400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» бастауыш сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТКЕҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.



Күні:

25.11.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТКЕҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»

Мақсаттары:

Оқушыларға суды, тамақты және энергияны үнемді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру және оларды үнемділікке баулу. оқушыларды көшеде (фонтан жанында) өзін дұрыс ұстауға үйрету.

Құндылық:

Жасампаздық және жаңашылдық құндылығын декомпозициялау

Қауіпсіздік мақсаттары:

Оқушыларды фонтандар мен басқа да қауіпті нысандардан сақтану ережелерімен таныстыру.

Шығармашылық ойлау



Жаңа идеяларды тудыру қабілеті:

-проблемаларды шешудегі стандартты емес тәсіл;

-ассоциативті ойлау және заттар арасындағы жаңа байланыстарды көре білу қабілеті;

-тәуекелге және сәтсіздікке дайын болу.

Инновациялық ойлау

Проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін іздеу,

стандарттан тыс ойлау және әдеттегі әрекеттерінің шеңберінен шыға білу қабілеті,

ақпарат пен шабыттың жаңа көздерін іздеу,

өзгерістер мен жаңашылдыққа дайын болу.

4-апта дәйексөзі:


Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!


Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.

Мұғалім: «Балалар, бүгін біз өте маңызды тақырыпты талқылаймыз: күнделікті өмірде суды, тамақты және энергияны қалай дұрыс әрі үнемді тұтынуға болады. Бұның біздің табиғатқа, отбасы бюджетін үнемдеуге және болашаққа тигізер пайдасы зор.»

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Презентация

Жазба дәптері

Сабақтың ортасы

25 мин

Миға шабуыл: "Үнемдеу әрекеттерін жоспарлау"

Сұрақ: «Суды үнемдеудің қандай жолдарын білесіңдер?»

Маңызды ережелер:

    1. Тіс тазалағанда немесе сабынданғанда суды жабу.

    2. Артық су ағысын азайту.

    3. Суды қайта қолдану: гүлдерді көкөніс жуған сумен суару.

    4. Жөнделмеген краннан су ағуын болдырмау.

Сұрақ: «Үйде тамақты қалай үнемдеуге болады?»

Маңызды ережелер:

Тамақты тек қажет мөлшерде дайындау.

Артық тамақты тоңазытқышта сақтау.

Шығынды азайту үшін азық-түлікті алдын ала жоспарлап сатып алу.

Пайдалануға жарамды, бірақ «тез бұзылатын» тағамдарды бірінші кезекте тұтыну.

Сұрақ: «Энергияны қалай үнемдей аламыз?»

Маңызды ережелер:

    1. Қажетсіз жарықты сөндіру.

    2. Құрылғыларды пайдаланбай тұрғанда өшіріп қою.

    3. Энергия үнемдейтін шамдарды пайдалану.

    4. Табиғи жарықты мүмкіндігінше қолдану.


Оқушылар жеке жұмыс істейді. Әрқайсысы өз отбасы үшін үнемдеу бойынша жоспар құрастырады.
Мысалы:

  • Күніне 5 литр суды үнемдеу үшін кранды жабу.

  • Тамақты жоспарлап дайындау.

  • Құрылғыларды тек қажет болғанда қосу.



Жазба дәптері

Стикерлер

Тақырыптық суреттер

10 мин

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТКЕҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»

Сабақтың мақсаты: төтенше қызметі туралы білімдерін кеңейту және қажет болған жағдайда арнаулы қызметке шақыру әрекетін үйрету.

Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

- Бүгінгі сабақты тест сұрақтарынан бастаймыз.

Қызмет телефоны нөмірлерінің дұрыс ретін анықта: «Газ қызметі»,

«Жедел жәрдем», «Өрт қызметі», «Полиция»:

А) 104, 103, 101, 102,111 В) 104, 101, 103, 102,111

Б) 101, 103, 104,102, 111 Г) 104, 103, 102, 101,111

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Төтенше жағдай кезінде шұғыл қызметті қалай дұрыс шақыру керектігін, телефон болмаса көмектесе алатын адамды табуды, қиындық туған жағдайды өзін қалай ұстау керектігі туралы білеміз.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел

топтарымен байланыста. 111


6. Қорытынды. Рефлексия

Құтқару қызметтерінің нөмірлері жазылған карточкалар беріледі. Менің тапсырмама лайықты карточканы көтеріңіздер:

Өртен қорғау үшін сіздер осы нөмірге хабарласыңдар. Егер жағдайды шешуге полиция араласу керек болса ....

Егер жағдайды шешуге жедел жәрдем қызметі араласу керек болса .... Егер жағдайды шешуге авариялық газ қызметі араласу керек болса .... Егер жағдайды шешуге бірыңғай құтқару қызметі араласу керек болса ....


4. Негізгі бөлім.

Жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде, барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы басқа адамдарға да көмектес. Скрипт – бұл телефонмен сөйлесудің нақты скриптері, әрекет жоспары.

Қызмет нөміріне хабарласып, диспетчер сұрақтарына дұрыс және нақты жауап беру керек.

«Әрекет жоспарын құр. Скрипт» ойыны. Топтық жұмыс

- Диспетчерге берілетін жауап алгоритмін анықтап алыңыз жәнепікіріңізді дәлелдеңіз. (Балалар әрекет ету карталарын алып, оны ретімен орналастырады).

Әрекет ретін анықтаңыз:

1 Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру.

2 Болған жағдайды нақты айту.

3 Тиісті құтқару қызметінің нөмірін теру.

4 Өзіңнің тегіңді, атыңды, телефон нөміріңді айту.

5 Мекенжайыңды нақты айту.


5. Бекіту. Өзіндік жұмыс

- Көмекші сөздердіпайдаланып сөйлемді толықтыр.

1. Өз сақта.

2. Өз мен тәжірибеңді толықтыр.

3. Қателіктеріңнен шығар.

4. Зейініңді, және зеректігіңді дамыту керек.

5. орында және сақта. Тірек сөздер: қорытынды, қауіпсіздік, қауіпсіздік ережесі, байқағыштығың, білімі, нұсқаулық.

Презентация

Үлестірмелі материалдар

Жазба дәптерлері




Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5

Сабақтың соңы

5мин


«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Практикалық бақылау: "Менің үйдегі тұтынуым" (үй тапсырмасы)

Тапсырма:
Оқушыларға өз үйінде тұтыну көрсеткіштерін бақылауға арналған журнал беріңіз.
Журналға келесі бөлімдер енгізіледі:

  • Су тұтыну: Бір күнде қанша рет суды аштың, оны қалай пайдаландың?

  • Тамақ: Бір күнде тамақ қалдығы болды ма? Оны қалай азайтуға болар еді?

  • Энергия: Қандай құрылғыларды артық қосып қойдың немесе жарықты ұмытып сөндірдің бе?

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз









Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі