Тақырып бойынша 31 материал табылды

Суды,тамақты,энергияны үнемді тұтыну 4 сынып. сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСҚАҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

Суды,тамақты,энергияны үнемдеу

Күні

25.11.2024ж

Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Үнемдеу ұғымын оқушыларға үйрету және өмірде қолдануды үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Әділдік және жауапкершілік

Энергия үнемдеу мен тиімділікті арттыру ұлттық экономикамызды дамытады.Оқушылардың жеріміздің байлығын ұқыпты үнемдеу мәселесін қарастыру.

Апта дәйексөзі

Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!

Қауіпсіздік сабағы

«ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСҚАҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?»

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



















Сабақ басы (13 мин)


Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім оқушылармен амандасады.Сыныпты түгелдейді.

«Жақсы сөз-жарым ырыс»тренинг.

Мұғалім:

Әлбетте, энергия – біздің өмір сүруіміздің кепілі. Ал энергияға жауапкершілікпен қарау өз өмірімізге жауапкершілікпен қарағанмен бірдей. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назабаев: «Ең алдымен, біз жақында энергияны үнемдеу өмір салтына көшеміз. Сондықтан, компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары мен еліміздің барлық азаматтары осы тенденцияны ескеріп, энергияны  үнемдеу жолдарын ойластыру керек. Энергияны үнемдеудің  нәтижесі әлемдік деңгейде энергияның жұмсалуын төмендету мен  оның дамуы мен тұрақтылығына алып келеді», – деген болатын. Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз.

Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі.

1-тапсырма.


1. Үнемдеу сөзін қалай түсінесіз?

2. Үнемдеуді неден бастайсыз?

3. Үнемдеу сізге не береді?



Мұғалім: Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы. Өйткені сіріңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Егер осылай бір ай бойы жалғасса қанша судың шығын боларын ойлап көрдіңіз бе?! Қарапайым ереже ретінде душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайта аласыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасында мүмкіндігінше суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз. Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр. Бұл жағдайда тек қалтаңызды ғана емес, осы ысырап болып жатқан судың  обалын да ескеріңіз. Өйткені аталарымыз «судың да сұрауы бар» деп тегін айтпағаны ақиқат.


2-тапсырма.

Ведио ролик көру.

Сілтемелер:

https://youtu.be/yQLsRxdxQVQ

https://youtu.be/UxQu6z8x1qU?si=ZPWVwNIbzhX_Uu0u



Мұғалім:

Азық-түлікті үнемдеудің келесі қадамы базар, дүкен немесе супермаркетке барғанда мынадай қарапайым ережелерді ұстану: 

Қажет азық-түліктің тізімін жазып, сол тізім бойынша ғана сауда жасау. Яғни тізімде жоқ тауар жеңілдікпен тұрса да, оны алмауға дағдылану.

Азық-түлік алатын орынды дұрыс таңдау. Азық-түлікке кететін ақшаны үнемдеу үшін адамдар көбіне көтерме сауда орындарында сауда жасайды. Бірақ бұл әдістің кемшілігі көтерме сауда орындары көбіне қала сыртына жақын жерде немесе өнеркәсіптік аймақта орналасады. Егер сізде көлік болса, онда жету қиын емес. Ал егер көлігіңіз болмаса, бағасы тиімді супермаркетті таңдағаныңыз дұрыс.

Жақындармен бірігу. Кейбір көтерме сауда орталықтары тауарларды бөлшек саудада сатпайды. Ондай кезде тауарларды туыстармен, достармен бірігіп алған тиімді.

Қолма-қол ақшамен төлеу. Банк карталарымен төлеген кезде қанша ақша жұмсағаныңызды байқамай қалсаңыз, жоспарсыз сауда жасап қойсаңыз, дүкенге өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаның шектеулі мөлшерін алып шыққаныңыз дұрыс.

Сондай-ақ ең қымбат тауарлар сатып алушының көзінің деңгейіндегі сөреге қойылатынын және артық шығындардың шамамен 20%-і дүкенге қарыныңыз аш күйде барғаннан жасалатынын ескеріңіз.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтады.


Оқушылар берілген ребусты шешіп,бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.




1. Үнемдеу сөзі отбасымызда бала кезі­мізден қалыптасты. Атам мен әжем үнемі айтып отыратын. Нанның қиқымын теріп алып, нанды үнемдеуге үйретті. Сонан соң қара­пайым тұрмысқа қажетті заттарды ұқыпты пай­далану керектігін құлағымызға құйып отыратын.


2. Үнемдеу деген белгілі затты өз мөл­шерінде пайдаланып, ысырапшылдыққа әкел­меу деген сөз. Сондықтан, қазір жұмыс істеп, несібемізді тауып жүргендіктен барлығын да үнемдеуге тырысамын. Алдымда көп жос­пар бар. Сондықтан, босқа төгіп-шашпай, артылғанын жинауға дағдыланып келемін.


