400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Жаңа форматта видео немесе көрініс қоюға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қойылым атауы: «Ұрлық түбі - қорлық»



Кейіпкерлер:

  • Дәрігер Сағыныш – тәжірибелі, бірақ жемқор дәрігер.

  • Карима – қабылдау бөліміндегі қыз, дәрігермен сыбайлас.

  • Алихан – көпбалалы әке, қиын жағдайда қалған адам.

  • Саяжан – оның жұбайы, бала күтімінде.

  • Полиция Ақжол – жас полиция қызметкері, дәрігердің ұлы.

  • Бала – ауыр дертке шалдыққан, ессіз күйде.



Сахна 1. Аурухананың қабылдау бөлімі.



(Сахнада қабылдау орны. Карима компьютермен жұмыс жасап отыр. Алихан мен Саяжан кіреді. Қолдарында медициналық құжаттар.)

Алихан:

Сәлеметсіз бе, қызым. Бізді дәрігер Сағынышқа жіберген еді, баламыз ауырып тұр.

Карима (суық дауысымен):

Құжаттарыңызды беріңіздер… (қарап шығып) Иә, дәрігер бос. Кіре беріңіздер.

(Олар дәрігердің кабинетіне кіреді. Сағыныш үстел басында отыр.)

Дәрігер Сағыныш:

Сәлеметсіздер ме? Баланы жатқыза беріңіздер.

Балаға кішігірім тексеру жүргізеді.

Иә, жағдайы мәз емес екен. Қане, құжаттарын беріңіздер.

Дәрігер Сағыныш (баланың диагнозын оқып шығып):

Мхм, түсінікті. Жағдай қиын екен. Ота жасауға болады. Бірақ… қымбатқа түседі.

Алихан (мазасызданып):

Қанша?



Дәрігер Сағыныш (қағазға қарап, өтірік есептеп, Кариманы шақырады):

Карима, барлығын қарап шығып, есептеп берші.

Карима (есептегендей болып):

2 миллион теңге. Оған құрал-жабдық, дәрі-дәрмек… бәрі кіреді.

Саяжан (үрейленіп):

Біз ондай ақшаны қайдан табамыз?..

Дәрігер Сағыныш:

Бала өмірі ақшаға қарамайды. Таңдау өздеріңде. Ақшаны тезірек таппасаңдар, кеш болуы мүмкін…

(Жанұя үнсіз. Бастарын салбыратып шығып кетеді.)

Сахна 2. Үйде, кешкі уақыт.

(Үстелде бос ыдыстар. Алихан терезенің алдында ойланып отыр. Саяжан баласын құшақтап, жылайды.)

Саяжан (жылап):

Не істейміз енді?! Құдай үшін, Алихан! Бірдеңе қылшы! Бала өледі ғой…

Алихан (шарасыз үнмен):

Қайдан табамын 2 миллионды? Қарызға баттым. Жұмыс жоқ. Қолымнан ештеңе келмей тұр.

Саяжан (ашуға булығып):

Сонда қарап отыра береміз бе?! Ұрла! Қарызға кір! Қайыр сұра! Бірақ бірдеңе істе!

Балаңның жас өмірін аямайсың ба?!

Алихан (жерге қарап):

Қылмыс жасағым келмейді… Бірақ балам үшін… бәлкім…

аяжан көз жасын сүртеді. Алихан үнсіз ойланады. Қараңғы түсе бастайды.)

Сахна 3. Дүкен. Түнгі уақыт.

лихан қараңғы дүкенге кіреді. Қолында қолғап пен қап бар. Ешкім жоқ. Сөрелерден ақшаны іздеп жатыр. Осы сәтте полиция қызметкері Алихан кіріп келеді.)

Ақжол:

Тоқта! Қолыңды көтер! Не істеп жүрсің мұнда?

Алихан (үрейленіп):

Жоқ, кедергі жасама. Мен… мен бала үшін… басқа жол қалмады…

Ақжол (жақындай түсіп):

Ұрлықтың ақталуы болмайды. Жүр бөлімшеге!

Алихан (дауыс көтеріп):

Тоқта! Балам өліп жатыр! Ақша қажет! Сен түсінбейсің!

(Осы сәтте қашып бара жатып, итеріп жібереді. Ақжол құлап, басын жарақаттайды. Алихан шошып қалады, бірақ ақшаны алып, қашып кетеді.)

Shape1

Сахна 4. Аурухана.

(Дәрігер Сағыныш жұмыс орнында. Көмекшісі кабинетке жүгіріп кіреді.

Карима:

Сағыныш мырза! Сіздің ұлыңыз, Ақжол… жарақат алып түсті!

ағыныш орнынан атып тұрып, жүгіріп шығады. Палатада Ақжол ес-түссіз жатыр.)

Дәрігер Сағыныш:

Не болды оған?! Қалай жарақат алды?

Карима:

Ұрлық жасап жатқан адаммен қақтығысқан… Қазір есін жиды.

қжол көзі жартылай ашық. Әкесі қасына отырады.)

Ақжол:

Әке… мен оны тоқтатпақшы болдым… Бірақ оның көзінен шарасыздық байқадым… «Балам үшін… баламның емі үшін… 2 млн…» деді…

Сағыныш (сілейіп қалады):

Баланың емі?.. 2 млн?.. Сол ма?.. Балам, кешірші. Бәріне мен кінәлімін. Мен ота ақшасын көбейтіп айттым. Ақшалары жетпесе де, бала үшін тауып береді деп. Мәселе бұлай ушығады, саған кесірі тиеді деп ойламадым. Кешірші әкеңді (жылайды)

Shape2

Сахна 5. Соңы. Жарықпен бөлінген аурухана бөлмесі.

лихан мен Саяжан аурухананың дәлізінде. Сол кезде палатада жатқан полицияны көреді де, не істерін білмейді. Сағыныш келеді. Қолында құжаттар.)

Дәрігер Сағыныш (төмен қарап):

Мен сіздерден кешірім сұраймын… Менің ашкөздігім, қателігім осынша қайғыға алып келді. Ұлым соның арқасында өлім аузынан қалды.

Алихан: Жоқ, оған мен кінәлімін. Маған кешірім жоқ. Жазамды өтеуге дайынмын. Тек баламның өмірін сақтап қалыңызшы.

Дәрігер Сағыныш (құжаттарды жыртып):

Керегі жоқ. Бұл отаны мен өз есебімнен жасаймын. Тіпті кешігіп те тұрған шығармын… Бірақ енді бұл балаға көмектесу – менің парызым.

Алихан (көзіне жас алып):

Рахмет… Бұл жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаспыз

Дәрігер Сағыныш (сыбырлап):

Тек бір өтініш… мен осы жайттан сабақ алдым. Енді жемқорлыққа бармаймын. Сіздер де уәде беріңіздер. Тек адал жолмен жүріңіздер.

Алихан мен Саяжан алғыстарын жаудырады.

(Жанұя қол ұстасып тұрып, көрініс аяқталады)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.04.2025
174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі