Материалдар / "Суды жақсы көретіндер" ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Суды жақсы көретіндер" ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер" Ересек топтарға арналған Су асты мекендеушілер мен қосмекенділер туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеумет»

Бөлім:  Жаратылыстану

Тақырыбы:Суды жақсы көретіндер

Мақсаты: 1. Су туралы түсініктерін қалыптастыру,.құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажырата білуге үйрету.

2.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.

 Әдіс-тәсілдері: Көрсету,баяндау,диалог,АКТ-ны қолдану

 Қолданылатын көрнекі кұралдар:балық,түлкі,аю,қоян суреттері 

Билингвальды компонент: Балық-рыба,су-вода,түлкі—лиса,үйрек-утка,қоян-заяц

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Үлкендерді құрметтеп, Бас иеміз біз! Топқа бөлу:

Балалар шаттық шеңберін жасап,қонақтармен амандасады Балалар суреттер арқылы топқа бөлінеді

Ұйымдастырушылық-ізденушілік


1.Білімді өзектендіру. *Балалар,мен сендерге жұмбақтар жасырамын. (Педогог жұмбақ жасырады,слайдтар көрсетеді,осы жануарлар туралы әңгімелейді) Қанатты бар-ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды -Дұрыс айтасыңдар,бұл балық.Балық суда тіршілік етеді.Ол желбезектерімен тыныс алады Өзі ширақ,өзі қу, Жүрген жері айғай-шу -Түлкі құрлықта,яғни орман-тоғайда,далалы жерлерде тіршілік етеді.Түлкінің тіршілігіне де су өте қажет.

Шелектеп құйсаң да су жұқпас.

-Үйрек-үй құсы.Жабайы үйректер де болады.Ол-су құстары.Суда жүзеді

-Ендеше балалар, су әлеміне саяхатқа шығайықшы. Бәріміз көңілді автобусқа мініп, саяхатқа аттанамыз Суреттер бейнеленген билеттер арқылы автобусқа мінгізу.(музыка қойылып, балалар ән айтып, саяхатқа шығады). 
-Міне, балалар келдік. 
-Мынау судың ішінде жүрген қандай жануарлар? 
-Дұрыс айтасыңдар, балық, қолтырауын, үйрек. 
-Ал мына құрлықта жүрген қандай жануарлар? 
-Жарайсыңдар, яғни бұл жануарлар құрлықта мекендейді екен. 
Аю,түлкі,қоянға жеке-жеке тоқталу Балалар, сендер өте алғыр екенсіңдер, біз суда мекендейтін жануарлар жайлы көп мағлұмат алдық, енді өз тобымызға қайтайық. Автобусымыз да келіп қалыпты. 
Топтық жұмыс өткізіледі.

1-топ Суреттер арасынан суда жүретін жануарларды постерге жапсыру

2-топ Суреттер арасынан құрлықта мекендейтін жануарларды постерге жапсыру Сергіту сәті:(экраннан көрсету)



Балалар жұмбақтарды шешеді.





-Балық











-Түлкі









-Үйрек





Балалар саяхатқа шығатындарына қуанып,автобусқа мінеді.





Балық,үйрек,қолтырауын





Аю,түлкі,қоян





Жануарлардың жүріс-тұрысын салады.







Балалар топпен тапсырмаларды орындайды



Балалар музыка әуенімен сергіту сәтін жасайды



Рефлекстік-түзету



Диалог әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерді қорытындылайды.

Балалар сендерге сабақ ұнадыма?Ұнаса смайликтер арқылы көрсетеміз



Сұрақтарға жауап береді.Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.Көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді



Күтілетін нәтиже

Орындайды: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға арналған тапсырманы

Түсінеді: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың аттары,олардың қоректері,яғни жалпы тіршілігі туралы мәліметті.

Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу,яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!