Сыбайлас жемқорлық: құбылыс па немесе норма ма?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыбайлас жемқорлық: құбылыс па немесе норма ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық туралы дайын мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлық: құбылыс па немесе норма ма?

Демократиялық және әділетті қоғамның ең басты жауы – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі латынның «corruptio» деген сөзінен алынған. Оның мағынасын ашып қарасақ «параға сатып алу», «пара» дегенді білдіреді.

Жемқорлық бюрократизммен қатар мемлекет саясатын және мемлекеттік заң шығару базасының жұмысын деформациялайды. Әкімшілік органдарының ұйымшылдық әрекетінің төмен сапада болуы, ол жерде қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық микроклимат, жұмыс істеу стилі,айнала сыбайластық және т.б – мұның барлығы тек қана жемқорлықтың одан әрі дамуына жол ашады. Сыбайлас жемқорлықтың экономика мен әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына кері әсер етеді, бірінші кезекте мемлекетттік органдардың саясатын және басқаруын жегідей жейді. Мемлекеттік және муниципальдық басқару органдарының сыбайласуы салдарынан азаматтар ақысыз қызметтер беру аясынан ығыстырылады және оларға әкімшілік қызметтер ақылы болып қалады. Жемқорлық қылмыскерлерге заңды жауапкершіліктен аттап өтуге мүмкіндік туғызады. Бұл – жазасыздықты тудырады,ал ол болса сот жүйесі мен құқық қорғау органдары абыройының түсуіне себептеседі және мемлекеттік билікті қоғам алдында төмендетеді. Бұның бәрі нәтижесінде қауіпті құбылысқа – құқықтық көзқамандыққа (нигилизмге) әкеледі. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше әлеуметтік-қауіпті формаларының бірі – пара алу әртүрлі факторлардың (объективті және субъективті сипатта да) туындауына әкеледі. Қазіргі кезде жемқорлық мүлдем кездеспейтін мемлекеттердің жоқ екені белгілі. Бірақ бірқатар индустриалды дамыған шетел мемлекеттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпалды қарсылық жүйесі құрылған және қоғамда бұл қауіпті әлеуметтік құбылысқа төзбеушілік қалыптастырылған.

Біздің еліміздегі зерттеулерге қарағанда, жемқорлық бұқаралық құбылыс ретінде мемлекет пен басқару жүйесінде әлі де міндетті қоғамдық айыптаушылық алған жоқ. Кәсіпкерлер, кәсіпорын иелері, яғни бизнес-қауымдастықтың өкілдері, арасында бизнеске қатысы жоқ азаматтар да, билік органдары мен басқарушылардың арасындағы жемқорлыққа төзімді қарайды, одан қалса, көбісі туындаған мәселелерді пара беру арқылы шешу тиімді деп ойлайды. Ал билік пен басқарушы органдардың жекелеген қызметкерлері , өз кезегінде пара алуды өзінің еңбегіне қосымша жалақы ретінде қарайды. Неге адамдарда мұндай психологиялық көзқарас қалыптасқан? Яғни, ақшамен барлығы бұл өмірде келе бермейді ғой. Бірақ қазіргі заманда, кішкентай сәбиді де парамен сатып алуға болады. Ең бастысы танысың мен ақшаң болуың керек. Біздің қазақ халқымыз айтқандай: «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң - талтаңда!». Сыбайлас жемқорлықтың нормаға айналуына - адамдардың өздері кінәлі деп ойлаймын. Бұл рухани азғындаудың белгісі. Мұхтар Шахановтың «Жаңа қазақ» өлеңінде де бұл мәселе айтылады:

«...Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.»

Жемқорлық - адам пайда болғаннан бастап туындаған індет. XIX ғасыр ақыны,діни қайраткері Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» өлеңінде:

«..Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей»-деп өз заманының қиыншылықтарын толғайды. Көріп отырғанымыздай, пара беру - әрбір заманның күрделі мәселесі. Ұлттық қауіпсіздік пен ел экономикасының дамуына қауіптілік тудыратын, құқыққа қайшы қалыптасқан жағдай мәңгі созылуы мүмкін емес. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы сыбайлас жемқорлық мәселелерін қатаң түрде шешіліп, қаралуына кірісті. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде.  «Қазақстан–2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет.  Осыған орай, мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Менің ойымша, осы ұсынып отырған шаралар, жемқорлыққа қарсы тиімді қолданылады:

1. Мемлекеттік билік пен басқарушы органдар қызметкерлерінің жұмыс аясындағы әкімшілік регламентті жүйелі түрде қолдану.

2. Құқықтардың, міндеттердің және әкімшілік билік органдарының заңды жауапкершілік ережелерін оңтайлы түрде анықтау.

3.Әкімшілік шешімдерін айқын рәсімдер арқылы қабылдауды енгізу.

4. Құқықтық актілерді талдау тәсілін сыбайлас жемқорлықты анықтағанда қолдану.

5.Азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке әкелетін теріс жақтарын кең және көлемді түрде түсіндіру.

Осылайша, Қазақстан Республикасы мемлекет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық механизмінде нормативтік, ұйымдастырушылдық және ақпараттық әлеуетін жүзеге асыру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық амал-тәсілдерді кешенді түрде қолдану арқылы ғана біз оң нәтижелерге келе аламыз және де сыбайлас жемқорлықты минимум деңгейге жеткіземіз.Ал ең басты жеңіс-бұл адамдардың ақшаға рухани тәуелділігін жойған кезде болады. Сонда ғана, қоғам бұл індеттен біржола да айырылады.













































2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі