саяси партиялардың бизнес мүмкіндіктерінен заңсыз сыйақы алу үшін жақтау жатады.

5 – оқушы: Экономикалық (корпоративтік) сыбайлас жемқорлық – биліктің (мемлекеттік) және бизнестің әрекеттсуі барысында пайда болады. Көбінесе бұл: параға сатып алу, алаяқтық, пара, пара беру, жалған құжаттарды қолдан жасау жатқызылады.

6 – оқушы: Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара әрекет жасау нәтижесінде туындайды. Айталық адамдардың лауазымды тұлғаларға, олардың туыстарын арналған сыйлықтар беру, қызмет көрсету жатқызылады.

Индира: Дұрыс айтасыңдар балалар. Олай болса, сыбайлас жемқорлық арқылы мәселелерді шешуден бас тартып, мемлекеттің заңдарын сақтап, пара беруге және қабылдаудан бас тарта отырып, сыбайлас жемқорлық орын алған жайт жайында хабарлама жасау арқылы біз елдегі жемқорлық деңгейінің азайюына «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Айнұр: Ал балалар, ендігі кезекті «Викториналық сұрақтар» кезеңіне берейік.

Викториналық сұрақтар:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл

  2. Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактілері бойынша сенім телефоны? 1424

  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы)

  4. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)

  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)

  6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)

  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?  (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)

  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)

  9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”   заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)

  10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

Индира: Ал, ендігі кезекті топтық жұмысқа берейік. Алдарыңызда постер бар. Постерге «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында постер қорғаймыз. (5 минут)

«Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері, бүгінгі сабақ барысында сыбайлас жемқорлық жайында тың декертермен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетімізді қалыптастыру мақсатындағы жаңа құнды ақпараттармен бөлісіп, өз ойларынды білдірдіңдер. Жарайсыңдар!

Қорытынды: Кері байланыс

Айнұр: Бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында алдарыңызда стикер бар. Сол стикерге Не білдім? Нені үйрендім? Бойынша өз ойларыңызды жазамыз.

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .














Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп – интернатында 2018 жылдың 5 желтоқсан күні «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес 11 – сыныптар арасында өткізілген «Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбындағы пікіралысудың

ХАТТАМАСЫ

Қатысқаны-20


Күн тәртібінде:

1. «Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбындағы пікіралысудың әдістемелік қаралуы.


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Жиенбаева Айнұр сөз алып, оқушыларды тәрбие сағатының тақырыбы, жоспары бойынша таныстырып өтті. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде тәрбие сағатының пікіралысу формасында өткізілетінін оқушыларға таныстырып өтті. Сонымен қатар, оқушыларды сабақтың мақсат-міндеттері және атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, оқушыларды қоғамымызды алаңдатып отырған жемқорлық және оның келеңсіз көріністері туралы пікіралысуға шақырды.

Тәрбие сағаты кең ауқымда, оқушыларға түсінікті, көріністермен қызықты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнесюжеттері көрсетіліп, оқушылардың өзіндік пікірлері қалыптасып, алған әсерлері бойынша ой бөлісті. Күнделікті теледидардан көрген сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіз іс-әрекеттер жайлы айтылды. Өздері осындай келеңсіз оқиғаға куәгер немесе хабардар болған жағдайда сенім телефонына хабарласу ескертілді.

Сабақ барысында айтылған ой-пікірлерді қорытындылау мақсатында тәрбиеші Жиенбаева Айнұр сөз алып, оқушылармен кері байланыс жасады. Сыбайлас жемқорлық деген ұғымды оқушылар түсініп, пайда болу  жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастырды. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтіп, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытты.





ХАТШЫ: А.ҚЫПШАҚБАЕВА





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!