3. Үнемдеу алдағы жоспарымның жүзеге асуына мүмкіндік береді деген ойдамын. Ата-анама да көмектесіп, қолымнан келсе бауырларыма да қамқор болғым келеді.















Оқушылар ведио роликті көріп,пікірлерін ортаға салады.

Слайд



































Ортасы (20 мин)











3-тапсырма

Топтық мақал-мәтел жарысын ұйымдастырамын.

Судың да сұрауы бар.

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Сыйласқанның суын іш.

Сыйлап берсе суын іш.

Жылай - жылай арық қазсаң,
Күле - күле су ішерсің.

Жақсы - суы тәтті көлмен тең,
Жаман - желі қатты шөлмен тең.

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.



Оқушылар арасында топтық бағалау жүргезеді.





Нан бар жерде ән бар


Дәнді шашпа, нанды баспа.


Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.


Нан — асалы,
Ана — адамның асалы.


Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.


Ас атасы - нан.


Таңғы асты тастама.


Дастарқанның басында дұшпан да дос.


Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.




 Слайд

Дәптер

Қалам








4-тапсырма.

Мұғалім:

«Суды,тамақты,энергияны үнемдеу» тақырыбында эссе жазуға тапсырма береді





Оқушылар эссе жазып және оны оқып талдайды.

слайд

Қауіпсіздік сабағы

«ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСҚАҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?»

Сабақтың мақсаты: табиғат аясындағы демалыс кезінде тәртіп ережелерін талқылау, демалыс орындарында негізі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

- Балалар үшін ең тамаша уақыт – бұл каникул, ғажап кезең.

- Ол қандай жағдайлар? (балалар жауабы)

- Ендеше, бүгінгі сабақта біз табиғат аясындағы демалысқа дайындық туралы әңгіме жүргіземіз. Өмірімізді сақтау үшін не істеу керектігі туралы білеміз.

3. Білімді өзектендіру. Топтық жұмыс

(Карточкамен жұмыс).

- Табиғатқа аттану үшін мұқият дайындалуымыз керек. Ең бірінші түрде киетін киімдерді дайындау. Әр топ демалыс түрі бейнеленген карточка, иллюстрацияны алады да, дәл сол саяхат түріне арналған киімді таңдайды.

Негізгі бөлім

Демалыс кезінде туындайтын қауіп түрлері:

Ормандағы өрт.

Жәндіктердің шағып алуы, соның ішінде кенелер.

Жануарлардың тістеп, не шағып алуы, соның ішінде жылан шағуы. Ірі сүтқоректі жануарлардың болуы, мысалы, аю, бұлан.

Жабайы жануарлардың болуы.

- Егер сіз саяхатқа аттанар болсаңыз, міндетті түрде келесі ережелерді біліп алыңыз:

Саяхат кезінде нұсқаушының айтқанын тыңда. Онымен қасарысып, сөз таластырма.

Топтың алдына шығып ұзап кетпе, артында да қалып қойма.

Саяхат өзіне ие бола алмайтындарды, еркелікті көтермейді.

Егер сен бір нәрсеге ренжіп қалсаң, қашып кетуші болма, негізгі топтан қалып қойма.

Табиғатқа ұқыптылықпен қара, бостан-босқа сіріңке жақпа, қоқыс пен бөгде заттарды лақтырып кетпе.

Таныс емес жидектерді саңырауқұлақты, өсімдіктерді жеуші болма.

Қорытынды. Рефлексия

- Пікірдің мағнасын түсіндір: «Әр адам – табиғаттың бір бөлшегі». Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/fqSa28dI6KM?si=8dmlBrieThknfOah https://youtu.be/sKT-1ot7paY?si=_ssBtHSfgosm-VZN



Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14 https://www.youtube.com/watch?v=ylMqQnk_eq4&list=PLA5eCSY2FeoQLLoc

S-IEuEG9KjOrJzvPM&index=19


Соңы.

5-минут

Қорыта келгенде, энергияны үнемді пайдалану сіздің ішкі мәдениетіңіз бен санаңыздың биіктігін көрсететін қасиет. Сіз энергияны үнемдеу арқылы өз ақшаңызбен қатар ел экономикасының да артуына үлес қосасыз. Әрі өзіңіздің адамгершілігіңіз бен тиянақтылығыңызды әйгілейсіз. Кез келген дінде де ысырапшылдыққа жол беруге қарсы екенін жақсы білетін шығарсыз. Демек үнемшіл болу сараңдықтың емес, адамдықтың белгісі екенін ұмытпаңыз.




Кері байланыс.

«Пирамида»рефлекция

Оқушылар стикерге пікірін жазып,тақтаға жапсырады.









Слайд.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12