Судың химиялық және физикалық қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Судың химиялық және физикалық қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мақалам жас мұғалімдерге көмекші құрал боладыматериал деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Су сыры

Атырау қаласы,облыстық арнаулы мектеп-интернаты

Садихова Разила Абужановна,биология-химия пәні мұғалімі.


Табиғаттың тамаша туындыларының ең қарапайымы да, ең күрделісі де су.Миллиардтаған жылдар бойы ағып жатқан су мен тасты бұзып,жер бетінің бедерін өзгертіп,біздің планетамызды осы күнгі қалыпқа келтірген.Су мен тіршілік бірігіп,органикалық және бейорганикалық заттардың алуан түрін тудырды.Сондықтан біз су мен тіршілік үздіксіз байланыста болады дейміз.Бидай дәні су болмаса жылдар бойы жер қойнауында жата беретін еді.Бір тамаша су оған «жан» бітіріп,ол өсе бастайды.Тіршілік судан басталады.

Сусыз жер-өлі жер. Судың физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін білеміз бе? Су дегеніміз не? Ол оттек пен сутектің қосылысы,химиялық формуласы Н2О.Бірақ бұл формула табиғаттағы судың барлық құрамына сай келе бермейді.Оның себебі оттек пен сутектің әр түрлі табиғи изотоптарының болуында.Сутектің 3 изотопы бар,оның ең жеңілі және қарапайымы изотопы протий-1Н,ауыры дейтерий- 2Н,D әріпімен белгіленеді.Өте ауыр сутек изотопы тритий- 3Н,Т радиоактивті,оның жартылай ыдырау мерзімі шамамен 12 жыл.Табиғатта жеңіл изотоп-протий ең көп таралғаны,ал дейтерий протийге қарағанда 6700 еседей аз кездеседі.Жартылай ыдырау мерзімі аз болғанына қарамастан,аса ауыр сутек-тритий аз мөлшерде болса да табиғатта кездеседі Соған қарамастан,оны әр тамшы судан табуға болады.

Оттекте 3 изотоп: 16О, 17О, 18О бар.Тыныс алатын оттектің 600 атомының біреуі- 17О,бесеуі - 18О, қалғандары - 16О изотопы болып табылады.

Сутек пен оттектің осы изотоптарының барлығы өзара әрекеттесіп,су түзе алады.Осыған байланысты химия ғылымы судың 9 тұрақты түрі бар деп есептейді.Олар:Н2О16, Н2О17, Н2О18, НDO16, НDO17, НDO18, D2O16, D2O17, D2O18. Кәдімгі су-Н2О ең жеңіл су.Ол табиғатта едәуір көп таралған.Бірақ осы формулаға сай келетін таза су табиғатта кездеспейді.Кәдімгі судың құрамы үнемі өзгеріп тұрады,ол судың басқа түрімен қосылыс түрінде кездеседі.Тау суында дейтерий көл суына қарағанда едәуір аз. Су буында протий мөлшері артады,буды конденсациялау арқылы алынған су «таза» болады.Қыста өзендер мен көлдердің суы қатқанда мұздың изотоптық құрамы өзгеріп сала береді. Онда ауыр сутек мөлшері азайып,керісінше,ауыр оттек мөлшері артады.Сөйтіп, мұз бен еріген судың құрамының ерекшелігі анықталады.

Жасанды жолмен алынған,кәдімгі су Н2О дүние жүзіндегі бірнеше ірі лабораторияларда ғана бар. Сондықтан таза судың құны алтыннан да қымбат.

Ауыр суда таза күйінде сирек кездеседі.Таза ауыр суға деген қажеттілікте жоқ.Ауыр су деп құрамында дейтерий мөлшері көп суларды атайды. Мұндай су ғылыми мақсатта және ядролық техникада қолданылады.

Судың физикалық-химиялық қасиеттерімен танысып,бірқатар таңғажайып ерекшеліктерге тап боламыз. Суға тән қасиеттер басқа бірде-бір затта кездеспейді деуге болады.

Ең әуелі,судың қайнауы мен қатуын қарастырайық.Судың қайнауы мен қатуында ешқандай ерекшелік жоқ деп ойлауға болады. Су 1000С-та қайнап,00С-та қататыны белгілі.Бұл температуралар дүние жүзінде қабылданған және қолданылатын Цельсийдің температуралық шкаласының реперлік нүктесі болып табылады.Судың ерекшеліктерінің бірі-оның химиялық және физикалық қасиеттері өзіне ұқсас қосылыстардан-Н2S, Н2Se, Н2Те күрт ерекшеленеді.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы тұрғысынан бұл қосылыстардың температураларын салыстыра отырып,теория жүзінде судың қайнау температурасын табуға болады. Өйткені периодтық заң бойынша бір топ элементтері сутектік қосылыстарының қайнау температураларының өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынады.Осылай табылған судың қайнау температурасы+800С-қа тең,яғни су нөлден 800градус төмен температурада қайнауы қажет.Ал іс жүзінде су 1000С-та қайнайды.

Топ бойынша элемент қосылыстарының қату температурасының өзгеруіне сәйкес 00С-тан төмен температурада қатуы керек.Бірақ судың температурасы 00С-қа тең.Сонымен,судың қасиеті табиғат заңына қайшы келіп тұрғандай.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2020
731
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі