|
Сабақ басы
|
Топтық
талқылау:
- Оқушыларға сұрақ
қою:
- "Сіздер су, тамақ немесе
энергияны үнемдеу дегенді қалай түсінесіздер?"
- "Бұл ресурстарды үнемдейтін
немесе ысырап қылатын жағдайларды күнделікті өмірде көрдіңіздер
ме?"
Үнемдеу
– қолда бар ресурстарды артық шығынсыз,
тиімді және саналы түрде пайдалану. Бұл әрекет қорларды сақтау,
шығынды азайту және оларды ұзақ мерзімге жеткізу мақсатында жүзеге
асырылады.
Үнемдеу – экологиялық және экономикалық
жауапкершіліктің белгісі.
|


|
|
Сабақтың
ортасы
|
Суды үнемдеудің тиімді
тәсілдері:
1. Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі
крандардың ақаусыздығы болып
табылады.
2. Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық
қалдырмау.
3. Кір жуу машинасын мүмкіндігінше оны толық
жүктеп, суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып
пайдалану.
4. Көкөністер мен жемістерді кран жабық күйде
раковинаны сумен толтырып жуу.
Тамақты үнемдеудің тиімді
тәсілдері:
-
Дұрыс
жоспарлау:
Тамақты дайындамас бұрын,
қанша адамға және қандай мөлшерде тамақ қажет екенін
анықтау.
Жоспарлы түрде азық-түлік сатып алу (аптаға
немесе бірнеше күнге жететіндей тізім
жасау).
-
Азық-түлікті сақтау мерзіміне назар
аудару.
3. Тоңазытқыштағы және мұздатқыштағы
тағамдарды дұрыс сақтау.
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді
тәсілдері:
1. Күнделікті үйде өз есептеу құралы арқылы
қай құралдар көп электр энергиясын жұмсайтынына талдау жасап, ол
тауардан бас тарту.
2. Егер үйде ескі электр желілері болса, тез
арада ауыстыру, бұл электр энергиясын үнемдеуге бірден-бір көмегін
тигізеді.
3. Ғимараттан, кабинеттен немесе бөлмеден
шыққанда жарықты өшіру.
4. Құралдарды тоқ көзінде уақытта
қалдырмау.
"Ресурсты
үнемдейміз!"
3 қатар плакатқа Су, Тамақ,
Энергия тақырыбы бойынша үнемдеудің тиімді жолдарын жазуға
плакаттар
беру.
Ресурстарды үнемдеу -
болашаққа жасалған маңызды қадам. Әрбір әрекетіміз жер шарын сақтау
үшін маңызды.
|



|
|
Қауіпсіздік
сағаты (10 минут)
|
Әртүрлі жарақат алғанда алғашқы медициналық
көмек көрсету.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен
органдарының зақымдануы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң
сыдырылуынан,сыртқы себептерден органдардың зақымдануынан және
көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы
мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның
жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын
дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет.
Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi көбiнесе апат болған
жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз
байланысты. Сыртқы жара ашық зақымдалу, кiлегейлi қабықша мен терi
жамылғысының тұтастығының бұзылуы, ал iшкi жара қан кетумен
сипатталады. Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына,
құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі
бар.
Жарақаттардың
түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша
жарақаттар 2-ге бөлінеді: ашық жарақат - жара, сынық, күйік,
буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің
созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы,
сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел
дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда
болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және
тұрақты әсерінен пайда болған
зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар.
Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес
жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған
жарақаттар.
Жергілікті белгілері: дененің зақымданған
бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің
бұзылуы.
Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы
көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі,
тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және
т.б.
«Алғашқы медициналық көмек көрсету. Қалай
алғашқы көмек беру керек?» тақырыбында бейнеролик
көрсету.
|
https://youtu.be/TbDnzhMRwh4
|